Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хдд шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

20 Билет

3) Оғызнама дастанының мифтік сипаты

Оғызнама – Оғыз қағанның ата тегін, өмір жолын,күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.негізгі 2 бөлімнен тұрады:оғыздың өсуі,билікке келуі;жорықтары мен соғыстары;

Алғашқы бөлім шығыстың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкес, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Оның мифтік көріністері: туғада анасының омырауынан бір-ақ рет еміп,б ірден шикі ет,тамақ сурауы. Тез тілі шығып, қырық күнде жүгіріп, ойнауға жарауы. Ол бөрі белді, бұлғын жауырында, аю кеуделі, өгіз санды болды.

Оғыз батырдың Көк тәңірге таынып отырған сәтінде аспаннан шұғылалы нұр-сәуле түсіп, ішінен сұлу қыздың жарқ етіп шыға келуі немесе көктен көгілдір нұр ішінен көк бөрінің шыға келіп, оғыз әскеріне жол бастауы сияқты көріністер мифтік сарында жазылған.

2) 1. Қорқыт ата кітабындағы аңыздардың тақырыптық-идеялық желісі

Қорқыт ата кітабындағы аңыздардың тақырыптық-идеялық желісі негізінен батырлыққа, ел қорғау ісіне, адалдыққа арналған. Мысалы бірінші жыр Дерсеханұлы – Боқаш туралы айтайық, мұнда бір перзентке зар болған Дерсехан жалғыздықтан, елден мысы басылып, десі қайтады. Ақыры әулйе-әнбилердің басына барып, жоқ-жітікке жәрдем беріп жүріп бір ұлды болады. Бұдан біз батырлар жырындағы оқиға сарынының ұқсастығын анық аңғарамыз. Ең соңында Боқаш айналасындағы жауыз күштер: Зұлымдық, жауыздық, екіжүзділікті жеңіп бақытқа кенеледі. Ал келесі Алып бамсы – жыры Өзіміз оқып жүрген Алпамыс батыр жырының дәл өзі деуге болады. Мұндағы тақырыптық-идея да ел қорғау жолындағы есіл ерлердің батырлығын мадақтау. Келесі жыр Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр-туралы. Бұл да батырлық тақырыбындағы жыр. Ең таңғаларлығы бұл жыр әлем әдебиетіндегі аңыздармен өте тығыз астасып жатыр. Өзіндік өзгеше тұстары да бар. Жыр соңында Бисат батыр Төбекөз дәуді өлтіріп , елін бақытқа кенелтеді. Тағы бір жырдың тақырыбына тоқталайық. Қазанбектің ауылын жау шапқаны туралы. Мұнда тақырыбы айтып тұрғандай, оғыздардың бас батыры Қазанбектің ауылын өзі аңда жүргенде жау шабады, ақыры ол тұнқынға түскен баласы мен жарын құтқарып, жауыздықты жеңіп бақытқа кенедеді. Жалпы қорыта айтқанда Қорқыт ата кітабындағы аңыздардың тақырыптық-идеялылығы батырлықты дәріптеу, ел қорғаған ер есімдерін, келешек ұрпаққа жеткізу. Қай заманда болмасын жақсылық пен адалдықтың үстем екенін көрсету екені анық байқалып тұрады.