- •1)Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
- •2)Қазіргі экономикалық теориядағы экономикалық ресурстар түсінігі
- •3)Экономикалық өсу: типтері мен факторлары
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •4)Жұмыссыздықтың мәні, себептері мен түрлері. Қр жұмыссыздықпен күресу шаралары
- •5) Өндіріс, оның мәні және факторлары
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •6)Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •7)Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •Шаруашылық серiктестiк
- •[Өңдеу]Толық серiктестiк
- •Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
- •Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
- •[Өңдеу]Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
- •[Өңдеу]Акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Тәуелдi акционерлiк қоғам
- •[Өңдеу]Өндiрiстiк кооператив
- •8)Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •9)Сұраныс және ұсыныс теориясы
- •Сурет 2.5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2.5 ә Ұсыныс функциясы
- •10)Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптасу және пайдалану механизм
- •11)Қр Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының құралдары
- •12) Инфляция: мәні, нысандары, себептері мен салдары
- •14)Бәсеке және монополия теориясы
- •1.1 Жетілген бәсеке
- •15) Шекті пайдалылық теориясы. Құнның негізгі теориялары
5) Өндіріс, оның мәні және факторлары
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда- бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрлыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде ттұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп жұмыс күшін, шикізат маьериалдарын тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекет арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандай да болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы оның факторы болып қалады».
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оның өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзегеасу үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрыңғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизммен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамыды. Жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалық революция бұған жаңа компонетті қосты-электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формал-
Ды икемге келетін жұмысын атқарады. Осы компоненті шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.
Еңбек заты мен құрал- саймамндар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады.Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.
Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал – жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ( қазба өндірісінде) ретінде қолданылады,
Басқасында- басты еңбек құралдары ( ауыл шаруашылығы) ретінде.
Келтірілген өндіріс факторыныңкласификациясы мәнгі қатып қалған болып танылмайды.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдар.
Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді. Ең нашар сәулетшінің, - деп жазады К. Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда – сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын-ала жобалап алады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәукелдікті көрсетеді.
Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі
Мақсаты: Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента
Дәріс мәнмәтіні
Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.
