
- •1)Жүсіа Баласағұн. «Құтты Білік» дастаны
- •3)Дүрбек
- •1)Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма» дастаны
- •2)Кодекс куманикус
- •3)Аттила туралы дастандар
- •1) Мөде қаған туралы дастандар
- •2)Бабырдың ақындық шеберлігі
- •3)Ж. Баласағұн шығармасындағы гуманистік идеялар.
- •16 Билет
- •1) Сүйлемен Бақырғанидің әдеби мұралары
- •2) Қожа Ахмет Яссауи хикметтеріндегі діни таным.
- •17 Билет
- •2) Аттила тур әдеби жәдігерлер
- •19 Билет
- •1) Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди еңбегі
- •18 Билет
- •2) Қазақ эпосы және сақ-ғұн әдеби ескерткіші
- •1)) Көне түркі әдеби жазба ескерткіштерінің тілі
- •20 Билет
- •3) Оғызнама дастанының мифтік сипаты
№1 билет.
1.Сақ дәуіріндегі әдеби ескерткіштер. Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар- қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы бір інші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Сақтардың ерлік-тарихын, салт-санасын, дүниетанымынб ейнелейтін дастандардың көбі сақталмаған. Бізге тек олардың қысқаша мазмұны ғана жеткен. Сақтардың киелі жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекеттерінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен шығармалардың бірі – «Томирис» дастаны. Ол тарихи-қаһармандық дастан. «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмағанғтек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. «Алып Ер Тоңға»- түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәйкес өмірге келген қаһармандық жыр. «Шу»дастаны – қазіргі түркі тек тес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.
2.Сайф Сарайдың «Гүлстан» дастаны. Сайф Сараи Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. Оның бізге жеткен еңбегі «Гүлістан бит-түрки»(Түркі тіліндегі Гүлістан) д.а. Ақын бұл еңбегін Сырдария бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені жағасында жазып бітірген екен. Бұл өзі парся-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидың «Гүлістан» атты шығармасының еркін аудармасы.Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз айында «Гүлістанды »аударма жасап бітірген. 1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидың «Гүлістан» дастаны Голландиядан табылғандығы туралы шағын ғана хабар жарияланды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы професор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден університеті кітапханасы қорынан «Гүлістанның» фотокөшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды. Гүлстанға тұңғыш рет ғылыми піків айтқан А.Баттал-Таймас болды. Сайф Сараи өзі ұстаз тұтқан Сағди ақынның «Гүлістанын» аудару барысында шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтап қалуға рекет жасаған.сондықтан С.Сараи аударған «Гүлістан бит-турки»де сегіз тараудан тұрады. 1тарау-ел билеушілер туралы;2тарау- халық бұқарасы жайында;3тарау-қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде;4тарау+тілге сақ болудың пайдасы туралы;5тарау-жігіттік шақтың көріністері жайында;6тарау- кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы;7тарау- талім-тәрбиенің әсері жайында; 8 тарау – әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Мұның бәрі қисса-хикаят түрінде айтылады.
3. Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби мұрасы. Ол енциклопедист-ғалым, философ, математик, музика теоретигі, әдебиет зерттеушісі,ақын. Әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон,Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактат тар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл атқарды. Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. Оның әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор. Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны- мемлекет.Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келії, ідеал қала халқының моральдық бейнесі, бірігіп тіршілік ету керектігі, т.б.мәселелер жайында өз пікірін ортаға салады.
2-билет
1.Ғұндар –түркі халқының ата тегі. Ғұндар б.з.б. 3ғасырдың соңына қарай ғұндар мемл.н құрды. Бертін келе түркілер деп аталп кетті. Ғұндардың б.з.б.1мыңжылд.ңиөзінде төл жазуы,әдебиеті, мәдениеті болды. Ғұн тілін Штилф, Миллер, Васильевский, Радлов, Гумилев секілді ғалымдар зерттеді. Ғұндардың ең асыл қазынасы аңыз-әфсана, мақал-мәтел, лирикалық өлеңдер мен батырлық эпосы. Олар Геродот,Ктезий, Полиэн, Митиленскийдің еңбектері арқылы жетіп отыр.Ғұн қыпшақ және қазақ халқы арасындағы байланысты зертттеуші ғалым С.Өтенияз: Ғұндардың мұрагері-қазақ халқы . Олар :баланы бесікке бөлеуі, жылқының етін жеп қмызын ішуі . Киіз үйі мен арбасы,алаша тоқуы, ер-тұрмандары байырға қазақ халқын еске түсіреді дейді. Ғұндардардан қалған мұраларға: Оғыз қаған, Аттила,Көк бөрі,Ергенекон дастандарын жатқыза аламыз. Оғыз қаған жырын зерттеуге Түркия ғалымдары көп еңбек сіңірді. Банарлы,Атсыз,Көпрүлузаде,Аталай,Рифат секілді ғалымдардың зерттеулері мәлім. Қазақтан Дербісәлі,Жармұғамедұлы,Күмісбаев секілді ғалымдар. Оғыз қаған туралы тарихи шындықты Потанин, Немет, Лигети , Бартольд,Щербак, Кононов секілді ғалымдар жазған.Кейінірек жазылған екі нұсқасы бар. Бірі ұйғыр әрпімен жазылған,Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Екіншісі араб әрпімен жазылған,оның авторы әскери қоласшы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан. Жырды тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударған Щербак. Қолжазба 21парақ яғни 42бет. Әр бетте 9 жол.
