Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хдд шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.07 Кб
Скачать

3)Аттила туралы дастандар

«Аттила» дастаны – Батыс ғұн империясының әміршісі, есімі әлемге әйгілі әскери қолбасшы, Қыпшақ даласының перзенті Еділ (Аттила) батырдың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи дерекетер мен аңыз – әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр.

Аттила -(400-405ж) есімінің түп – төркіні, түбірі Еділ(Волга) өзенінің атымен байланысты болып келетіні даусыз. Аттила өзі қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты, Еуропада бейбіт өмір орнатты. Дастанның сюжеттік желісі мен жекелеген фрагменттері ғана жеткен. Дәлірек айтсақ, дастанның сюжеттік желісі негізінде орта ғасырда қайта жазылған екі поэма сақталған. Олар: күні бүгінге дейін герман және Скандинавия халықтарының батырлық эпосы болып саналып келген «Нибелунга туралы жыр» және «Алып қолды Валтария» деп аталатын неміс тіліндегі поэмалар . бұларды оқи отырып екеуін де қыпшақтардың жазғанына шүбә келтірмейсіз. Өйткені мұнда авторлар қыпшақтардың әдет – ғұрпын, салт – санасын, ішкі жан дүниесін, психологиясын егжей- тегжейлі біліп жазған. Дастанның сюжетінде мына нәрсені аңғару қиын емес . мұнда барлық оқиғалар Аттила төңірегінде өрбиді. Басты қаһарманның ағайын – жұрты, дос – жараны, олардың өзара қатысы, қуанышы мен күйініші, жаулардың іс – әрекеттері дастанда жан – жақты баяндалады. Осындай үрбіс қазақ батырлық дастандарында да кеңінен қолданылады. «Атилла» дастаны – түркі халықтарының ежелгі ата – тегі саналатын ғұн тайпаларының еуропаны қоныстанған өмірін бейнелейтін ерлік жыры.

№12 билет

1) Мөде қаған туралы дастандар

Мөде – ғұндардың атақты билеушісі, патшасы, тәңірқұты. Әкесі Тұман б.з.б 206 ж қайтыс болғаннан соң патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндардың алтын дәуірі болып саналады. Осы Мөде ханның әдеби бейнесі бұл – «Оғыз – қаған» жырындағы Оғыз қаған. Оғыз – қаған жыры – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Осы жырдағы мөденің әдеби бейнесі Оғыз қағанға оралатын болсақ, оғыз қаған белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу қиын., яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі жатуы мүмкін. Оғыздың анасы – Ай – қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік отбасының қамқоршысы Ұмай – ана бейнесімен байланыстырады.

Зерттелуі: в. В. Радлов, г. Н. Потанин, пелльо, Березин, Лигети, немет, бичурин, Бартольд т.б. Нұсқалары: 2 нұсқасы бар. Олар: 1. ұйғыр әрпімен жазылып, париждің ұлттық кітапханасында сақталған. Оған ғылыми түсініктеме берген академик А. М. Щербак болды.ол дастанды транскрипцияланған мәтінін дайындады, оны орыс тіліне жолма – жол аударма жасады. 2. Араб әрпімен жазылған. Авторы – атақты тарихшы, әскербасы, Хиуаның ханы – Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1633).

2)Бабырдың ақындық шеберлігі

Захириддин Мұхаммед Бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге ғажайып өлең – жырлар жазып қалдырған лирик ақын. Ол 1843 ж әндіжан қаласында туған.

Бабыр – ең алдымен, ғасырлар бойы талай ұрпақ тамсанып оқыған тамаша лирикалық өлең – жырлардың авторы. Оны ұлы шайыр Әлішер науаи өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі санаған. Бабыр 14-15 жасында Гератта тұрып, ұстазына өлеңмен хат жазып, оның алғысын алған. Оның лирикасы негізінен сол кезде кең тараған жанрларда – ғазел, рубаят, тұйық, месневи, түрінде жазылған өлеңдер. Ол шын өмірден туындайтын табиғи сезімді, шын мәніндегі махаббатты, адам бойындағы асыл қасиеттенрді жырлайды. Оның өмірді мадақтап, халықты өнер – білімге шақырған өлеңдері көп. Ар – ождан тазалығына, әділдікке шақырады.

Бізге Бабырдың қолжазба түріндегі өлеңдер жинағының 2 нұсқасы мәлім. Бірі – қазір Парижде, екіншісі – Индияның мәжһүр Рампур кітапханасында сақтаулы. Профессор а. Самойлович осы екі нұсқа эәне «Бабыр – намедегі» өлеңдер негізінде 1917 ж петрорградта Бабыр өлеңдер жинағын бастырып шығарды.ол кезед көне түркі сына жазуына қатал тыйым салынған болса да, Бабыр хат жазғанда осы жазуды қолданған. Сол үшін бұл жазуды кезінде «Бабыр жазуы» н/се «бабыр хаты» деп атаған. Көңіл – күй лирикасындағы өлеңі: Сенімді дос таба алмадым, Боларлықтай тірегім. Жалғыз досым өмірдегі – Өмірдегі тірегім. Тағы бир өлеңі: әрқашан таза болсын ар – ожданың, жүрегің, Өзгелер де саған адал, әділ болар, білемін. Зорлық қылсаң өзгелерге – өзің жәбір көрерсің, қиянаттың құрбаны боп қорлықпенен өлерсің.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]