
- •1)Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
- •2)Қазіргі экономикалық теориядағы экономикалық ресурстар түсінігі
- •3)Экономикалық өсу: типтері мен факторлары
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •4)Жұмыссыздықтың мәні, себептері мен түрлері. Қр жұмыссыздықпен күресу шаралары
- •5) Өндіріс, оның мәні және факторлары
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •6)Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •7)Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •Шаруашылық серiктестiк
- •[Өңдеу]Толық серiктестiк
- •Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
- •Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
- •[Өңдеу]Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
- •[Өңдеу]Акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Тәуелдi акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Өндiрiстiк кооператив
- •8)Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •9)Сұраныс және ұсыныс теориясы
- •Сурет 2.5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2.5 ә Ұсыныс функциясы
- •10)Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптасу және пайдалану механизм
- •11)Қр Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының құралдары
- •12) Инфляция: мәні, нысандары, себептері мен салдары
- •14)Бәсеке және монополия теориясы
- •1.1 Жетілген бәсеке
- •15) Шекті пайдалылық теориясы. Құнның негізгі теориялары
6)Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады:
физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.);
қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.);
әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.);
өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т.б.) қажеттіктер;
өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т.б.) қажеттіктер.
Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады.
Экономикалық мүдделер — бұл экономикалық қажеттіктердің біліну-көрініс формасы. Экономикалық мүдделерді әр тұрғыдан классификациялауға болады: қоғамдық, ұжымдық, жеке мүдделік, ұлттық, интернационалдық (ұлтаралық), регионалдық және ведомстволық, топтық және отбасылық, таптық; әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмысістейтіндердің, жастардың, зейнеткерлердің, т.б.) мүдделері. Мүдделердің ерекше топтары — күнделікті және перспективті, рационалдық және рационалдық емес, шын немесе қате түсінілген, қаржылық, еңбектік, адамгершілік-өнегелік, т.б. мүдделер.
Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялар
Экономикалық заң дегеніміз - қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларыңда өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар коғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамыта отырады.
Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Мұңдағы бір маңызды, ескеретін жайт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды қатынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп - салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар табиғат заңдарынан өзгеріс. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс - қимылымен байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы дамуынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.
Жоғарыда керсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар - ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Баға дегеніміз құнның ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың міндеті. [1]
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өңдірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, қосымша құн, ақша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауға көмектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар коғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды.
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды.
Экономикалық заңдардың объективтік сипаты
Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.
Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.
Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.
Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.
Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет. [2]
2.1.Қазақстан Республикасының ақша, құн, несие заңдары; пайдалану механизмі
Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К. Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне бөлінген, сатылған тауарлардың баға сомасына тең болуы керек.
(1)
мұндағы М -ақша массасы,
Т - тауар массасы,
Б - тауарлардың орташа бағасы.
К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егср ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар акқша бірліктерінің рөлін мүлтіксіз (мінсіз) орындады. [3]
К. Маркстің айналыс заңына сәйксс қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек.
Проблема мына жағдайда пайда болады: ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырады. Ақша айналысының негізгі принципі - айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады. [4]
Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында (қазіргі жағдайда) қолма-қол ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес ауыспалы айналымда жүреді.
Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша өткізілетіндей деңгейде болуы керек.
Халықтық банк тарапынан реттелетін маңызды объектіге ақша мөлшері немесе айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айналымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу және төлем құралдарының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл тиындар кіреді. Ақша массасы қолма-қол акшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіп-орындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын кұрайды. Өтімді актив топтарына сәйкесетін ақша массасының ұғымы. [5]
Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе арқылы мынадай ақша агрегаттарының есеп айырысулары жүргізіледі;
Мо - айналыстағы қолма-қол ақша (баинкноттар, тиындар).
М1= М0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халыктың талап еткенге дейінгі депозиттері.
М2=М1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.
М3=М2+ мемлекеттік қарыз облигациялары депозиттік сертификаттар.
