
- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістік шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады.Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты табысты ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі - шаруашылық есеп, оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтық тұтастай және оның - бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылық қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі.Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды, шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең білуді талап етеді.
Билет 18