Оғыз қаған дастаны ежелгі генеалогиялық дастан. Оғыз сөзі бір анадан сүт ішкен деген мағынаны береді. Оғыз қаған – Мөденің бейнесі. Мөде-атақты ғұн патшасы,тәңрқұты. Б.з.б 206ж таққа отырды. Мөденің кезі Хань әскерін жеңіп тынытқ орнаған кез. Жырда Оғыздың анасы-Ай қаған. Сюжеті:О.ң тууы,балалық шағы, Жігіт болуы,ерлік көрсету үшін аттануы, үйлену баяны,Ай,Күн,Жұлдыз,Тау,Көк,Теңіз деген балалариның тууы,О.ң қаған болуы, үлкен той жасауы,төрт тараптғы елдерге елші жіберуі,Урум қағанға қарсы аттануы,шүршітттермен соғысып жеңуі, Оғызды көк бөрі бастап таңғут,шағам жұрттарын жеңуі,жырауыҰлұқ Түріктің түс көруі, Оғыз бала-рн аңға жұмсауы,бала-ң алтын жай ж/е үш күміс оқ тауып алуы,Оғыздың құрылтай шақрип той беруі,балаларина жұртын бөліп беру баяны және өсиетімен аяқталады.
«Оғыз қаған» жыры XIII-XIV ғасырда хатқа түскен. Одан бұрын түскен болуы мүмкін деген пікірлер де бар. Біздің дәуірімізге жеткен 2 нұсқасы бар. Олар – ұйғыр, араб нұсқалары деп аталып жүр. «Түркімен шежіресінің» түпнұсқасы жетпей, жеті көшірме нұсқасы жеткен, солардың негізінде түрколог А.Н. Кононов бір ізге түсіре отырып орыс тіліне аударылып шығарылған. Зерттелуі XIX ғ .басталады. Диц неміс тіліне аударылған одан кейін В.В. Радлов жолма жол аударма жасап түсіндірмелерін жазады. Ұйғыр нұсқасы тарихи шежіреден қарағанда көркем шығармаға жақын. Бұл екі нұсқаден бөлек нұсқаларда бар, бірақ негізгі сипаты осы екі нұсқаға келеді. Бартольд Щербак, Ф.Р. ғалымы Фелльо сияқты ғалымдар қазақ сахарасында туылған шығарма деп есептейді.
2. Қожа Ахмет Йассауи - сопылық дүниетанымның нөгізін қәлаушылардың бірі, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ис-лам Қожа Ахмет Йассауи. Ол қазіргі Оңт Қаз-ндағы Сайрам қ-да өмірге келген. Ақынның туған жылы анық емес, 1166 ж қайтыс. Әкесі Шейх Ибрахим - түркі тектес тайпалардан шыққан дін қайраткері болған. анасы Айша (қазақтар оны Қарашаш-ана деген) - Мұса деген атақты шейхтың қызы болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан, оған ислам дінінен алғаш сабақ берген ұстазы - Бахаул-дин Испиджаби деген ғұлама болған. ақын жас кезінде Түркістан қаласына келіп тұрған. Мұнда келіп Ахмет Йассауи атақты Арыстан Баб және Жүсіп Хамадани сияқты ғұламалардан дәріс алады. Бұлт уралы Ахмет Йассауи: Жетіде Арыстан Бабқа арнап келдім, Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым. Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім, Алаңсыз аллаға бет бұрдым міне, - дейді. Ақын өзінің есімін әлемге мәшһүр еткен «Диуани хикмат» («Ақыл кітабы»), «Миратул Қулуб» («Көңіл айнасы») және «Пақырнама» атты шығармаларын осы Йассы қаласында жазды.Ғұлама - ақынның Ибрахим атты ұл баласы және Гаухар Хошназ деген қызы болған
«Диуани хикмет» шығармасы Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады. Йассауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл белестер төрт өлшемнен тұрады, олар: шариғат, тариқат, маърифат және хақиқат. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут», «мәләкут», «лахут», «насут» деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады. «Жабарутты» түсіну адам үшін табиғатпен үйлесімділік табу керек. «Д х» 11 буынды не 12 буынды болып келеді.4 тармақтан 1 шұмақ құрайды. а-а-а-ә, б-б-б-ә ұйқасымен келіп отырады. Ақын өз кітабын Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған құран мен түрлі хадис, тефсирлерді жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» түркі тілдес халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. «Ақыл кітабы» Қазан (1887 және 1901 ж.), Стамбул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 жж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады. ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Йассауидің өзінікі. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылған. орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков, Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Йассауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті. Ахмет Йассауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рустамов, Н. М. Малаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты. Қожа Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабын» ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оған тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан түсінік берген қазақтың белгілі йассауитанушы ғалымы М. Жармұхамедұлы болды.
