- •1)Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
- •2)Қазіргі экономикалық теориядағы экономикалық ресурстар түсінігі
- •3)Экономикалық өсу: типтері мен факторлары
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •4)Жұмыссыздықтың мәні, себептері мен түрлері. Қр жұмыссыздықпен күресу шаралары
- •5) Өндіріс, оның мәні және факторлары
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •6)Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •7)Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •Шаруашылық серiктестiк
- •[Өңдеу]Толық серiктестiк
- •Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
- •Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
- •[Өңдеу]Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
- •[Өңдеу]Акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Тәуелдi акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Өндiрiстiк кооператив
- •8)Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •9)Сұраныс және ұсыныс теориясы
- •Сурет 2.5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2.5 ә Ұсыныс функциясы
- •10)Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптасу және пайдалану механизм
- •11)Қр Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының құралдары
- •12) Инфляция: мәні, нысандары, себептері мен салдары
- •14)Бәсеке және монополия теориясы
- •1.1 Жетілген бәсеке
- •15) Шекті пайдалылық теориясы. Құнның негізгі теориялары
Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.
Сенiм серiктестiгi салымшысының:
серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша алуға;
серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;
заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқылы.
Сенiм серiктестiгiнің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Сенiм серiктестiгiнің салымшылары үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.