Бұл арада банктердің ақшаны тек сақтап қана қоймай, жаңа ақшаларды тудыра алатын, яғни қысқа мерзімді кезеңде олардың мөлшерін жасай алатын (мультипликациялау), ал ұзақ мерзімді кезеңде олардың жаңа түрлері мен формаларына «өмір сыйлай» алатын қабілеті көрінеді.
Алтын және күміс тиындар банкноттарға біртіндеп орын босатып келеді, ал олар өз кезегінде шоттарда жаэылуы жолымен сақталатын болды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі баикнотгардың мөлшеріиеи асып туседі, ягни ақша-ның жана формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай, оны мультипликациялап та отыр. Бұл – М1 = М0 + халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері + заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат - акқша агрегаттарының пайда болуына әкеп соқтырады. Несие акшаның болуы мен несиелеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі, өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді, яғни халыққа пайыз әкелетін М2 = М1 + мерзімді салым ақшалар + талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша - ақша агрегаггарының қажеттілігін тудырады. [6]
Несие сұранысының артуы жаңа кепілдік объектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің орнын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде – М3 = М2 + депозиттік сертификаттар ақша агрегаттарының қажеттілігін тудырады.(кесте 1) [11]
Кесте 1
2010-2011 жж. Қазақстан Республикасының ақша агрегаттары (млрд тенгемен)
Ақша агрегаттары |
2010 ж. |
2011 ж. |
өзгерісі |
Ақшалай баға |
316,9 |
577,9 |
+261,0 |
М0 |
238,5 |
379,3 |
+140,8 |
М1 |
412,1 |
677,5 |
+265,4 |
М2 |
693,4 |
1164,4 |
+471,0 |
М1 (ақша массасы) |
971,7 |
1634,7 |
+663,0 |
Осылайша, бұл ақша агрегагтары жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, несиелеудің мөлшерін сипаттайды.
Бұл агрегаттардағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-несие айналымының әр түрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға, ақша айналысының даму тенденциясын және олардың экомомикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді. Айналысқа қажетті ақша массасын тауар айналымының мөлшері мен құрылымына қарай анықтап қоймай, халыктың ақшалай табысының шамасы мен кұрылымын, сондай-ақ ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ескеру керек.
Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Оган М0 + екінші деңгейдегі банктер кассаларындағы ақшалай қаражат, банктердің міндетті резервтері мен олардың ҚР Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражаты агрегаттары кіреді. Бұл ақшалар үлкен өтіміділікке ғана ие емес, сондай-ақ Ұлттық банктің іс-әрекетке қабілеттілігін, өз міндеттемелерін орындаудағы мүмкіндігін көрсетеді. Айналымдағы ақша массасының өзгерісі ақша массасының өзгерісіне тәуелді. [7]
Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша айналысының жылдамдығы - бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жылдағы ақша массасының айналым жылдамлығын, яғни айналымның жыл ішіндегі жылдамдығын білдіреді.
Ақша массасының әрбір айналымы табыстың жұмсалуына қызмет етеді. П. Самуэльсонның пікірінше, ақша айналысының жылдамдығы табыс айналысының жылдамдығын көрсетеді. [8]
ҚР Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын екі көрсеткішке қарай анықтайды: Ұлттық банк мекемесінің кассасына ақшаның қайтарылу жылдамдығы. Ол айналымдағы орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына түсетін ақша сомасының қатынасы ретінде анықталады; қолма - қол ақша айналымындағы ақшаның орташа жылдық ақша массасына Қазпошта АҚ айналымын қоса алғанда Ұлттық банктің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның және Ұлттық банктің кассасынан берілетін қолма - қол ақшаның сомаларын болу жолымен анықталады.
Айналыс жылдамдығының өзгерісі жалпы экономикалық және монетарлық сипаттағы көптеген факторларға тәуелді.
Жалпы экономикалық сипаттағы факторға: экономиканың кезеңдік дамуы экономикалық өсімнің тақырыптары, бағаның өзгеруі және т.б. жатады.
