Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
49.62 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Оқу тәжірибесі туралы есеп

“Әлемдік экономика”

мамандығының 2 курс студенті:

Шайхиева Меруерт Жандиллақызы

Тәжірибе жетекшісі:

оқытушы

Оспанбаев Жандос Аманжолович

Алматы 2013 ж

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылымын талдау............................................4

  1. Еуропалық құжаттама орталығының жұмысына сипаттама ..........................................................................................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................17

КІРІСПЕ

Бұл оқу тәжірибесінің мақсаты – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрылымын талдай отырып, оның құрамындағы түрлі орталықтармен танысу. Сонымен қатар, университеттегі департтаменттердің қазіргі таңдағы жұмыстарына талдау жасау, факультет құрылымын анықтау және менеджмент тұрғысынан сипаттау болып табылады. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық университеттерінің бірі. Ол - Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университетте 20 мыңнан астам студент пен 2000-ға жуық магистранттар мен PhD докторанттары  білім алуда. Дайындық 137-ден астам мамандық бойынша 102 кафедра мен мен 14 факультетте жүргізіледі. Университет факультеттерінің жанында әр түрлі ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу орындары, сондай-ақ институттар орналасқан. Соның ішінде мұндай ғылыми орталықтарға Американ және Демократиялық Зерттеулердің ресурстық орталығын, Еуропалық Ақпараттық Орталықты, НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық Орталықты ерекше атап өтуге болады. Бұл орталықтардың негізгі қызметі - халықаралық қатынастар саласындағы белгілі мамандар, американ білім беру бағдарламаларының стипендиаттары шақырылған дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференцияларды өткізу, Еуропалық Одақ қызметі, институттары және еуропалық интеграция шеңберіндегі ЕуроОдаққа мүше мемлекеттер жүргізетін саясат туралы ақпаратты тарату.

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылымын талдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің  негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланды. Университет мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды.

Университетте 20 мыңнан астам студент пен 2000-ға жуық магистранттар мен PhD докторанттары  білім алуда. Дайындық 137-ден астам мамандық бойынша 102 кафедра мен мен 14 факультетте жүргізіледі: механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес жоғары мектебі, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті. Университет құрылымына департаменттер, факультеттер, стратегиялық сараптама және болжау орталығы, ғылыми кітапхана, біліктілікті арттыру институты, баспа мен мұражайлар, ҚазҰУ студенттер қалашығы, оның ішінде Студенттер сарайы, оқу интернет орталығы, студенттер үйі, тамақтандыру комбинаты, пресс-служба, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттік медициналық пункті және спорткомплекс кіреді.

Университет басшылығын ректор, ғылыми кеңес, проректорлар және әкімшілік департаменті құрайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры - Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов. Ол – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының, Халықаралық шығармашылық академиясының, Халықаралық кадрлар академиясының мүшесі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі кеңесі-мәжілістік орган болып табылады. Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.

Университет Ғылыми кеңесі:

– университет құрылымын бекітеді;

– университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;

– университеттің құрылымдық құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

– университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

– университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық, әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;

– университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;

– бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;

– жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;

– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;

– ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;

– университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады.

Бірінші проректор - Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы, химия ғылымдарының докторы, профессор.

Рамазанов Тілекқабыл Сабитұлы- ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор, физика-математика ғылымының докторы, профессор.

Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы – оқу жөніндегі проректор, физика-математика ғылымының докторы, профессор.

Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы – әлеуметтік даму жөніндегі проректор, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

Ан Евгений Алексеевич - экономикалық және өндірістік мәселелерді басқаратын проректор.

Әкімшілік Департаментінің директоры - Әубәкіров Әбілқайыр Әбләкімұлы.

Әкімшілік Департаменті директорының орынбасары - Даубасов Сабит Шынжырханұлы.

Әкімшілік Департаменті директорының орынбасары-Студенттік қалашықтың директорыСейітжанов Әбдіқаһар Әнуарұлы.

Ректордың аппараты Университет қызметін және оның басшылығын құқықтық, ұйымдастырушылық, құжаттық және ақпараттық-сараптамалық жағынан қамтамасыз етумен, қызметкерлерді басқарумен, сапа менеджмент жүйесіне ҚазҰУ-дың барлық үдерістерінде қолдау көрсетумен, университет веб-сайтын әрдайым жаңарту және ақпаратты толықтырумен айналысады.

Аппарат қызметінің негізгі міндеттері:

  • Университет қызметінің заңға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;

  • Университет пен оның қызметкерлерінің және басқа да заңға сәйкес құқықтары мен мүдделерін заң арқылы, құқықтық құралдар арқылы қорғау;

  • Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаларды құқықтық сауаттылықты қалыптастыру арқылы түсіндіру және насихаттау;

  • Нормативтік акт жобаларын, бұйрықтарды, шешімдерді және де басқа құжаттарды даярлауға қатысу;

  • Университет қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын мәліметтерді жинақтау және талдау;

  • Университетті қажетті кадрлармен қамтамасыз ету;

  • Кадрлардың ішкі және сыртқы орын ауыстыруын ұйымдастыру және бақылауға алу;

  • Қызметкерлерге кәсіптік және мансаптық өсу жағдайын жасау;

  • Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау;

  • Іс-жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;

  • Электронды құжат айналымына өтуді жүзеге асыру;

  • Мұрағаттық мәліметтерді қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыда сақтау және беруді қамтамасыз ету;

  • Басшылықтың хаттамалық-визалық ұйымдастырушылық, құжаттық қызметін қамтамасыз ету.

