Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.31 Кб
Скачать
  1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.

Құрылыс материалдардың топтамалық есебін кәсіпорындар мен мекемелер 1310 «материалдар» бөлімшесінде жүргізіледі: 1311 «шикізат пен материалдар»; 1312 «жартылай фабрикаттар мен комплектарлық құралдар, құрылымдар мен бөлшектер»; 1313«жанар май»; 1314«тара мен таралық материалдар»; 1315 «қосалқы бөлшектер»; 1316 « басқа да материалдар»; 1317 «қайта өндеуге берілген материалдар»; 1318 «құрылыс материалдары»- қолданылмаған. Соңғы шот құрылыспен айналысатын өндірістік кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай кәсіпорындарда құрылыс басты жұмыс көзі болып табылмайды. 1316шот бойынша талдамалы есеп материалдың әрбір атауы бойынша есептік бағамен жүргізіледі. Құрылыс материалдары, конструкторы мен бөлшектері түскенде 1316 шоты дебеттеледі және 3310 шот кредиттеледі,оларға еңбекақы төлеу 3310 шоттың дебеті және 1030 шотының кредиті бойынша бейнелейді. Тапсырушыдан материалдар түсу кезінді, тапсырушы мен мердігер арасында материалдардың әкелінуі туралы арнайы келісім-шарт қажет емес.Бұл және басқа да іс-әрекеттері мен жеке міндеттері туралы жұмыстың басында келісім-шарт орнатылады. Келісім-шартта материалдардың саны, көлемі, түрі, бағасы және жеткізу уақыты көрсетілуі керек.Егер құндылықтардың қамтамасыз етілуі сату-сатып алу тәртібі бойынша жүргізілсе, тапсырушы мен жабдықтаушы құжаттары арасында ерекшеліктері болмайды. Мұндай жағдайда құрылыс мекемесі материалдардың төлемін келісім-шарттағы келісілген шарттар бойынша төлейді немесе тапсырушыға белгілі құжаттарды бере отырып, құрылыс-монтаждық материалдардың шығындары түрінде есепке алынады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте тапсырушы жабдықтаушының рөлін атқарады.

Билет 19

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.

Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық (талдамалық) есебі сандық жэне ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мүндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы (аналитикалық) есепті ұйымдастыру жүмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жүмысына есеп тіркелімдерінің өте үтымды жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жүмысының тэртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру дүмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін үйымдардың бухгалтерияларында материялдардың талдамалық (аналитикалық) сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, оларадың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдармен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы- материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгелдеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамға қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Тауарлы материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық номері, түрі, тобы, арктикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылады. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.Белгіленген тәртіптен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімі салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]