Монетарлық факторға қолма-қол ақша мен қолма - қол ақшасыз айналымдардың арақатынасы, несиелік операциялардың және өзара есеп айырысулардың дамуы, ақша және несие нарықтарындағы проценттік мөлшерлемелердің деңгейі, ақшалай есеп айырысудың электрондық құралының пайдаланылуы, халықтың әлауқат деңгейі және т.б. кіреді. [9]
Басқадай тең жағдайларда ақша айналымының жылдамдығы арттырылатын болса, бұл инфляцияның өсуіне өз әсерін тигізбей қоймайтын қосымша ақша массасының айналымға шығарылуын қажет етеді.
Ақша массасы талданғанда экономиканың айналымдағы ақшаның массасын арттыратын мүмкіндіктерін анықтайтын ақшалай мультипликатор көрсеткіші пайдаланылады. Ол М2 айналымындағы жиынтық ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептеледі.
Айналымдағы ақша массасын сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер елдің ақша шаруашылығын кешенді талдауға мүмкіндік тудырады. Бұл ҚР Ұлттық банкісіне өзі жүргізіп отырған ақша - несие саясаты арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуіне жағдай жасайды. [10]
Ақша массасы банкнот пен монета эмиссияеы есебінен, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банкітерді несиелеу есебінен, Ұлттық банктің алтынды, шетелдік валюталарды және мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуы арқылы, Ұлттық банктің бюджет тапшылығын жою үшін үкіметке беретін несиенің есебінен, екінші деңгейдегі банктердің депозиттердің негізінде несие ақшаны шығарудың, яғни экономиканы несиелеу жолымен артады.
Ақша массасын арттыратын факторлардың ішіндегі осы соңғысы кейінгі жылдары Қазақстанда маңызды мәнге ие болып жүр. Коммерциялық банктср 1999-2004 жылдар аралығында экономиканы қарқынды түрде несиелейді. Осы уақыт аралығындағы несиенің үлес салмағы 60% активтік операция5а дейін жетті.(Қосымша А)
Ұлттық банк бұл процесті депозиттердің міндетті резерв нормаларын белгілеу арқылы реттейді. Нормалар арттырылатын болса - несиеленетін салалар қысқартылады егер нормалар кемісе - осыған керісінше жағдай орын алады. Көріп отырғанымыздай, ақша кассасының мөлшері өз кезегінде ЖІӨ мөлшерінің болжалды өсіміне, ақшаның айналыс жылдамдығына және инфляцияның деңгейіне бағдарланатын Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша - несие саясатына тікелей тәуелді. [11]
Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Ал, тауар ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады.
Баға - құн заңының көрінісі. Құн баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны. Құн заңының әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізгі құн заңының өзіңде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, коғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттілігінің көлемі мен кұрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды роль атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор. [12]
Тауар өндірісінің негізгі үш шарты бар:
Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі, мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті;
Күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы;
Күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы.
Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі замандағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал құрылыс және сауда салаларының негізгі екені айқын. Сонымен, тауар өндірісінің экономикалық негізгі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынокта болмас еді. Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Бір сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Бұл меншіктің пайда болуы, адамдардың күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға — тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Тауардың екі түрлі сипаты бар:
Адамның белгілі бір қажетін өтеу қабілеті;
Екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыру қабілетін тұтыну деп атайды.
Тұтыну құны - тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбастау сипаты.
Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты (айырбас құны) деп аталады.
Айырбас құн — тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдірсді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынаста бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады. [13]
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын байқатады. Сол себептен тауар айырбасы мынадай екі түрлі сұрақ тудырады:
Түрлі тауарларды, заттарды теңестіретін не?