3 Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, авторы - қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Алеппода (Александрияда) болған қолжазбаның Наполеон экспедициясының Солтүстік Африкаға жорықтары кезінде әкетілген болуы әбден мүмкін. Ғалымдар XX ғасырда нақ осы қолжазбаны ғылыми айналымға енгізді және ол қазір де зерттелуде. Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» дастаны қыпшақ-оғыз аралас тілінде жазылған. Әзірбайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидың «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударған болса керек.. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды.Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» дастанының жалпы көлемі - 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыржолдары да бар. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады.Құтб аударған «Хұсрау-Шырын» поэмасын қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп, бұл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А. Ибатов болды.
Дастанның қысқаша мазмұны. Иран елінде бір қарт патша болыпты. Оның Хұсрау деген жалғыз ұлы бар екен. Хұсрау көп оқып, ержетіп, әдепті жігіт болыпты. Патша ұлының Шапур деген бір суретші досы бар екен. Бір күні ол Хұсрауға әділ патша Мехинбану және оның жиені сұлу Шырын жайында әңгіме айтып береді. Сонда Хұсрау Шырынға ғашық болып қалады. Досын қызбен сөйлесуге жібереді. Шапур алыстағы Армения еліне барып, Шырын серуендейтін бақтағы бір ағашқа Хұсраудың суретін іліп қояды. Жігіттің суретін көрген Шырын оған ғашық болып қалады. Ақыры Шапур бір күні Шырынмен оңаша сырласып, оған Хұсрауды мақтайды. Шырынға жігіттің жіберген жүзігін береді. Ақыры екі ғашық екі елдің шекарасында кездеседі.Бірақ нақ сол сәтте Хұсраудың әкесі қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Хұсрау дереу өз еліне аттанып кетуге мәжбүр болады. Алайда еліне келгенде дұшпандары оған қарсы шығып, әкесінің тағына отырғызбай қояды. Хұсрау амалсыздан тағы да қыздың еліне - Арменияға қайтады. Шырын қыз тойға асықпау керектігін, алдымен Иран тағына иеленіп алу қажеттігін айтып, Хұсрауға кеңес береді. Хұсрау жәрдем алу үшін Румға (Византия) барып, Рум патшасынан әскер алады, әрі оның қызы Мариямға үйленіп қайтады.Хұсрау әкесінің тағына отырған кезде Мехинбану дүниеден өтіп, патша тағына Шырын отырады. Шырын мемлекетті әділдікпен, білгірлікпен басқарады. Қалалар бұрынғыдан да гүлдене түседі. Елдің дәулеті артады.Патша Шырын сол кезде Фархад деген атақты ұста жігітті шақырып, шөл-далаларды суландыратын каналдар қаздырады. Сөйтіп жүргенде Фархад Шырынға ғашық болып қалады. Бұған қатты ашуланған Хұсрау қалайда Фархадты құртпақ болады.Хұсрау патша бір күні Фархадқа мынадай шарт қояды: - Ей, Фархад, сен сонау төбесі көк тіреген Бес отын тауын қақ жарып әскерім өтетін жол сал. Сонда ғана Шырын сұлу сенікі болады, - дейді. Фархад патшаның бұл шартын орындайды. Мұны көрген Хұсрау зәресі қалмай, Фархадқа бір жалмауыз кемпірді жіберіп, Шырын өлді деп хабар айтқызады.Бұған шыдай алмаған Фархад өзін-өзі өлтіреді. Бұл арада Мариям да қайтыс болады. Ал сол кезде Хұсрау дереу Шекер деген сұлуға үйленіп алады. Бірақ көп ұзамай Шекер дедүниеден өтеді. Сөйтіп, Хұсрау тағы да Шырынға барып, кешірім сұранады, әлі де соған бұрынғыдай ғашық екенін айтады. Оған үйленбек ниеті бар екенін білдіреді. Бірақ Шырын асықпайды. Хұсрауға көп ақыл-кеңес айтады. Шырынның кеңесі бойынша, Хұсрау тозып кеткен өз мемлекетін тәртіпке келтіре бастайды. Қалаларды гүлдендіреді, әділетті билік орнатады.Бірақ ғашықтардың ғұмыры ұзақ емес екен. Хұсраудың Мариямнан туған баласы – Шеруя сарай әкімдерімен астыртын сөз байласып, Хұсрауды қапылыста өлтіреді. Әкесін өлтірген соң, ол Шырынға үйленбекші болады. Бірақ Шырын өзінің Хұсрауға деген махаббатын аяқ асты етпейді. Шырын өз қол астындағы құлдардың барлығын азат етіп, мал-мүліктерін кедейлерге үлестіріп береді де, Хұсраудың қабіріне келіп, өзіне-өзі қанжар салып өледі.
