Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.31 Кб
Скачать

Билет №1

  1. Шаруашылық есеп және оның түрлері.

Шаруашылық есепті өндіру және материалдық құндылықты үлестіру қажеттілігінен пайда болады.Шаруашылық есептің біртұтас жүйесі 4 түрден тұрады:1.Жедел есеп,2.Статистикалық есеп,3.Салықтық есеп,4.Бухгалтерлік есеп.

1.Жедел есеп жеке шауруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен,оларды қадағалау және бақылау жүйесі болып табылады.Осы есептің мәліметін алу және пайдалану жеделдігі оның ерекше белгісі болып саналады.

2.Статистикалық есеп экономиканың түрлі аймақтағы жалпылама массалық мінезді алып жүретін құбылысты зерттейді.Статистика жедел және бухгалтерлік есептің мәліметін пайдаланады

3.Салықтық есеп салық бойынша салықтық базаны анықтау үшін ақпаратты жалпылау жүйесі.Ол толық және нақты ақпаратты келтіру үшін керек.

4.Бухгалтерлік есеп Кәсіпорынның шаруашылық әрекетін және оны басқаруды үздіксіз құжаттандыру арқылы бақылау жүйесі.Ол кәсіпорындағы операциялар және оқиғалар туралы ақпаратты жинау,тіркеу және жалпылау жүйесі. «ҚР Б.Е» Заңымен бекітілген.

  1. Негізгі құралдардың ағымдағы жалгерлігінің есебі.

Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайдаболады. Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады. Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн. Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды. Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар: 1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып бөлiнедi. Жай лизинг - жалдау шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға берушiге қайтарылуын көздейдi Қаржылық (қаржыландыpылатын)) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге несиелендірудiң нысаны.

2. Орташа мерзiмдi жал (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы. 3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет 2

  1. Автокөлік ұйымдарындағы қаржылық есептің ерекшеліктері.

  2. Негізгі құралдардың қаржыландырылған жалгерлігінің есебі.

"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін. Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқығымен бiршама дәрежеде байланысты болса және жалгерге табыс етiлген болса, сондай-ақ егер: Жалгер жалдан мүлiктi тiркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмiнiң соңында белгiленген бағасы бойыншa өтeмiн төлеп алуға құқылы болса. Жалдау мерзiмi жалданатын мүлiктiң ұтымды қызмет көрсету мерзiмiнiң 80%-iнен астам болса. Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтiң қалдық құны жалдаудың бас кезiндегi оның aғымдағы құнының 20%-нан кем болмаса. Жалдау ақсының жалдық барлық кезеңіндегi дисконтталатын құны жалданған мүлiктiң aғымдaғы құнының 90%-нан асатын болса. Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтi меншiктену құқы жалгерге берiлетiн немесе берiлмейтiн болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердiң бухгалтерлiк есебiнде жалданған мүлiк актив peтiндe, ал төленуге тиiстi жалдау ақысы мiндеттеме ретiнде ескерiледi. Жал мерзiмiнiң басында жалдау aқыcы жөнiндегi мiндеттемелер өткiзу бойынша немесе, егер ол өткiзу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы: қаржыландырғаны үшiн төлемнен (пайыз төлеу шығындарынан); мiндeттeмeнi кeмiтeтiн төлемнен (негiзгi мiндeттeмeнi өтеуден) тұpaды. Жал мерзiмiнiң соңында меншiктену құқы жалгерге өтeтiндiгiне онша сенiмдiлiк жоқ болса, eкi мерзiмнiң неғұрлым қыcқасының iшiнде мүлiкке амортизацияның барлық сомасы есептеледi: l-шiсi - жалдау кезеңi, 2-шici - ұтымды қаржыландырy мерзiмiнiң кезеңi.

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет №3

  1. Қаржылық есептің туристік компаниялардағы ерекшеліктері.

Туристік ресурстар- табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік-мәдени обьектілер сондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш жігерін нығайтуға ықпал етеін басқа обьектілер;

Туристік кәсіпорын - Туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұдға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі.