Айырбасқа түскен тауарлардың сан қатынасы немен белгіленеді? Тауарларды теңестіретін өзара салыстырып, өлшейтін негіз —
олардың еңбек өнімі, белгілі еңбек еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар енбектің ғана шығыны ретінде қаралса күн болып саналады, екінші сөзбен айтқанда құн дегеніміз: тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А.Смит, оны К.Маркс ілгері дамытты. Алдымен А.Смит зерттеген еңбек құнды алып қарасақ, тек қана еңбек өнімді жасаушы күш. Бұл теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа құн жасай алмайды, тек қана өз құнын жаңа өнімге ауыстырады. Оны ауыстыратын да адам еңбегі, бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. Соңғы уақытқа дейін кеңістік экономикалық теорияда енбек, құн және қосымша құн теориясы кең орын алып келді. Бірақ бұл теория адамзат қоғамының алдындағы негізгі мәселе азайып келе жатқан ресурстарды сақтауға арналған жаңа технологияны іздестіру қажеттігін еске алмады. Осыдан келіп құн және өндіріс шығындары туралы ұғым жалған түсіндіріледі. Тауарға баға берілгенде қоғамдық қажетті еңбек шығындарын есептеудің дұрыс еместігі, ол шығындар тиімділігі кәсіпорындарда болатындығы айқындалды. Оған қоса монополиялық баға тағайындау жасанды тапшылық (дефицит) тудыратыны мәлім. [14]
Шын мәнінде ерікті ұйымсыз, жеке адам өз инициативасы бойынша ерікті түрде кәсіпорын ұйымдастырмай нақтылы шығындарын есептей алмай немесе жаңа технологияның кажеттілігін түсінбейді. Ешбір жоспарлаушы орган шектелген өнімді, шектелген пайдалылықтың барлық жиынтығын, факторлар мен өнімнің бағасын есептеп, экономикалық проблемаларды шеше алмайтындығын әлемдік тәжірибе керсетіп отыр. Тепе-тендік бағасы барлық рыноктардағы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасады, шекті қоғамдық, пайдалылық пен шекті қоғамдық шығындар бір-біріне тең келіп тұратын "дәстүрлі бағаны" көрсетеді. "Дәстүрлі баға"өндірістің барлық негізгі факторларын: еңбектің, капиталдың, жерді пайдалану технологиясының тұрақты деңгейіндегі барынша тиімділікті сипаттайды. [10] Сонымен, құн заңы дегеніміз- баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл заңның мына секілді маңызды қызметтерін анықтайды:
Өндірістің негізгі факторларын бөлу. Баға өскен байқалған салаларда өндірістің жандануы орын алады. Мұнда өндірістің маңызды факторлары тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы оларға деген сұраныстан асатын болса, кері процесс басталады. Рыноктық бағалар төмендей бастайды және бұл саладан ауысуы орын алады.
Өндіргіш күштердің дамуының ынталандыру.Рынокта тауар еңбек шығындарына емес, қоғамдық қажеттік еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады. Егер қандай да бір фирма немесе жеке бір тауар өндіруші өңдіріс шығындарын ғана азайтуға қол жеткізсе, ол пайда алады. Бұл үшін технологияны жетілдіру, ғылыми-техникалық Прогрестің жетістіктерін қолдану, ресурстарды үнемдеу қажет. Сонымен ешқандай үгіт-ұрансыз құн заңы өндірушіні өндіргіш күштерді жетілдіру мен дамытуға қатысуға мәжбүр етеді.
Тауар өндірушілердің жіктелуі. Құн заңының бұл қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс шығындары төмен, рыноктың жай-жапсарын дұрыс бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданың өсуіне байланысты байи түседі. Басқа тауар өндірушілер "ұтылыста" қалып зиян шегеді. Тауар өндірушінің жіктелуі құн заңының, баға заңының объективті нәтижесі. [15]
Несие заңдарын білу және соның негізінде тиімді несие механизмін ретке келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігіне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын білдіреді.
Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс істеуі жағдайында ғана әрекеттік күші бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастардың дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігінің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы экономикадағы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтік, қажеттілік, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдарының өзінің қозғалыс заңдары іспеттес көрінісі бар. Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушіден қарыз алушыға өтіп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстінде болады. Егер ол бір буында тоқтап тұрып қалса, өзінің мәнін жоғалтып, несие болудан қалады. Сондықтан несиенің қозғалысы обьективті, қажетті, маңызды, жалпыламалы, нақты дүние. Яғни, несиенің қозғалысы оның аса маңызды сипаты, өмір сүруінің заңы.
Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиені басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгісі мен ерекшелігі — қайта айналып құйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушіге қайта айналып келмейтін болса, онда өзінің мәнін жоғалтып, жеке экономикалық категория ретіндегі несие боп аталудан қалады. [16]
Тарылған құндылық өзі шыққан пунктте қайта оралып келу үшін белгілі бір жұмыс істейді, яғни ұдайы өндіріс процесіне қатынасады, пайызын өсіру үшін уақытша пайдалануға берілген бастапқы мөлшерін қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзіндік мүмкіндіктер жасайды. Бұл процесте: объективтілік, қажетттілік, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгілері бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушіден оны алуға дейінгі жолда өзінің тұтынушылық ерекшеліктерін (өндіріс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрін сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендігімен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзінің бастапқы сапасын, әрі жоғары мүмкіндіктерін жоғалтпайды.
Несиенің қарастырылған заңдары мен олардың ерекшеліктерін танып білудің тәжірибелік маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлгаюы сияқты аса күрделі экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемітеді, инфляцияға келіп соқтырады және т.б. [17]
Қазақстан Республикасының ақша-кредит және банк статистикасы бойынша елдің халықаралық резервтері 2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (53,3 млрд. долл.) 82,2 млрд. АҚШ долл. құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға ұлғайды.
Экономикаға банк кредиттерінің жалпы көлемi 2012 жылдың 1 тамызында 9289,3 млрд. теңгені құрады және 13,5%-ға өсті.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылдың 1 тамызында 9184,1 млрд. теңгені құрады және 8,0%-ға өсті.
Несиелеу обьектілері бойынша банкілер несиелерінің құрылымы суретте көрсетілген (1- сурет).
Сурет 1. Несиелеу обьектілері бойынша банкілер несиелерінің құрылымы
Заңды тұлғаларға кредиттер беру 2012 жылғы қыркүйекте өткен айға қарағанда 1,3%-ға өсті және 6835,7 млрд. теңге құрады, жеке тұлғаларға 2%-ға өсті және 2695,3 млрд. теңге құрады. Кредиттердің жалпы сомасында ұзақ мерзімді кредиттер 81,2% (7739,9млрд. теңге), қысқа мерзімді кредиттер 18,8% (1791,2 млрд. теңге) құрады. (2- сурет).
Сурет 2. Несие рыногы
2.2. Қазақстан Республикасының сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдануды зерттеу
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады. (График түрінде 3- сурет). [18]
Сурет 3. Сұраныс қисығы.
Q – қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер P1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, P2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с.с.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы төмендеген сайын, сатып алушылар саны көбейе береді, сұраныс жоғарылайды.
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының кері тәуелділігі ұсыныс заңы деп аталады. Суреттегі қисық сызықты сұраныс қисығы дейді.
Сұраныс қисығы – сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Біз осыған дейін сұранысқа тек бағаның тигізетін әсерін айттық. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптен сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1, қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (4-сурет). [24]
Сурет 4. Сұраныс қызметі.
Сұраныстың бұл қызметін – сұраныс қызметі (функция) деп атайды. Сұраныс қызметі (функция) – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға тәуелділігіне байланысты анықтайтын қызметі.
Сұранысқа бағадан да басқа әсер ететін факторлары бар. Олар:
а) тұтынушылар табысының мөлшері мен динамикасының өзгеруі;
б) тұтыншылар талғамының өзгеруі;
в) нарық мөлшері;
г) бағалық және тапшылық күту;
д) алмастыратын және толықтырушы тауарлардың болуы, т.с.с.
Осы
факторлардың бәрінің қызметі сұранысқа
әсер етіп оны құрайды.
бұл
жерде: (2)
-
сұраным;
–
баға;
–
табыс;
– талғам;
–
күту;
–
алмастырушы тауар бағасы;
–
аралас тауарлардың бағасы;
–
сатып алушылар саны;
–
басқа да факторлар.
Жоғарыдағы аталған факторлар жеке сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжуын қамтамасыз етеді.
Ұсыныс дегеніміз – тауар өндірушінің сатуға нарыққа шығарған тауар саны (көлемі).