3-билет
1)Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге-қаған, Күлтегін,Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.
3) Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Бабыр – наме» болып табылады. Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде- шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – ХV ғ соңы мен ХVІ ғ бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Қабул-ұжаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабырнаманың» екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – Солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркемдеп бейнелеуге тырысқан. Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: «мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадй шар қойдым. әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық. Сондықтан өзімнің туған –туысқандарымның жақсы жақтарын да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім».
кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылған «Бабыр – наме» .Кезінде қазақтың оқыған зиялылары «Бабыр – намені» қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде кейінірек қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес халықтардың экономикалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады. Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі өзендер, көлдер, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әңгіме болды. Қожабеков Бабырнамені орыс тілінен қазақшаға тәржіма жасады.
4-бидет
1) ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихиэтник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этник. тегі, этнографиясысы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардинқамалдарын қиратқан батыр.Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов,М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты (1999).
2) 2.Рабғузидің «Қисас-и Рабғузи»Орта ғасырларда әсіресе Алтын Орда дәуірінде оғыз-қыпшақ, қыпшақ-оғыз тілінде жазба
әдебиет жақсы дамыды. Осы дәуірдегі көлемді еңбек – 1313 жылы Орта Азияда жазылған
Рабғузидің «Қисас-ул анбийа» ескерткіші немесе «Қисас-и Рабғузи». Шығарманың авторы –
Насыреддин Бурханаддин. Рабғузи оның лақап аты. «Қисас-ул анбийа» қара сөз бен өлең аралас
келіп отыратын өте көлемді еңбек. «Қиссасул анбийа» Н.И. Ильминскийдің бастыруымен 1859
жылы Қазанда жарық көрді.Қорыта айтқанда, Алтын Орда дәуірінде жазылған Рабғузидің «Қисас-ул анбийа» жазба ескерткіші ортақ түркі әдеби тілінің қыпшақ нұсқасында жазылған, бүгінгі қазақ, ноғай,қарақалпақ тілдеріне бір табан жақын әдеби мұра деп танығанымыз дұрыс. Рабғузидің «Қисас-уланбийа» ескерткіші – адамзат дамуы жолын тарихи-әдеби баяндау стилімен жеткізген көркемдікмұралар жинағы.
4) Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. ӘбілғазыХорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған,]Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы.Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған.1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген.1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Іалмақ ханы Хо-Орлектің ордасында тұрған. Осы жерденАрал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.
Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрынАрабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.
