Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рысжанга сонгы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
191 Кб
Скачать

25 (Ож5). Адамның жүрек қызметінің өзгерістері және оларды реттеу әдістері арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

Үрдіс

реттеу әдістері

  1. Жатқан орыннан тез тұрып кеткен кезде жүректің жиі соғуы

  2. Ауыруды сезімін тудыратын тітіркендіргіш әсерінен жүрек жұмысының күшейуі немесе бәсеңдеуі

  3. Ацетилхолинді екпе ретінде жібергенде жүрек жұмысының бәсеңдеуі

  4. Бұлшықеттің жұмысы кезінде жүректің соғуының жиіленуі

  5. Қандағы калий мөлшерінің көбеюінен жүрекке күш түсуі

  6. Қандағы кальций тұздарының артқанда жүрек жұмысының күшеюі

  1. Жүйкелік

  2. Гуморальды

26 (Ож6). Табиғаттағы жануарлар жұптарымен олардың қарым -қатынас типтері арасындағы сәйкестікті көрсетіңдер:

Жануарлар жұптары

Қарым-қатынас Типі

  1. Гидра – дафния

  2. Сілеусін - ақ қоян

  3. Аскарида - адам

  4. Лашын - орманның сұртышқаны

  5. Тайга кенесі - тұяқты жануар

  6. Сиыр цепені - мүйізді ірі қара

1. Паразит - иесі

2. Жыртқыш - құрбан

(ОЖ7) тапсырмасында биологиялық үрдістердің, құбылыстардың, практикалық әрекеттердің ретін анықта

27 (Ож7) Жүрек циклы кезінде болатын жүректе болатын өзгерістер ретін көрсет:

1. Қарыншаның жиырылуы

2. Жүрекшенің жиырылуы

3. Жақтаулы қақпашалар ашылуы

4. Қанның қарыншаға келуі

5. Айшықты қақпақшалардың жабылуы

6. Жүрекшенің босаңсуы

7. Айшықты қақпақшалардың ашылуы

ОЖ8 тапсырмаға қысқаша еркін жауап беріңіз

28 (ОЖ8). Адамда қан аздықтың қандай себептері бар? Мүмкін болатын үш себебін көрсетіңдер.

Биология курсы бойынша 12 сынып оқушыларын қорытынды аттестациялауға арналған тест тапсырмалары

7 Нұсқа

1-20 тапсырмасында ұсынылған бес жауаптан бір дұрысын таңдаңыз

1. Тірі ағзалардың көптүрлілігін зерттейтін биологияның бөлімі:

  1. Палеонтология

  2. Экология

  3. Гистология

  4. Цитология

  5. Систематика

2. Жасушадағы энергияның әмбебап көзі:

  1. Глюкоза

  2. АТФ

  3. Аминқышқылдары

  4. Липидтер

  5. Нәруыздар

3. Жасушада2 n4cболып келетін генетикалық материалдар жиынтығы болады:

  1. Митоздың профазасында

  2. Митоздың анафазасында

  3. Митоздың телофазасында

  4. Мейоздың 1 телофазасында

  5. Интерфазаның синтетикалық кезеңінің алдында

4. Тостағанша тәрізді, екі қабаттан тұратын ұрық – бұл:

  1. Зигота

  2. Гаструла

  3. Морула

  4. Нейрула

  5. Бластула

5. Қошқылқызыл сабағы бар қызанақты бір - бірімен шағылыстырғанда қошқылқызыл сабақты 58 өсімдік және жасыл сабақты 21 өсімдік алынды. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

  1. ВВ және Вb

  2. Вb және Вb

  3. ВВ және bb

  4. Вb және bb

  5. bb және bb

6. Дауна синдромының фенотипті көрінуі:

  1. Әйел адамдарда шаштың түсуі, бедеулік, әтектік типтің дамуы

  2. Аминқышқылдары алмасуының бұзылуы

  3. Бойы мен, қол- аяқтарының ұзаруы

  4. Аузы жартылай ашық, қиғаш қысық көз, ақыл-естің кемдігі

  5. Бойы қысқа, қол –аяқтың ұзаруы

7. Мутацияның көпшілігі ұрпақтарының фенотиптерінде байқалмайды, себебі олар:

  1. Гендердің өзгерісіне байланысты емес

  2. Хромосомның өзгерісіне байланысты емес

  3. Доминантты сипатта болады

  4. Рецессивті сипатта болады

  5. Хромосом санының өзгерісіне байланысты емес

8. Ағашта паразитті тіршілік ететін саңырауқұлақтарға жатады:

  1. Қара күйе

  2. Мукор

  3. Діңқұлақ

  4. Қастауыш

  5. Қозықұйрық

9. Қосжарнақтылар тұқымдастарының класы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]