Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_beru_dep_k_1241_siporynny_1187__1257_tken_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.03 Кб
Скачать

2.5 Меншікті капитал есебі

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұйымдар шаруашылық қызметпен айналысу үшін оларда белгілі бір мөлшерде мүліктері болуы керек. Осы мүліктердің ақшалай өлшемдегі жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады. Ұйым құрылған кезде оның капиталы ҚР заңында қарастырылған мөлшерден кем болмауы керек және ол сол ұйымның құрылтайшыларының ақшалай, бағалы қағаздар, мүлік және мүліктік құқық, басқа да мүліктер түрінде, ұйымға қосқан үлестерден құралады. Ұйымның меншікті капиталы жұмыс істеу нәтижесінде алынған табыс есебінен және басқа да көздер есебінен өсіп отырады.

Ұйымның мүлкі, яғни меншікті капиталы айналымдағы және айналымнан тыс немесе негізгі активтер болып бөлінеді. Оның негізгі (айналымнан тыс) активтері негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Айналымнан тыс активтер ұйымның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер ұйымның жұмысында пайда табуға негізделеді, оларға ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, дебиторлық борыштар, тауар-материалдық қорлар және т.б. активтер жатады.

Ұйымның мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымындағы қаржыларының құнынан құралады. Оның меншікті капиталының негізгі көздері: жарғылық капитал; төленбеген капитал; сатып алынған меншікті үлес құралдары; эмиссиялық кіріс; резервтер; бөлінбеген пайда болып саналады.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңа құрылған кәсіпорынның қалыптастырған қаражаттарының сомасы. Ол акцияларды орналастырудың, сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, МЕА т.б. мұліктердіің және мүліктің құқықтардың есебінен құрылып, заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жарғылық капиталының мөлшері сол ұйымның жалпы жиналысында бекітіледі және тиісті мемлекеттік органда тіркеуден өтеді.

Ұйымның жарғылық капиталының есебі Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5 бөлімінде көрсетілген «Жарғылық капитал» бөлімшесіндегі а) артықшылықты акциялар, б) қарапайым акциялар және в) салымдар мен пайлар болып бөлінетін шоттарда жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысынң шешімі бойынша АҚ жарғылық капиталдың оның жалпы санын қарастыру мақсатында ақцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, бірақ заң актілерінде қарастырылған ең аз мөлшерден кем болмауы керек. Акцияны сатып алу, қайта бөлу немесе күшін жою директорлар кеңесінің шешімі бойынша жарғыда қарастырылған басқа себептермен жүзеге асырылады.

АҚ кредит берушілердің барлығына акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуды немесе тоқтатуды, сондай-ақ өздеріне келтірілген залалды жабуды талап етуге құқылы.

Қайтарып алынған капиталдың яғни меншікті үлес құралдарын сатып алу нәтижесінде меншікті капиталдың өзгерісі есебін өрнектейтін 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шоты қолданылады.

Резервтер қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен құрылтайшы құжаттарына сәйкес қалыптастырылады. АҚ резервтік капитал залалдарды жабуға, облигациясын жабуға, басқа ақша болмағанда акция сатып алуға жұмсалады. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану жарғы бойынша анықталады. Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.

Жалпы кез келген кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған (төленбеген, бөлінбеген) таза пайдасы (яғни барлық міндетті есептеулерден кейін қалған) капитал болып есептеледі. Олардың меншікті капиталының жалпы сомасы (активтерінің қосындысынан – міндеттемелерінің қосындысын) жарғылық капитал сомасынан кем болмау керек. Егер кем болса сол ұйым жұмысының тиімділігінің төмен екенін көрсетеді, бұл жағдайда жарғылық қор мөлшерін қайта қарастырады.

28