Түркілер шежіресі.Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726),орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы графН.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма —Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма
5-билет
1)Оғыз қаған жыры-XIII ғ аяғы менXIVғ хатқа түскен,бірақ соған дейін көп заман бұоррын Орта Азия,Сыр бойында эпос дәтүрімен ауызша тараған аңыз-жыр.Оғыз қаған-ғұндар көсемі Мөденің әдеби бейнесі деуге болады.Бұл дастанда мөденің көптеген елдерге жасаған жорықтарынан елес береді.Оғыз қағанның нақты тарихи прототипин табу мүмкін емес,тек Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық адамдардың іс әрекеті көрінуі ықтимал. Оғыз қаған анасы-Айқаған бейнесін ғалымдар от басы қамқоршысы Ұмай анамен байланыстырады.Дастанда кездесетін Қыпшақ бек, Қағарлық бек ,Қаңлы түркі тайпаларының бейнесі болса керек, ал Орысбек Киев княздерінің бірі. Және дастанда нақтылы жағрафиялық атаулар кездеседі(Шағам-Шам, Сінду-Индия6 Итилмуран-Едил озени)Оғызнаманы зерттеуде түрік ғалымдары көп үлес қосқан(Н.Атсыз, Н. Банарлы, Ф.Көпрулузаде,Б.Аталай,Б.Рифат).Қазақтың батырлық жырларымен салыстыра зерттеген:Ә.Дербісәлі,М.Жармұхамедұлы.Ө.Күмісбаев. Кезінде Оғызнама туралы В,РАдлов, Г.Н.Потанин,П.ПЕлльо.А.М ЩЕрбак,Кононов ,Березин,Лигети,Немет,бичурин,бартольд айтқан.Дастанның екі нұсқасы бар:ұйғыр әрпімен жазылған және араб әрпімен.Арабша нұсқасын атақты тарихшы,Хиуа ханы Әбілғазы бин араб мұхаммедхан жазған. Оның тарихшы ретінде жазған екі еңбегі бар «ш\Шежіре й түрік», «Шежіре й терекіме» екеуі де Оғыз қаған жайлы. Араб нұсқасын Кононов зерттеп, бір жүйеге келтірген. Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы париж ұлттық кітапханасында сақталған,оны Щербак жүйелі түрде зерттеген. Бұл нұсқа тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын.және бұл нұсқа көлемі жағынан онша үлкен емес,21 парахтан не 42 беттен тұрады.Әр бетке тоғыз жолдан ғана жазылған.
2) Махаббатнама.Алтын Орда дәуірінің көрнекті үлгісі.Авторы –Хорезми(лақап ат).(ақын жайлы мәлімет сақталмаған).Хорезми –Алтын Орда ханы Жәнібек тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 ж дастан жазылған.екі нұсқасы бар:ұйғыр және араб әрпімен жазылған, екеуіде Лондонда британия музейінде сақтаулы.Ресей ҒА Азия халықтары уневері 1952 ж екі қолжазбаның фотокөшірмесін алды.Ұйғыр нұсқасы 1452ж жазылған,ең көне нұсқаларының бірі,араб нұсқасы 1509 ж көшірілген.арб нұсқасы ұйғыр нұсқасына қарағанда кең әрі толық. 1971ж ТуркияныңҰлттық кітапханасынан араб графикасымен жазылған екі нұсқасы табылды.Бұл нұсқаларды Самойлович,бартольд ,Нәжіп зерттеген.Ұйғыр нұсқасын Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп,орысшаға аударған.Ал дастанның екі нұсқасын салыстыра зеттеп, араб нұсқасын транскрипциялап,орысшаға аударған турколог Нәжіп.Дастан 1954ж өзбек тіліне(Т.Жалалов),1981ж татарша,1985 ж қазақша(А.Қыраубаева)тәржімаланған.Араб нұсқасын толық зерттеп шыққан Ә.Дербісәлі,м.Жармұхаммедов,Ө.күмісбаев.Дастан тұрады. Дастанға жігіттің қызға жазған 11 наме(хат) негіз болған:төртінші,сегізінші,он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған,қалғандары қыпшақ оғыз тілінде жазылған. Қыпшақ оғыз тілінде, 156 бәй»т парсы тәжік тілінде.Автор басында тәңірге сыйынып, пайғамбарларларға мадақтау айтып, сосын Мұхаммед Қожабекке (жаздырған кісі) ризашылығын айтып, мақтап , тек содан кейін ғана өз дастаның негізгі бөлімініе көшеді.басты қаһармандар ғашық жандар жігіт пен қых.хорезми сәтсіз махабат трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғ-әлеум. Мәселелерін сөз етеді.
3) Сараи Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. Оның бізге жеткен еңбегі «Гүлістан бит-түрки»(Түркі тіліндегі Гүлістан) д.а. Ақын бұл еңбегін Сырдария бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені жағасында жазып бітірген екен. Бұл өзі парся-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидың «Гүлістан» атты шығармасының еркін аудармасы.Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз айында «Гүлістанды »аударма жасап бітірген. 1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидың «Гүлістан» дастаны Голландиядан табылғандығы туралы шағын ғана хабар жарияланды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы професор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден університеті кітапханасы қорынан «Гүлістанның» фотокөшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды. Гүлстанға тұңғыш рет ғылыми піків айтқан А.Баттал-Таймас болды. Сайф Сараи өзі ұстаз тұтқан Сағди ақынның «Гүлістанын» аудару барысында шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтап қалуға рекет жасаған.сондықтан С.Сараи аударған «Гүлістан бит-турки»де сегіз тараудан тұрады. 1тарау-ел билеушілер туралы;2тарау- халық бұқарасы жайында;3тарау-қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде;4тарау+тілге сақ болудың пайдасы туралы;5тарау-жігіттік шақтың көріністері жайында;6тарау- кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы;7тарау- талім-тәрбиенің әсері жайында; 8 тарау – әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Мұның бәрі қисса-хикаят түрінде айтылады.