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың нарығындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика түрінде 5-суретте бейнеленген (жеткізілген тауарлар саны Q; бағаның қазғалысы P).
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін айтып отырмыз. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі, ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді.
Сурет 5. Ұсыныс қисығы.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен ұсыныс қисығының да жылжуы мүмкін. [19] Баға мен ұсынылып отырған тауар санының тікелей байланысын ұсыныс заңы – дейміз. Ұсыныс қисығы осы уақытта нарықта қанша тауар әртүрлі бағалармен сатылатынын көрсетеді. Ұсыныс қызметі (функциясы) дегеніміз – әртүрлі әсер етуші факторларға тәуелділігіне байланысты ұсынысты анықтау. Ұсынысқа тек баға ғана әсер етпейді, оған басқа да факторлар әсер етеді.
Ұсынысқа әсер ететін факторлар:
а) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағасы;
б) технология;
в) нарық экономикасының бағалық және тапшылық агенттерін күтуі;
г) салық пен субсидиялардың мөлшері;
д) сатушылар саны.
Ұсыныс көлемі (мөлшері) – факторлардың қызметі (функциясы):
. (3)
Бұл
жерде:
тауар
бағасы;
ресурстар бағасы;
қолданылған технология сипаты;
салық және субсидия;
сатушылар саны;
басқа да факторлар.
Сурет 6. Ұсыныс қызметі (функциясы).
Ұсыныс қисығының түрі тауар өндірудегі өндіріс технологиясы мен ресурстарды пайдалануға тікелей байланысты. Егер өндіріс икемді болып, ондағы пайдаланатын ресурстар жоғары болса, онда бағаның азғантай өзгерісі тауар ұсынысын едәуір көтеріп, қисықта оң әрекеттер болады. Егер өндіріс шығарған өнімнің көбеюі үлкен ресурстар шығынымен байланысты болса, онда қисық өте теріс әрекеттерге апаруы мүмкін.
Ұсыныс қисығы мына төмендегі шарттарды сақтау негізінде құрылуы қажет:
өндіріс шығынының белгілі болуы (егер шығын төмендегенде, өндірушілер сол санды тауарды, бұрынғыша, өндіруге келіседі, бірақ төмендеген бағамен немесе ағымдағы бағамен болса одан көп өндіруге);
алмастырушы тауарға баға анықталған;
баға өзгерісі – жалғыз жол.
Егер осы шарттар сақталмаған жағдайда ұсыныс қисығы ауысады: әр түрлі бағамен ұсынылған тауар саны өссе, онда ол оңға және төмен ауысады, ал қысқарса – солға және жоғарыға ауысады. Егер аталған шарттар тұрақты болса, онда баға өзгерісі қисығымен жүргізіледі. [20]
Сұраныс пен ұсыныстың қысқаша талдауынан байқалғаны ұсыныстан да, сұраныс, уақытқа қарай қозғалыста жиі болады. Бұл мынаған байланысты, сұраныс көп жағдайда баға өскен кезде бірден қысқарып кетеді. Керісінше бағаның өсуі өндіріске берілетін бірінші хабар болады, сонан соң тауар өндірушілер өндірісті ұлғайтып, қосымша ресурстарды іске қосып, соның негізінде тауар ұсынысы көбейеді. [12]
Нарықта сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауар қосымша қорының мөлшері мен оның бағасының динамикасына және халықтың ақшалай табысына, сауданы ұйымдастыруына, жарнама т.с.с. факторларға тәуелді. Бұл жағдайдың көрінісін үш вариантта байқауға болады.
Бірінші вариант, ұсыныстың сатып алушылар сұранысынан артық болуы. Мұндай жағдай тауарды артық өндіргеннен ғана емес, тауарлардың бағасының тым жоғары көтерілуінен, халықтағы ақша тапшылығынан және т.б. әрекеттердің салдарынан болады.
