Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.31 Кб
Скачать
  1. Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.

Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы:

-онда тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді, сондықтан тауар қозғалысы бойынша операциясын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету сызбасы (схемасы) біршама қарапайым болып келеді.

Көтерме сауда кәсіпорында тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы мен бухгалтериясында жүреді.

Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелігі жоқ, тек қана құжаттау тәсілінде (ресімдеуінде) болуы мүмкін.

Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді. Сондықтан босатылған тауарды құаттайтын құжаты болып накладной саналады, бақылау – кассалық машина чектері емес.

Көтерме сауданың екі түрі бар:

-қоймадан (қоймалық айналым);

-транзиттік (транзиттік айналым).

Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықтаушымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алушыға жөнелтеді және одан өзі төлемін өндіріп алады.Транзиттік жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның қоймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорыны қатысуы да, қатыспауыда мүмкін. Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорыны өзі жабдықтаушылармен тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады.Ал екінші, яғни, көтерме кәсіпорыны қатыспаған жағдайда, көтерме кәсіпорыны тауарлы ең соңғы сатып алушыға жеткізіп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы жабдықтаушылардың және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді. Келіп түскен импорт тауарларын есепте көрсету кезінде олардың сатып алынған құнын дұрыс көрсетудің маңызы зор, өйткені онда контракт бойынша сатып алу бағасымен қоса, әкелінген тауарға баж салығы, комиссиондық марапаттау, транспорттық дайындау шығындары және басқа да шығындар кіреді.Экспортқа шығарылған тауарлардан түсетін түсімдердің толық және дер кезінде түсуін қадағалау мемлекеттің сыртқы сауда жүйесін қадағалап отыратын органдарға жүктеледі.

Билет 21

  1. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:

«Алынуға тиісті қарыздар» шоты;

«Алынған вексельдер» шоты;

«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары» шоты.

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық.

«Алынуға тиісті қарыздар» шотында жәнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабалдаған есептер құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымды (немесе қысқы мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептің кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептің кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепке келесі жазулар жазылады:

Сатып алушыларға және тапсырып берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу – төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1020 «Валюталық шотындағы нақты ақша», 1030 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1010 «Кассадағы нақты ақша» шоттары дебеттеледі де, «Алынуға тиісті қарыздар» шоты кредиттеледі.

Егер де алынуға тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оның айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрніс табады.

Айдың аяғындағы 1210 - шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген «босатылған) тауарлы – материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]