- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
Ұйымға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, бақа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі тағыда басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құпралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау - тапсыру актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіге мынандай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- объектінің аты;
- объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымының аты;
- салынып біткен құрлыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- құрлыстың салынып біткен уақыты;
- амортизациялық аударым;
- бастапқы құны;
- басқа да шарты белгілер;
Негізгі құралдарға толтырылаған қабылдау - тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тасырылуы тиіс.
Кәсіпорында негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ – 3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» немесе үлгілі түрі НҚ 4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісінің» тиістілері толтырады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынандай деректер көрсетіледі:
- ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты (күні, айы, жылы);
- пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы);
- объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны);
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы);
- көлік құралын есептен шығару уақыты, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;
- негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
- сондай - ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады;
Билет 20
Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалык) есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номеклатуралық номірі бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бүл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номеклатуралық номірі және есептеу бағасы корсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе койма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық корлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттык-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық кұндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бүл карточкада материалдардың қалдығы әрбір опирациядан кейін шығарылып отырылады.
Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық (талдамалық) есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі.
Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, оларадың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдармен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы- материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