6-билет
1)Жүсіа Баласағұн. «Құтты Білік» дастаны
Құтты білік дастаны.Жүсіп баласағұни дастаның хижра жыл санауы бойынша 462ж, жаңаша жыл санауы бойынша1070ж жазып бітірген.Автор бұл көлемді шығарманы он сегіз айда жазып бітірген.(елу торт жасында жазып бітірген(автор туралы дерек жоқ десе де болады)(орта ғасырда Қарахан әулеті билік еткен кезде астана болған Баласағұнда дүниеге келегн)бұл дастанды қашқарда жазып бітірдім,шығыстың әміршісі табғаш Қара Боғраханғатарту еттім дейді. ДАстан 85тараудан, 6500 ден астам бәйіттен тұрады.және үш қосымшасы бар.онда әлеуметтік ,саяси,мораль,этика,адамгершілік ,мәселелердіқамтылған,үлкен ойшылдың қолынан шыққан туынды.Кейіпкерлер:Кунтуды»елбасы,Айтолды»уәзір, Өгдүлміш»Айтолдының ұлы,кейін әке орнына уәзір;Өдғұрмыш»Өгдүлміштің немере ағасы,ақылман адам.Аталған кейіпкерлердің арасындағы сұрақ жауап,әңгімелер дастанның бүкіл ой өзегін құрайды.Үш нұсқасы бар:біріншсі Венада. ГЕрат нұсқасы деп атайды» бұл қолжазба Венаның корольдік кітапханасында сақтаулы,негізі 1439ж Гератта көшірілген,ұйғыр әрпімен көшіргшен адам Хасан Қара Сейіл.ЕКіншісі Каир нұсқасы»араб әрпі»Каир кітапханасынан 1896ж неміс Б. Мориц тапқан»қазір ресей ҒА Шығыстану институтының Санктпетербург бөлімшесінде сақтаулы.Үшіншісі Наманган нұсқасы»1913ж А.Валитова ӨЗбекстанның НАманган шаһарынан тапқан»араб әрпі»толық нұсқа»ӨзбекстанҒА Шығыстану институтында сақтаулы.Өзбек ғалымы Каюм Каримов зерттеп. Өзбекше транскрипция жасаған(1971)зерттегендер:радлов(жиырма жыл),Малов,Бертельс,Валитова,Каримов,Мутталлибов.
2) Құсрау-Шырын дастаны.Құтб.Хұсрау мен Шырын. ҚҰтб»Сарай қаласынан шыққан»он төртінші ғ ортасында өмір сүрген»лақап аты»дерек аз»алғашында Сығанақта»Тыныбек Алтын ОРда ханыболғанда Сарайда»кейін мәмлүктік Египетте тұрады.Хұсрау Шырын»әзірбайжан Низамидің Хұсрау мен шырын поэмасының аудармасы. «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ оғыз тіліне 1341-1342жж аудараған»Тыныбектің Алтын орда тағына отырған кезі»Тыныбекпен ханша Малика Хатунға арнайды. Көлем»120 парақ,240 ,бет.Дастан 4740 бәйіттен(низамиде 7000) 91 тарудан тұрады.»жалғыз көшірме»Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы»көшіріп,қағазға түсірген Берке Факих.;Алғаш зерттеген»Зайанчковский»түрік тілінің қыпшақ диалектісімен жазылған аса құнды мұра деп бағалады»толық аударма емес, қайта өңделген туынды деді.қай елде жазылғаны туралы ортақ пікір жоқ»Самойлович»Алтын орда десе» Нәжіп «Алтын ордада жазылып, египетте көшірілген дейді»Зайанчковский» Египетте жазған дейді.Қазақ тілі тұрғысынан зерттеген А. Ибатов.кейіпкерлер»Хұсрау иран елінің ханзадасы»Шапур хұсраудың досы суреттші»Шырын махаббатқа адал жан» мехинБану Шырынның Немере апкесі»Фархад Шырынға ғашық еңбекқор ұста» Мариям Хұсраудың әйелі,Рум патшасының қызы»Шекер хұсраудың екінші әйілі»екі әйілі де қайтыс болады»Шеруя Мариямнан туған хұсраудың ұлы»Хұсрауды өлтіреді»Шырынға үйленбек болады.Ибатов дастанның ғылыми сөздігін жасап шықты.
