Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
49.62 Кб
Скачать

Механика-матиматика факультеті

1934 жылдары  Қазақстан аумағында ҚазҰУ-дың физика-математика факультеті ұлттық білім беру және ғылыми орталықтарының бірі болды. Факультетіміз барлық сынақтардан өтіп жатыр және ең үздік ғылыми зерттеу орталығы болып қала береді. Сонымен қатар мемелекетіміздегі метематика, механика, информатика мамандықтарынан кадрлар дайындау жолында ең алда.

Механика-математика факультетінің ұжымында білім беру процесінде және заманға сай ғылыми зерттеу жұмыстарының даму жолында көптеген жоспарлары бар. Факультетіміз осы жоспарларды орындау жолында жеткілікті потенциалы бар.

Физикa-техникалық факультеті

   Үшінші мыңжылдықта адам өркениетінің дамуына физика ғылымының рөлі ерекше, XX ғасырдағы физика революциясы ғылымның әр түрлі облыстарына, техникада және қоғамның өміріне, әсерін тигізді. Ең алдымен, физика – табиғат заңдылықтарын, материяның құрылымын және қасиетін, оның қозғалысын зерттейтін ғылым.

   ҚазҰУ-ң физика-техникалық факультеті Қазақстан Республикасының физика-техникалық білімдерінің үздігі және алғаш құрылған факультеттердің бірі болып саналады.

Физика факультеті 1934 жылы 15 қаңтарда физика-математикалық факультеттің бөлімі ретінде профессор В.Ф. Литвиновтың басшылығымен құрылған. 1959 жылдың мамыр айында факультет физика-математикалық факультеттен бөлек физика факультетіне айналды.

  

Биология және биотехника факультеті

1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне алғашқы студенттерді қабылдап, өздерінің қалыптасу, даму және гүлдену жолын абыроймен жүріп өтті. Биология және биотехнология факультеті әрқашанда педагогикалық, ғылыми және әдістемелік жүмыстарда белсенділік, жасампаздық танытып, уақыт тынысын жіті қадағалап, әлемдегі ғылым менбілімнің даму деңгейімен қатар, білікті де белсенді мамандар даярлап отырды.

Бұл күндері биология факультеті ірі жоғары білікті мамандар даярлау орталығы, қазіргі заманғы биологияның көптеген салалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін республикадағы алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың біріне айналды.

Журналистика факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультеті Қазақстандағы көп жылдар бойы қызмет жасап келе жатқан оқу мекемесі. 

  Журналистика факультеті өзінің бірінші кезекті мақсаты ретінде жоғары дәрежелі журналисттерді, жергілікті, республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге қабылетті мамандарды дайындау деп санайды. Журналистика факультеті көп жылдық әдеп-ғұрпын жалғастыруда, студенттерге барлық кәсіптік табысқа жетуге қажетті білім және икемді игеруге тырысуда.

География және табиғатты пайдалану факультеті

1947 жылы тамыз айында ҚазҰУ-да геология-география факультеті (кейіннен – география факультеті) құрылды. Бұл кезде факультет құрамында екі – геология және география бөлімдері болды. 1960 жылы геология бөлімінің жабылуына байланысты факультеттің аты география болып өзгертілді.

Факультет құрамына 5 кафедра енеді:

  • География, жерге орналастыру және кадастр кафедасы

  • Картография және геоинформатика кафедрасы

  • Метерология және гидрология кафедрасы 

  • Туризм кафедрасы

  • Энергия экология кафедрасы