Екінші вариант, біріншіге керісінше, сұраныстың тауарлар ұсынысынан жоғары болуы. Бұл жағдайдың орын алуы сұранысты қанағаттандыра алмаудан және тауар тапшылығынан болады. Нарық тапшылыққа бағаны тікелей немесе жабық түрінде өсіруімен әсер етеді. Мұндай жағдайдан жоғарғы сұраныстағы тауар өндірісін көбейту, бағаны көтеру және халықтың ақшалай табысының өсуін төмендету арқылы шығады.
Үшінші вариант, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы мынадай жағдаймен сипатталады: біріншіден, тауар сұранысының құрылымы мен мөлшерінің сәйкестігімен, екіншіден, тауар ұсынысының құрылымы мен мөлшерінің сәйкестігімен, демек, сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігімен ерекшеленеді. [18]
Қазақстан Ркспубликасындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс (2-кесте) кестеде көрсетілген.
Кесте 2.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсысыс
Сұраныс пен ұсынысқа байланысты еліміздің өндіріс бойынша жалпы ішкі өнім құрылымының 2010-2011 жылгы пайызбен өлшегендегі көрсеткіштері (7-8 суреттер)
Сурет 7. ҚР ЖІӨ 2010 жылғы құрамы
Сурет 8. ҚР ЖІӨ 2011 жылғы құрамы
Қорытынды
Экономикалық заңдар немесе экономикалық даму бағыттарын қорытындылау - бұл адамдардың мінез-құлқына қатысты қоғамдық заңдар, онда түрткі болатын уәждер әрекетінің күшін ақшамен өлшеуге болады.
"Қалыпты"-деген сөзді бұлай пайдалану қате түсіндірілген
еді, сол үшін айырмашылықтардағы бірлік туралы мәселе көңіл бөлуге тұрарлық, себебі мұның өзі термиңді алуан түрде пайдаланудың негізінде жатыр. Біз "жақсы" адам туралы немесе "күшті" адам туралы айтқанда, әңгіме болып отырған қасиеттср туралы, олардың нақты дене бітіміндегі, ой не мінезіндегі артық-шытығын немесе сенімділігін ойда ұстаймыз. Мықты судьяның қасиеті мықты ескекшінің қасиетінен өзгеше, ал жақсы шабандоз үнемі рахымшылдығымен көзге түсе бермейді. Сол сияқты "қалыпты" терминін әрбір жолы пайдаланғанда, әрекеті салыстырмалы түрде ретсіз, ерекше құбылыстардан жоғары тұратын, артығырақ не кемірек түрде тұрақтылыққа, бірқалыптылыққа ие сипаттары бар құбылыстарды түсінеміз.
Осы көзқарасқа негіздей отырып, қалыпты экономикалық әрекеттер дегеніміз, кәсіпқой топтардың мүшелерінен белгілі бір жағдайдың (аталған тжағдайлардың тұрақты сипатта болуы шарт) соңында қандай әрекеттерді күтуте болатын жағдай.
Жыл мерзімін назарға алмай, жұмыртқаның қалыпты бағасын бір пенс деп санауға болады, соған қарамастан қаланың базарында қаңтарда қалыптағы бага үш пенс болуы мүмкін, ал осы айдагы екі пенсті, "мезгілсіз" жылы ауа райымен байланысты болған қалыпты емес, төмен баға деп түсінуге болады. Тағы да бір түсінбестік, шектелмеген еркін бәсекенің жұмыс істеуінен туындаған экономикалық нәтижелер ғана қалыпты болып саналады, - деген қате түсініктен пайда болады. Бірақ қарастырылып отырған терминді, еркін бәсеке болмайтын және жалпы болуы неғайбыл жағдайларда да жиі пайдалануға тура келеді. Ал, тіпті, еркін бәсеке бәрінен де көп таралған жерлердің өзінде, кез келген құбылыстың, кез келген негізгі бағыттардың жүзеге асуының қалыпты жағдайлары бәсекемен қамтылмаған және онымен ортақ ешнәрсесі жоқ элементтерді өзіне біріктіреді.
Экономикалық заңдардың, табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалық заңдар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып - кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өңдірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда және қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін рынок өзі анықтайды.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс - әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап - тілектерге қайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолыңда осыны қатаң ескеру қажет.