Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қт 7 сынып 5 модуль 21-29.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

§ 25 Әмір Темір жорықтары

* Әмір Темір 1370-1405жж билік құрған

-Әмір Темір түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы.

-1336-1405 жылдары өмір сүрген.

-1370ж Мауараннахрдағы билікті басып алды.

-Шығыс-Дешті Қыпшақ, Жетісу, Тянь-Шань, Қазақстан мен Қырғызыстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізді.

Алтын Орда мен Ақ Орданы әлсіретуді ойлады.

-Ұрұс хан-Сарай қаласын басып алуға көмектеспегені үшін,Түй Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір –Темірге қашып кетеді.

- Әмір-Темір Тоқтамысқа әскер беріп аттандырады.

1.Сауран түбінде -1374-1375 жж Тоқтамыс жеңіледі.

2.Екінші рет Тоқтамыс -Тоқтақиядан жеңіледі.

3.1376 ж- Отырар маңына орналасады Ұрұс ханның ұлы Мәліктің 10 мың әскерін -Әмір Темір талқандайды.

-Ұрұс хан мен Тоқтақия дүние салғаннан кейін жаулап алу оңайға түседі

-Темір, Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызады.

-Жошы ұлысының қалған жерлерін жаулап алуды тапсырады.

-1377 ж Ұрұс ханның ұлы Темір Мәлік Сауранды Тоқтамыстан тартып алады.Тоқтамысты Ақ Ордаға қайта аттандырады.Сығанақты басып алып, Темір Мәлікті біржолата талқандайды.

-Тоқтамыс –Ақ Орданың билеушісі болады

-1380ж -Тоқтамыс Сарайды,Қажы тарханды, Қырымды, Мамай ордасын басып алады.Темірге тәуелділігін мойындағысы келмейді

*1391 ж 21 қаңтарда 200мың әскерімен Темір Тоқтамысқа қарсы аттанады.

18 маусымда Құндызша деген жерде Тоқтамысты жеңеді.

-1393ж Алтын Орданы Тоқтамыс қалпына келтіріп билігін күшейтеді.

*1395 жылы Кавказ тауының солтүстігі, Терек өзенінің жағасында Темір мен Тоқтамыс арасында шайқас болады Тоқтамыс жеңіледі.

-Темір әскерлері Сарай Беркені алып, халықты қырғынға ұшыратады, тонайды.

-Алтын Орда экономикасы құлдырайды.

* Моғолстанға -Темірдің жасаған жорықтары.

-1371-1372 жж Моғолстанға әскер аттандырады.Керейіттерді талқандайды.

-Темірдің өзі Моғолстанның жері Ыстықкөлге дейін барып, Сегізағашқа барлау жасап, олжа түсіреді.

-1371-1390 ж он шақты рет жорық жасайды.

-1371-1377 жж -Сайрам, Талас арқылы Жетісуға дейін Іле өзеніне жеткен.

-1376 жылы –Камарад-динді талқандау үшін 30 мың әскрін аттандырады. Оны қыпшақ Әмірі Сасы-Бұға басқарған.

-Әмір Темірдің Хорезімге кеткенін пайдаланып, қарсы бүлік шығарады.

Сасы Бұға -Ұрұс хан мен Камарадиннен көмек сұрайды.

-Мұны естіген Темір Қамарадинді Атбасы маңында (қырғыз жері) талқандайды.

-1377ж- Қаратау етегінде Бұғым шатқалында екі рет Моғолдар- Әмір Темір әскерінен жеңіледі.

-Ақ Орда мен Моғолстан хандары 1380 жылы одақ құрады ,ол нәтижесіз болады.

-1384-1391 ж Алтын Ордаға, Моғолстан жеріне жорық жасайды.

120 мың әскер аттандырады, тонайды,

-1390 жылы Моғолстан- Темірге толық тәуелді болады.

-1405 жылы Отырар қаласында қайтыс болды.

*Әмір Темір зардаптары.

-Халық шаруашылығы күйрейді.

-Ел арасында байланыс үзілді

-Халық қырғынға ұшырады.

-Құлдыққа сатылды

-Қалалар қирады, өртелді

-Көшу, қоныс аудару күшейді

-Халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды

-Экономикасы, мәдениеті құлдырады

§ 26 Ноғай ордасы XIII-xVғғ

*Аумағы:

-Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында

-XIII-XVғғ Қазақстанның солтүстік – батысында, Еділ мен Жайық өзендері аралығында-Ноғай ордасы құрылды.

-Солтүстік-шығысында Батыс- Сібір ойпатына,солтүстік- батысында Қазан қаласына дейін-оңтүстік- батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін алып жатты.

*Астанасы: Жайық бойындағы-Сарайшық қаласы

-Х ғ Сарайшық қаласының негізі қаланды

-Алтые Орда дәуірінде- Кавказды бен Қырымды, Қарақорымды, Қытай мен байланыстырды.

-XIII-XIV ғ дәуірлеген-гүлденген қала болды. Қыш күйдіру,темір қорыту цехтары,ақша жасау шеберханалары,мешіттер,шығыс моншлары, базарлар, қоғамдық ғимараттар, су құбырлары болған.

*Қасым хан тұсында- қазақ хандығының Сарайшық астанасы болған.

*1580 жылы-Дон казактардың шапқыншылық салдарынан Сарайшық қаласы қирады.

-Сарайшықта-Алтын Орда- қазақ және ноғай хандары жерленген.

-Ноғай Ордасының аты– Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болған,

-Батый мен бірге жорықта жүрген Алтын Орданың бес ханның тұсында қолбасшы болған.

-Ноғайға қараған (1260-1306 ) рулар, Ноғай елі деп аталады.