3) Ақиқат сыйы.Ахмет Йүгінеки.Ақиқат сыйы(Хибатул хақайық). XIIғ аяғы мен XIIIғ басында өмір сүрген.»Түркістан маңайындағы Жүйнек деген жерде дүниеге келген» Яссауи шәкірті;Толық есімі» Әдиб Ахмет ибн махмут Жуйнеки.; «Ақиқат сыйы»дастанының көне қолжазбасы табылғанын Нәжіп Асим 1906ж хабарлады,.»бірнеше нұсқасы белгілі»ең көнесі Самарқан нұсқасы» Ыстамбул қаласындағы Айя София кітапханасында сақтаулы»оны1444ж атақты коллиграф Зейнул Абидин джураний ұйғыр әрпімен көшірген. Және 1480 ж Шейхзаде Абдіразақ бақши көшірген нұсқасын Нәжіп асим осман түріктерінің тіліне аударып,кейін шығарманың түпнұсқасымен бірге кітап етіп шығарған. Араб әрпімен көшірілген нұсқасы берлин қалалық кітапханасында сақтаулы.бұл дастанның мәлім нұсқаларын салыстыра зертеп, шығарманың толық мәтініңн әхзірлеген Рашид Арат Рахмат. 1951 жылы осы дастанның толық мәтінің әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды.зерттегендер:бертельс,Малов, Махмудов,Радлов,КОвалевский,Дени, сағындықов. «Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә. Құрысжанов,Б. Сағындықов.дастан сюжетке құрылмаған.шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөніндегі әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл береді.Дастан екі жуз елу төрт бәйіттен тұрады. Он төрт тарауға бөлінген.он төрт тарауды тиісінше бөліп қойған,, «Ақиқат сыйы»дастаны өз заманының көкейкесті мәселелерін жырға арқау еткен , көркемдік дәрежесі биік , дидактикалық сарында жазылған, бүгінгі түркі тектес халықтардың бәріне бірдей ортақ мұра
7-билет
1.Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі әр кез күн тәртібінен түспегеніне қарамастан күні бүгінге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Оның басты себебі кешегі отаршылдық пен тотариталдық жүйе қысымы салдарынан әдебиет зерттеушілердің тарихи шындыққа негізделген біртұтас бағыт ұстана алмауынан, пікір қайшылығының өткір өрістеуінен еді. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Б. Кенжебаев,Алма Қыраубаева, Немат Келімбетов, Тоқболат Еңсегенұлы монографиялар шығарып, докторлық диссертациялар қорғады, Иманғазы Нұрахмет пен Айтбай Жұмағұлов тікелей әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесіне арналған тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Б. Кенжебаев алғаш рет қазақ әдебиеті тарихын былайша жүйеледі: “І. Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет. ІІ. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы). Қазақтың өзіндік әдебиеті. ІІІ. Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиет. ІҮ. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті. Ү. Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиеті.Қазақ әдебиеті тарихын осы жүйелеу бойынша зерттеуді ұсынған ғалым тек тамыры бір түркі халықтарының әдебиеті де ортақ екендігіне қисынды байламдар жасайды. Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің бастау көзі туралы қызықты ой айтты. Ол қазақ әдебиетінің тарихын ХҮІІІ ғасырдан, Бұқар жыраудан емес ерте дәуірдегі Орта Азиялық ескерткіштерден бастауды ұсынды. Бұл орайда ол жеке ұлттар ретінде қалыптасқаннан кейін орыс, белорусь және украин әдебиеттеріне бөлініп кеткен шығыс славян әдебиетімен ұқсастығына сілтеме жасайды.
Қазақ әдебиетін дәуірлеуде А.Байтұрсынов 1.Діндар, 2.ділмар әдебиет деп жіктеді. Діндар-исламмен келген әдебиет, ділмар-жыраулар , шешендер поэзиясы.С.Сейфуллин : 1.рулық дәуір әдеб.,2.Алтын Орда әдеб.,3.Орсы патшалығына бағынған Патшалық дәуір,4.билер дәу.,5.патшадан құтылған дәуір.,,,М.Әуезов: 1.ауызша,2.жазба,3.Зар заман ақындары,4.қазақ әдеб.ң қазіргі дәуірі,ал Сәбит Мұқанов : 1.ХХғасырдың басындағы әдебиет,2. Ұлтшыл әдебиет деп бөледі.
