Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қт 7 сынып 5 модуль 21-29.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

Модуль -5

§ 21 Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

*1.Монғол империясының құрылуы.

-Монғолияның ХІІІ ғасырдың басында Керей, Найман, Жалайыр хандықтарының шекарасына монғол тайпалары өмір сүрген.

-«Монғолдардың құпия шежіресінде» Керей (Керей хан,Торы) хандығы монғол тайпаларымен жақсы қарым-қатынаста болғандығы айтылған.

-Монғол қағаны Шыңғысты тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген

*Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан.

(1162 кейбір деректерде,Темүжін-әкесінің аты Есугей)

- Ол 1155жылы Кендітау аймағында Онон өзенінің Болдоң деген жерінде туған.

*1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында құрылтайда Темүжінді хан сайлайды.

-«Монғолдың құпия шежіресінде» Керей ханы Торыға «Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деп бата береді.

*1206 жылы деп Ұлы Құрылтайда Монғол империясы құрылады. Шыңғысхан хан болып сайланады.

*2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

*Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарады.

-Жаза білетін уәзірлері болған.

-Империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.

Әрбір түменде-10 мыңнан адам болды.

-Түмендер аймаққа бөлінді.

-Мыңдық- он жүздіктен, жүздіктер- ондықтардан тұрды.

Аймақтар мен түмендерді, мыңдықтарды –Шыңғысханның туыстары мен

ақсүйек нояндар басқарған.

-Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы- үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді.

*Оң қанат- (Барунгар), Сол қанат- (Жоңғар) Орталық қанаты- (Кул) деп аталған.

-Жеке басын қорғайтын жасауыл «кешіктен» деп атаған.

-Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды. Екі бөлімнен тұрған:

*Бірінші бөлімде- Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқару жөнінде шешімдерден тұрды.

*Екінші бөлім- әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар, орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.

*«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы- Құрылтай болды.

жылына бір рет шақырылды.

-Басты мәселе – алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды.

*Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

-Шыңғысхан Найман, Керей, Жалайыр сияқты Монғолия жеріндегі түрік тілдес хандықтарды қол астына қаратты.

*1207-1208 жж баласы Жошы- Енисей қырғыздары Сібір хандықтарын басып алды.

*1207-1209жж- Шыңғысхан-таңғұрттардың мемлекетін Тұрфан кінәздіктері, ұйғырларды бағындырды.

*1211-1215 жж- Қытай жерін бағындырып соғыс техникаларын қол түсірді.

-Орта Азия мен Қазақстан туралы мәліметтер алып отырған.

-1217 жылы Жетісуға-Жебе ноянды аттандырады.

-Монғолдар діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.

1218 жылы Жетісу жеріне енеді.

*Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алынғаннан кейін -Қазақтанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды.

* «Отырар опаты»-Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік саудакеруені-1218жылы Отырар қаласына келеді.Отырар билеушісі Ғайыр хан керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратты.

*1219 ж-Шыңғысханның 150 мың қолы- Ертістен Сырдарияға қарай өтеді

*Шығатай Үгедей түмендері- Отырарды қоршауға алады.

*Жошы бастаған қол -Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларға аттанады.

*Үшінші бөлік- Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларға аттанады

*Төле-Бұқара қаласына аттанады

*Отырар қаласы 6 айдай берілмеді. . Қараша-хажиб монғолдарға берілді.

-Сығанақ қаласы-3 ай бойы, Ашнас қаласы-15 күндей берілмеген

-Үзкент, Баршыкент қалалары басқыншылардың қолына түсті.

*1219-1220жж-Сыр бойында қалалар манғол иелігіне өтеді.

*Монғол щапқыншылығының зардаптары

-Жетісу аймағындағы халықтың манғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінін өзін де қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды.

-Бұл аймақта шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекендер болды.

ХIII-ХIV ғасырларда бұл аймақта бар жоғы -20-ға жуық қала мен қонысжайлар ғана қалған.

-Жуас қала атанған- Баласағұнның орны белгісіз

-Отырықшылық мәдениет тоқырады

-Сыр бойындағы қалалар қатыгездікпен жаулап алынған, археологиялық қазба кезіндегі Отырар қаласының орнынан 20-30 адамның бас сүйектері табылған

-Қалалық мәдениеттің дамуына кедергі келтірді

-Отырықшылық мәдениет тоқырады.

-Егін щаруашылығының жүйесі бұзылды

-Елдер арасындағы байланыс бұзылды

-Халақтардың этникалық құрамы бұзылды

-Қазақ халқының қалыптасуы ұзаққа созылды

Ұлыстардың құрылуы.

*Жошы ұлысы.

-Жошы ұлысына- шығысы Ертіс өзенінен- батысы Еуропа жеріне дейін қараған. Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, -Жетісудің солтүстік-шығыс бөліктері қарады.

-Ұлыстың орталығы Ертіс бойында Сарысу мен Кеңгір өзендерінің бойында.

Жошының күмбезі осы жерде орналасқандықтан болуы мүмкін.

*Шағатай ұлысы.

-Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта Азия жерлері берілген.

-Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы.

Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы -Құяш деген жерде. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері кірген.

*Үгедей ұлысы.

-Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы н-дағы жерлер қараған.Ұлы хан атанғаннан кейін Қарақорымда тұрған.

*Кіші баласы Төле- Монғолия жерін билеген.

Саяси, экономикалық, этникалық байланыс болмаған.

*1259 жылы ұлы хан Мөнке қайтыс болған соң, Шыңғыс тұқымдарының арасында талас шиеленісті.