
- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
Қорлар қозғалысын құжаттау.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. жабдықтау бөлімінде келген құжаттар «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін журналға қол қояды. Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрдегі сенімхаты беріледі. сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхатты жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес тұрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі «кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) «талап ету жүк құжаты» бойынша босатылады.