2 сұрақ.Әбу-Насыр әл-Фарабидің өлең өнері туралы еңбектері.Фараби әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғалым.Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлің ырғағы», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған.Фарабидің бізге толық күйде жеткен екі еңбегі бар. Олардың бірі-«Өлең өнері» деп аталады. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасында үндестік мәселесі,сондай-ақ бәйіт,гәзел,месневи т.б.сөз болады.Екіншісі-«Өлің өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. 3 сурақ. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі. Махмұт Қашқари-түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологі,ежелгі ауыз әдебиеттерін жинап, зерттеуші ғалым.Шын аты;Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари.Шығарма көшірмелері ХХ ғ бас кезінде табылды.Шығарманың көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.Шығармады табиғат туралы, аңшылық жайында,ерлікті мадақтау туралы,жоқтау өлеңдер,дидактикалық сарындағы өлеңдер кездеседі. №8 билет
1 сұрақ. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет(5-8ғғ) 545 жылы Ұлы Түрік қағанаты өмірге келді. Түрік қағанаты кезіндегі әдебиетке Култегін, Тоныкөк жырлары жатады. Күлтегін жыры 8 циклден турады 1.қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі.2.Түрік қағанаты жерінің кеңдігі.3.түріктердің әскери жорықтары.4.көршіле табғаш халқының қастандық әрекеттері.5.табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында.6.түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған.7.түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған екендігі жөнінде.8.осы жырды жазуға себеп болған жәйттәр айтылады. Тоныкөк жыры13 циклден турады. 1.туркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалуы. 2. аман қалған түркілердің бас қосып бірігуі.3. сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы.4.Елтерісті қаған етіп жариялануы. 5.оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болғаны. 6.түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы.7. оғыздармен болған соғыс туралы.8-13.түркілердің турлі тайпалармен жүргізген соғыстары туралы. 2 сұрақ.(2б,2с бар) Сопылық ағым және Қожа Ахмет Иасауи. Ахмет-сопылық дүниетанымының негізін қалаушылардың бірі,есімі ислам әлеміне мәшхүр ойшыл қайраткер,аса көрнекті ақын.Шын аты Хазірет Султан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Иасауи.Ол Оңт.Қазақстан обл, Сайрам қаласында дүниеге келді.Ең көрнекті еңбегі Диуани Хикмет. Бул шығарма шағатай тілінде жазылған. Ең ескі нұсқасы ХV ғ жатады.149 хикметтен турады. 3 сұрақ.(5б,2с бар) Хорезми «Махаббатнаме» дастаны. Ақын Алтын Орда дуірінде өмір сүрген.1353 ж Мұхаммед Қожабектің тапсыруы б/ша Махаббатнамені жазған. Дастанның екі нұсқасы бар. Оның екеуіде Лондондағы Британия мұражайында сақтаулы тұр. Дастанда 317 бәйіт қыпшақ-оғыз тілінде,156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Өлең үлгісі екі тармақты,он бір буынды болып келеді.
9-билет
1.ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол.
2.Рабғузидің «Қисас-и Рабғузи»Орта ғасырларда әсіресе Алтын Орда дәуірінде оғыз-қыпшақ, қыпшақ-оғыз тілінде жазба
әдебиет жақсы дамыды. Осы дәуірдегі көлемді еңбек – 1313 жылы Орта Азияда жазылған
Рабғузидің «Қисас-ул анбийа» ескерткіші немесе «Қисас-и Рабғузи». Шығарманың авторы –
Насыреддин Бурханаддин. Рабғузи оның лақап аты. «Қисас-ул анбийа» қара сөз бен өлең аралас
келіп отыратын өте көлемді еңбек. «Қиссасул анбийа» Н.И. Ильминскийдің бастыруымен 1859
жылы Қазанда жарық көрді.Қорыта айтқанда, Алтын Орда дәуірінде жазылған Рабғузидің «Қисас-ул анбийа» жазба ескерткіші ортақ түркі әдеби тілінің қыпшақ нұсқасында жазылған, бүгінгі қазақ, ноғай,қарақалпақ тілдеріне бір табан жақын әдеби мұра деп танығанымыз дұрыс. Рабғузидің «Қисас-уланбийа» ескерткіші – адамзат дамуы жолын тарихи-әдеби баяндау стилімен жеткізген көркемдікмұралар жинағы.
3. Кодекс Куманикус (лат.Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында)жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы«Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
10-билет(1сұрақ(4б,1с)2сұрақ(7б,3с)