-Көпшілігі түркі тілдес маңғыт тайпалары -«маңғыт елі» деп аталды.

-Ноғай Ордасының іргетасын Едіге қалады.Алтын Ордадан оқшаулана бастады.

-Нұрад-диннің (14201440) кезінде бөлініп шықты, жеке мемлекет болды.

*Қоғамдық құрлысы:

-Алтын Ордадан бөлініп, феодалдық иеліктерге ие болды.

-Едіге-Алтын Орданың билеушісі болған, өзін хан етіп жариялауға құқысы болмады.

-Едігенің «беклер-бек» «ұлы-әмір» атағы болған.Билігі шексіз болған.

-Бектер мен мырзалар, сұлтандар, байлар елді биледі Билік мұрагерлік жолмен берілді, этникалық құрамы жағынан әртүрлі болғандықтан-ұлыстық жүйе енгізілді.Ұлыс билеушілері-мырзалар болды

-Қарапайым халық салық төлеп тұрды, қару-жарағымене соғысқа аттануға міндетті болды

*Саяси тарихы

-Едіге XIVғ 90 жылдары Тоқтамыс ханмен билік үшін, шекарасын нығайту үшін соғысқан.

- Едіге 15 жыл билеген. (1396-1411)-Хан көтеру -Едіге ұрпақтарының келісімімен жүргізілді.

-Маңғыт елі «Едіге жырын» шығарды

-Едіге кезінде жері- Батыс Сібір ойпатына дейін жетті.

Қашып келген Тоқтамыс қаза болғаннан кейін, тайбұға тайпасы Едігенің билігін мойындады.

-XVғ ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, қалаларды жаулап алды.

-1446 жылы Уақас би Үзкент қаласына билік жүргізген.

-Мұса мырза, Жаңбыршы сияқты -Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде белгілі адамдар болған.

*Ыдырауы

-XVІ ғ (ХҮғ) басында ыдырай бастайды. 1550 жылдың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді, кіші жүз қазақтар құрамына қосылды.

-ХҮІІ ғ басында Жайық, Кавказ жағасынан Дон даласына қарай ығысып үлкен Ноғайлы Ордасыныңханы Кіші Ноғайлыға қосылады Қырым хандығы мен түрік сұлтандарына тәуелді болады

-ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Орыс мемлекетімен, Қырым, қазақ хандықтарымен сауда-экономикалық, саяси жағынан байланыста болды

*XIII-XV ғ Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір

-Сібірді- түрік тайпалары мекендеген.Қазақстанмен байланыс жасаған.

-Шыңғыс хан жорығы кезінде тайпалар,Сібір жерін паналаған.

Жергілікті халықтармен сіңісіп кеткен,

-Қыпшақтар-негізгі ұйтқысы болған тайпалар.

-Тобылдан Ұлытау Сырдарияға дейін -наймандар, керейіттер,меркіттер, оңғұттар қоныстанды.

-Бірлестікте -керейіттер басты рөл атқарған.

Монғол шапқыншылығынан кейін

-Батыс Сібір- Жошы ұлысының құрамына кірді-Шайбани әулетінің жері саналғанымен билік Тайбұға заманындағы болған түрік шонжарларының қолында болған.

*Астанасы: Тура –Чимги Тура , Қызыл Тура

*Едігеден қашқан -Тоқтамыс тайбұғалықтарға келіп, хандық құрған

*Тайбұғалықтар одан кейін Едігенің билігін мойындаған.

*.Шайбани ұрпағы -Махмұд кожа Батыс Сібірде ноғайлардың қолдауымен қашып барып, хан болды.

*Астанасы –Қызыл Тура

*1428 жылы- Әбілқайыр Батыс Сібірде Махмұд Қожаны жеңіп,

Батыс Сібір-Әбілқайырдың қолына көшеді.

*Шайбанидің екінші ұрпағы- Ибақ хан билікті өз қолына алды.

-Чимги Тура, Тобыл және Ертіске дейін жерлерде өз билігін жүргізді.

-Сібір хандығының негізі жерлері- түркі тілдес Тобыл Тура өзендерінің аңғары болды.

-Ибақ хан-қазақ хандары Жәнібек пен Кереймен одақтасып, Әбілқайырдың мирасқоры- Шайх –Хайдарды өлтіреді.

-Ибақ хан- 1481-1484 жылдары Орыс мемлекетіне екі рет елшілік жіберіп,.

III Иванмен одақ құру шарт жасасып келісімге келді.

-1495 жылы Чимги Тураға -Мұхаммедтің басшылығымен тайбұғалықтар шабуыл жасап, одан кейін Ибақты өлтірді.

-Мұхаммед хан болды, одан кейін билік тайбұғалықтар қолына көшті.

*Этникалық құрамы

-Ноғай Ордасының негізгі құрамы- маңғыттар болды.

-Қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ алаш, тама- түркі тілдес тайпалар болған.Әр түрлі тайпалардан құралуы-саяси жағынан құрылған.

*Ш.Уалиханов «екі туысқан орда» деп аталды.Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарып кіші жүздің құрамына кінген.

*Батыс Сібірде-қыпшақтар- негізгі ұйтқысы болған тайпалар

- Торғай, Есіл, Ертіс қыпшақтары: құлан-қыпшақ, қытай-қыпшақ, сақал-қыпшақ, маджар-қыпшақ, торайғыр- қыпшақ бірлестігіне бөлінді.

*Керейттер бірлестігі басым болған-Орта, Ерті, Тобыл,Тура аймағын мекендеген.

-Қазақстан жеріндегі мемлекеттердегі ру-тайпалардың этникалық құрамы ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады

.