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы» Заң мен қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы сипаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет); ақпараттың сапалы сипаттамалары (түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырымдылық). Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.Шығындарды анықтау туризмде «туризм бірліктерін (келушілер) тікелей қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны» ретінде анықталатын тұтнудың анықтамасымен байланысты.Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды. Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады

  1. Материалдық емес активтердің есебі және оның тозуы.

Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу, тозу дәрежесніе қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді түрде бөлінеді.Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқынадалады. Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер: Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.

  1. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін

белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.

ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

Нарық белсенді деп саналады, егер:

  • нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

  • мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;

  • сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.

Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына байланысты мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

«Материалдық емес активтердің амортизациясы», «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша шығындар», «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоттарының дебеті. «Материалдық емес активтердің тозуы» шоттарының кредиті.

Билет 4

  1. Түгендеу, оның түрлері, жүргізу тәртібі және нәтижесін бейнелеу.

Түгендеу, оның түрлері, жүргізу тәртібі және нәтижесін бейнелеу

Түгендеу(inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.Түгендеу жүргізуге арнайы комиссия құрылады.Комиссия мүшелеріне міндетті түрде кәсіпорын басшысы,бас бухгалтер және материалдық жауапты тұлға кіреді.Түгендеу міндетті түрде жүргізілетін жағдайлар бар:

Мүлікті жалға беру, сатып алу, сату, меншік нысанын өзгерту (түрлендіру);

Жойылу (бөлу) балансын жасауға дейін субъектінің жойылуы (қайта құрылуы) және ҚР заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайлар;

Нормативтік құжаттармен белгіленген негізгі құралдарды, ТМҚ және басқа да құндылықтарды қайта бағалау;

Авария, өрт және басқа да табиғи апаттар, төтенше жағдайлар;

Құндылықтарды асыра пайдалану, ұрлау, зиян келтіру фактілерінің анықталуы;

Материалдарға жауапты тұлғалардың ауысуы (басшының талабы бойынша, бір немесе бірнеше мүшенің кетуіне байланысты);

Тауарлардың жеткіліксіздігі үшін сатып алушыдан кінарат-талап келіп түскенде (жабдықтаушының кінарат-талапты өтеуден бас тартуы);

Жылдық қаржылық есеп жасаған кезде.

Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.

Түгендеудің міндеттері:

Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау;

Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;

Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;

Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында анықтау;

Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б.

  1. Материалдық емес активтерді бағалау.

Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары мен бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі боынша анықталады. Материалдық емес активтер танылыған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланыстыбарлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасмалдау шығыны және т.б.Егерде материалдық емес активтер бартерлік(айырбас) негізінде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін немесе мемлекеттік субсидиясының есебінен алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет 5

  1. Сыртқы экономикалық қызмет есебі.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің түрлері тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) экспорттау – сатып алушының еліне жөнелту арқылы сату, импорттау – сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.Импорт (ағылшын тілінен import-әкелу) –елге шетелден шетелдік тауарлардың, капиталдардың, көрсетілген қызметтердің, технологиялардың, жұмыс күшінің т.б. әкелімі. Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

-кедендік баж салығы;

-кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;

-тауарда сақтауға алынатын кедендік алымдар;

-шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;

-ҚР кеден органына лицензия бергені үшін алынатын алым;

-кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын берегні үшін алым;

-алдын ала қабылданатын шешімдер үшін төлем.

  1. Негізгі құралдарды жөндеу есебі.

Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субъектілер) жөндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.

Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды объект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.

Күрделі жөндеуден еткен негізгі құралдарды қабыддап алу "Күрделі жөндеуден өткен, қайта ққрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі" бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдардың жөнделген объектісінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Жөндеудің аяқталуына қарай, жөндеуден қабылданған объектілердің карточкалары бұл бөлімнен картотеканың негізгі құралдар топтары бойынша тиісті бөлімдеріне ауыстырады

Негізгі кұралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі белшектері мен детальдары, құрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас бөлшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.

Ұйым негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек.Жөндеу жай және күрделі деп жіктеледі. Жөндеудің көбінесе ағымдағы түрі пайдаланылады.

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет 6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]