Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
49.62 Кб
Скачать
  1. Еуропалық құжаттама орталығының жұмысына сипаттама

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Еуропалық Құжаттама Орталығы (ЕҚО) өз жұмысына 1998 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуропалық Комиссиясының шешімі бойынша Еуропалық Құжаттама Орталығы статусы берілді (грант ЕС Х/А 6.11/mГ 16.01.98). 2002 жылы ЕҚО Еуропалық Ақпараттық Орталық деп өзгертілді. (ЕАО)

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  ЕАО-сы ғылыми-ақпараттық орталық болып табылады.

ЕАО-ның негізгі қызметтері:

  • Еуропалық Одақ қызметі, институттары және еуропалық интеграция шеңберіндегі ЕуроОдаққа мүше мемлекеттер жүргізетін саясат туралы ақпаратты тарату;

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы өзге де ғылыми мекемелердегі еуропалық тақырыптарға байланысты зерттеулердің дамуына әсер ету;

  • Ресми құжаттар ағымындағы және Еуропалық қауымдастық келісімдері мен заңдарына негізделген, сонымен қатар ЕО мәселелеріне байланысты басылымдарға негізделген кітапханалар құру;

  • Аймақтың үйлесімді және эффективті дамуы мүдделеріндегі оқу, ғылым және мәдениет саласындағы ақпараттық сервисті кеңейту;

  • Аймақтық жоғарғы оқу орындарындағы қызметкерлердің тәжірибесін жоғарлату және халықаралық ынтымақтастық ұйымының тәжірибесін тарату;

  • Еуропалық қауымдастық бағдарламаларына, халықаралық бағдарламаларға қатысу мәселелеріне байланысты семинарлар мен жиналыстар өткізу;

Қызмет түрлері:

  • Тіркелу ағымындағы қызмет және түсетін әдебиетті жүйелеу;

  • ЕАО-ға келушілермен жұмыс жасау;

  • Еуропалық интеграция мәселелеріне қатысты дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу;

  • Қазақстанда кредиттелген халықаралық ұйымдар және еуропалық елшіліктер өкілдерінің дәрістерін ұйымдастыру;

  • Еуропалық интеграция мәселелеріне байланысты монографиялар, брошюраларды баспаға шығару.

Еуропалық Ақпараттық Орталықтың құжатпен қамтамасыз етілуі.

Еуропалық құжаттама орталығы оқу үдерісі мен Еуропалық Одақтың құжаттары мен институттарының басылымдарымен тәжірибелік жұмысын жабдықтауға көмектеседі; Еуропалық Одақ қызметі туралы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҚР-сының ЖОО-ның оқытушыларын, студенттерін, аспиранттарын, тәжірибе жинақтаушылары мен ізденушілерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

ЕАО-қа Еуропалық Қауымдастығы ресми басылымдар Кеңсесінің тұрақты тарататын материалдары бірқалыпты түсіп отырады. Еуропалық Одақтың ресми материалдары баспа және компакт-диск түрінде беріледі. Материалдар көбінесе ағылшын, француз және неміс тілдерінде түсіп отырады.

Қазіргі таңда ЕАО-қа 3000-нан астам ақпараттық материалдар мен құжаттар тиесілі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, бұл оқу тәжірибесі барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрылымын талдай отырып, оның құрамындағы департаменттердің жұмысымен, факультеттер жанындағы ғылыми орталықтармен таныстым. Олардың негізгі атқаратын функцияларын анықтай отырып, бұл орталықтардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін талдадым. Еуропалық құжаттама орталығы сондай орталықтардың бірі болып табылады. Ол университетіміздің Халықаралық қатынастар факультеті жанында өз жұмысына 1998 жылдың 1 қыркүйегінде бастады. Орталықтың негізгі қызметтеріне Еуропалық Одақ қызметі, институттары және еуропалық интеграция шеңберіндегі ЕуроОдаққа мүше мемлекеттер жүргізетін саясат туралы ақпаратты тарату; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы өзге де ғылыми мекемелердегі еуропалық тақырыптарға байланысты зерттеулердің дамуына әсер ету болып табылады. Еуропалық Одақтың ресми материалдары баспа және компакт-диск түрінде беріледі. Материалдар көбінесе ағылшын, француз және неміс тілдерінде түсіп отырады.

Қазіргі таңда ЕАО-қа 3000-нан астам ақпараттық материалдар мен құжаттар тиесілі.

17

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]