Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_beru_dep_k_1241_siporynny_1187__1257_tken_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.03 Кб
Скачать

2.2 Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Ұзақ мерзімді активтердің есебі.

Негізгі құралдар типтік шоттар жоспарының 2-бөлімінде ұзақ мерзімді активтердің құрамында 2400 бөлімше шоттарында есептеледі.  Негізгі құралдар - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарлыған өнімге есептелген амаортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады. Негізгі құралдар – қозғалмайтын мүлік, жер, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар , көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өсімдіктер, жануарлар жатады. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік - өндірісте қезмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Өндірістік емес- өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.  Негізгі құралдар меншік иелігіне қарай меншіктік және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.  Пайдалану барысына қарай жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған үш топқа бөлінеді.  Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келесілген құнымен бағаланады. Бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сатып алу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомаларынан, сатып алу барысында төленген салық сомаларынан және құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты шығындардың жиынтығынан тұрады. Баланстық құны – кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады. Ағымдағы құны – кәсіпорынның белгілі уақыттағы нарықтық бағасы болып табылады. Қалдық құны – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғанан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады. Келісілген құны – кез келген екі жақтың, басқаша айтсақ негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.  Неізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың есебін дұрыс жүргізу үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.  Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, үкімет орындарының беруі және тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ- 1 қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Актіде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты ;

  • объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;

  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

  • құрылыстың салынып біткен уақыты;

  • амортизациялық аударым мөлшері;

  • бастапқы құны;

  • басқа да шартты белгілері. Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары беріледі. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында келесі бухгалтерлік жазулар жазылады: Дт: Негізгі құралдар шоты Кт: Ақшалар шоты;

Еншілес серіктестіктерге қарыз шоты; Мердігерлермен есеп айырысу шоты; Үкімет органдарының субсидиялары шоты  аталатын шоттардың тиістілері. Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің тозуы. Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талабына сәйкес келмеуі. Негізгі құралдардың сапалық тозуының басты себебі- өндіріс салаларында ғылыми - техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белегілі бір дайын бұйымды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал- жабдықтардың , машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Сондықтан жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алу тиімді болады. Екінші себебі- ғылыми- техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуы.  Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Негізгі құралдардың ішінде келесі активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:

  • жерге;

  • кітапхана қорларына;

  • фильм қорларына;

  • архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

  • өнімді малдарға;

  • мұражайлық құндылықтарға. 

Сонымен бірге амортизациялық аударым келесі жағдайларда есептелмейді:

  • қайта құру, жаңартужәне техникалық қайта қорландыру

жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде;

  • негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған уақытта.

Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отыруы «амортизация» деп аталады. Амортизация латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағананы білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Мұны амортизациялық аударым деп атайды. Аморизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым арқылы қайтарылады.  Амортизациялық аударым мөлшері – негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы. Кәсіпорынға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортзациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады. Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу келесі әдістер бойынша жүргізіледі: 1) Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі; 2) Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі ( өндірістік әдіс); 3) Жылдамдатып есептен шығару әдістері. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субьектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңінднгі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Мысалы: станоктың бастапқы құны 2 000 000 теңге, қалдық құны 200 000 теңге. Станоктың пайдалану мерзімін 5 жыл деп алып, амортизациялық аударымды есептейміз  2 000 000 – 200 000 = 1 800 000 1 800 000 / 5 = 360 000  Бұдан үш жағдайды көруге болады:

  • негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 жыл бойы есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді;

  • жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп отырады;

  • негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады. Өндірістік әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Бұл әдісті қолдануда әр жылғы амортзациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің , яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында байланыс бар.  Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді актвитердің құрамында 2700-бөлімше шоттарында есептеледі.  Материалдық емес активтер – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді санаймыз. Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына келесілер жатады: лицензиялық келісімдер, бағдармалық жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқық, франчайзинг. Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.  Материалдық емес активтердің талдамалық есебі әрқайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Лицензиялық келісім – белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болыа табылады. Патент - жеке адамның немесе топтың , заңды тұлғаның ашқан , ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты өз пайдасына қолдануға рұқсат беру туралы құжат. Ұйымдастыру шығындары – кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер.  «Ноу-хау» - шаруашылық қызметі, яғни пайдалануы барысында субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айырықшы құқықтарды, жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми жаңалықтары.  Гудвилл немесе фирма бағасы материалдық емес активтер шотында есептеледі және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінше кәсіпорынды түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта пайда болады. Егерде сатылып алынған кәсіпорынның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда шыққан айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» болып есептеледі.  Мысалы: Барлық активтердің баланстық құны 90 миллион теңге тұратын кәсіпорын барлық активтерімен түгелдей 100 миллион теңгеге сатылып алынды делік. Бұл жағдайда 10 миллион теңге жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептеленеді. Егер керісінше болған жағдайда , яғни барлық активтерінің баланстық құны 100 миллион теңге тұратын кәсіпорын 90 миллион теңгеге сатылып алынса, онда 10 миллион теңге жағымсыз гудвилл болып саналып есептелінеді. Кәсіпорын материалдық емес активтерді кіріске алғанда: Дт: Материалдық емес активтер шоты Кт: Ақша қаражаты шоты Басқа да кірістер шоты  Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық құнына: Дт: Материалдық емес активтер бойынша шығындар шоты Кт: Материалдық емес активтер шоты Кәсіпорындағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкеуі қажет. Бұл материалдыұ емес активтеді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарына есептеудің қажеті болмайды және оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады. Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелінеді. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдаалну мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан аспауы тиіс.  Ай сайын есептелініп отырылатын амортизациялық аударым сомасына Дт: Тауарларды сату жөніндегі шығындар шоты Әкімшілік шығыстар шоты Кт: Материалдық емес активтердің амортизациясы шоты.

Міндеттемелер

Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер  ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды  қарастырамыз.Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек,ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді,жаңа іздестіру зерттеулерін  талап етеді./3,371/

Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі  экономикалық пайданың  кемуіне алып келеді.

Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның  қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа  міндеттемелер  ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің  қабылданған есеп саясаты  мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық  есеп-карточкалары ,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге  кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық  субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа  мерзімді  қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың  нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді  алу және  өтеумен байланысты  есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке лынады

Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады./3,371/

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

  • кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

  • міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

  • міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  2. Ағымдағы міндеттемелер

3010-3020«Қысқа мерзімді займдар»мен 4010-4020«Ұзақ мерзімді займдар»шотының аналитикалық есебі займ.Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік»кредиті сипатына жиі көрінеді.Баланста алынған қысқа мерзімді займдардың дұрыс бейнелеуін тексере келе,аудитор мынаны белгілеуі тиіс:

-займ қандай мақсатқа пайдаланылған,бұл мақсаттар кредит алу келісімшарттарындағы шарттарға сәйкес пе?

-шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасыздандыру құрамына немесе займ кепілдігіне енгенін;

-займды төлеу толықтығы мен өз уақыттылығы(банк көшірмелері бойынша)

-кредитке төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;

-қарыз субьектілерінің алыну заңдылығымен негізділігі,сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы;

-жинақтамалы және талдамалы есептің 3010«Қысқа мерзімді банк займдары»жазбасының №4журнал-ордер мен бухгалтерлік баланстағы жазбаларына сәйкестігі.

Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар мен айырысу жағдайында және есеп айырысу тәртібіне,тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндететмелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі.Аудитордыңсубьектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты-оның баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.Ол үшін оған баланстық мәліметтерде жазғандарды Бас кітаппен,журнал-ордермен,ведомостылармен және басқа да есептік регистрлермен салыстыру қажет.Бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді займдардың ағымдағы бөлімі»бабы келтірілген.Аудитор оны тексерген кезде ұзақ мерзімді кредит талдамалық есебінің мәліметтеріні бойынша зайымдарды төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін көрсетеді./2,361/