Университеттің департтаменттеріне мыналар жатады:

-Академиялық мәселелер жөніндегі департамент;

-Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент;

-Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент;

-Халықаралық ынтымақтастық департаментi;

-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті;

-Экономикалық және бюджеттік жоспарлау департаменты;

-Өндіріс департаменті.

1. Алғашқысы академиялық мәселелер жөніндегі департамент болып табылады. Бұл департаментте мынандай орталықтар қызмет етеді:

-Мансап және бизнес орталығының қызметі үздіксіз дайындау концепцияны іске асыруға, ҚазҰУ мен ұйымдардың жұмысын дамытуға бағытталған. Орталық ұйымдар мен кафедра, оқу орын әкімшілігі мен түлектердің арасындағы байланыстырушы түйін болып табылады. Орталықтың мақсаттары: ҚазҰУ-нің жұмыс берушілер кеңесін құру, жұмыс берушілермен бірге бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларын сараптау, жас мамандарды даярлау өрісінде ұйымдар мен серіктестік қатынасын нығайту, ұйымдардың қажеттілігіне қарай мәлімет банкін құру, жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу, сауалнаманың шешімін талдау, университет түлектерінің күшті осал жақтарын табу және т.б. болып табылады.

-Қашықтықтан білім беру орталығы университетте  заманауи  оқыту технологиялар жүйесін құру  және оның әдістемелік және техникалақ қолдауды, электронды оқулықтарды және оқу-әдістерді ұйымдастыру және даярлауды, ҚазҰУ оқытушыларын  оқу үрдісі кезінде заманауи жаңа технологияларды қолдануға және мультимедиялық, электронды оқулықтармен жұмыс жасау әдістерін қолдануға  үйретуді, қашықтықтан  білім беру  үшін оқу курстарын қолдауды,қашықтықтан  білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу, кеңес беруді, қашықтықтан  білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру жұмыстарын, қашықтықтан  білім алушылардың білімін бақылауды жүзеге асырады.

-Студенттермен жұмыс істеу бөлімі университеттің құрылымды бөлігі болып табылады, барлық студенттер мен магистранттардың университетке 1-ші курсқа қабылдануы және олардың диплом алуларына дейін осы бөлім арқылы жүзеге асырылады. Бөлім студенттер мен магистранттардың қозғалысын бақылап есеп жүргізеді: қабылдануы, оқу ақысын төлемегені, факультетпен байланысын үзгені үшін – оқудан шығарылу, оқудан шығарылған студенттердің қайта қабылдануы, басқа ЖОО-нан және басқа ЖОО-на ауысу, университет ішінде ауысу, академиялық демалысқа кету, шетелге іс сапармен шығу, академиялық демалыстан және шетелден іс сапардан келу және тағы басқа жұмыстарды атқарады. Барлық жұмыстар “Univer”, “Direktum” , бағдарламасы арқылы жүзеге асады.

-Тіркеуші кеңсесі (Office of the Registrar) – оқитындардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеумен айналысатын қызмет. Тіркеуші кеңсесі академиялық (оқу) мәселелер бойынша Департамент құрамындағы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады, оны оқу жұмысы жөнінде проректор бақылайды. Тіркеуші кеңсесінің негізгі міндеті білім алушыға оның негізгі мақсаты – таңдалған мамандығы бойынша университет факультеттерінің тығыз өзара әрекеттестігінде білімнің, машықтың, ептіліктің және құзіреттілігіктің жоғары сапасымен білім алуға себепкер болуға негізделеді.  

-Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты  магистратура секторы және докторантура секторларын біріктіреді.

-ОӘС РОӘК – ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдiстемелiк Кеңесінiң (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдiстемелiк секциясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан профессорлық-оқытушылық құрамды, ғылыми қызметкерлерді және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша бірігіп жұмыс жасауға мамандарды кеңінен тарту мақсатымен және ақпаратмен қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің үлгілерін және білім беру бағдарламаларын барлық деңгейін жетілдіріп отыру негізінде құрылған. 

-Академиялық мобильділік бөлімінің негізгі функциясы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының ішкі және сыртқы академиялық мобильділігін ұйымдастыру және үйлестіру. Оқу әдістемелік басқармасы оқу үдерісі жөніндегі бөлім мен әдістемелік бөлімнен тұрады.  Оқу үдерісі бөлімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беруді бақылауды және үйлестіруді, ұйымдастыруды қамтамасыз ететін негізгі бөлімшесі, ал әдістемелік бөлім академиялық мәселелер жөніндегі Департамент құрамына кіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.