
- •1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
- •2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
- •4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
- •8)Трианон бейбіт келісімі
- •9)Севр бейбіт келісімі
- •10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
- •11)Фашистік қозғалыс идеологиясының негізгі бөліктері
- •11)Нәсілшілік теориясы
- •13.Геосаясат.Ницшеандық.Христиандық социализм.
- •14.Фашистік жүйелердің батыс елдеріндегі негізгі түрлеріне сипаттама.
- •15.Фашизмнің қалыптасуының алғышарттары,идеологиясы және практикасы. Фашизмді классификациялау.
- •16.Жаңа экеономикалық доктриналардың пайда болуы мен алғы шарттары.
- •18)Италиядағы фашизм
- •20) Ибериялық фашизм
- •22)Д.М.Кейнс және оның «Общая теория денег, процента и занятости» атты еңбегі
- •23) Кейнсиандық, дағдарысқа қарсы теория ретінде: негізгі ережелері, реттеу түрлері
- •24) 1929-1933Жж. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның ақш-ғы ерекшеліктері. Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты
- •25.Ф.Рузвельттің “жаңа бағытының” реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдық үлгісі
- •26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”
- •31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі
- •33) Төртінші Республика жылдарындағы Франция.
- •34) Екінш дүние жүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
- •36)Еуропа және Америка елдерінің хх ғ. Екінші жартысындағы дамуының негізгі бағыты
- •37)«Қырғи-қабақ» соғыс. Екі полюсті әлемнің қалыптасуы
- •39)Әлемдік интеграциялық үдерістер
- •40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
- •46) Ғтр әлеуметтік-саяси салдары мен сипаты.Ғтр және әлемдік дамудың қазіргі нұсқасының қалыптасуы
- •59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
18)Италиядағы фашизм
Фашизм әлем тарихындағы қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған. Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары Италияда «қаралы жылдар» деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей Федерациясында көрініс беруде. Соғыс шырғалаңы құнсыздануды өсірді, жұмыссыздық етек жайып, соғыстан қайтқан солдаттар жұмысқа орналаса алмады. Мемлекетте революциялық бүлікшілер шыға бастады, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындады. Мемлекеттік жүйе елдің алдында тұрған қиын мәселелерді жөнге келтіре алмады. Соғысқа дейінгі Италияның саяси өмірінің ерекшелігі – белгілі бағдарламалы бұқаралық саяси партиялары мен дамыған нақты ұйымдық құрлымы болмады. Италия парламентіндегі буржуазиялық саяси ағымдар әртүрлі топтардан яғни, либералдар, республикашылар, радикалдар т.б. тұрды. Олар өздері сайланған аудандармеғн байланысы нашарланған соң басшылық маңына топтасты. Осы топтардың ішінде Италияның Социалистік партиясы нағыз саяси партия болды. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен католик топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық партия құрылды. Түрлі қозғалыстар мен ұйымдардың ішінде фашистік топ алғашында онша көзге түспеді. Кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен, ұсақ буржуазия арасынан шыққан байырғы майдангерлер есебінен саны толыққан фашистік қозғалыс бірте-бірте ұлғая берді. Италия либералдық мемлекетінің әлсіздігі, демократиялық оппозиция күшінің бөлшектенуі Италия фашизмінің үкімет басына келуін жеңілдетті.1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала өрістеген фашистік қозғалыс кең көлемде лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. 1919 жылы наурызда Миланда өткен жалпыұлттық жиналыста фашистік әскери қосындардың одағы құрылды. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини (1883-1945 жж) болды. Фашистердің екпінді күші болып, таптық белгілерінен айырылған элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған жауынгер топ құрылды. Бұл топтарды ағайынды Перроне, Пирелли, Палоно, Оливетти және т.б. монополистер, ірі латифундия өкілдері, генералдар қаржыландырып отырды. Фашистік қозғалыстар қатары кедейленген ұсақ және орта буржуазия есебінен бірте-бірте кеңейе түсті. Ал 1921 жылдан бастап, бұлар лаңкестік жолға көшті. 1921 жылы қарашада фашистер, Ұлттық фашистік партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны «дуче» («көсем») деп атайтын.1919-1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы сәтіздіктер италяндықтардың шовинистік ойларын күшпен орындауға шақырды. Италия армиясында бүлікке шақырушылар көбейе бастады.Олар Адриат теңізінің жағасына, Германияға әскер жіберуді талап етті.1920 жылдан бастап Италияда саяси күштердің ара салмағы ұлтшыл шовинистік топтарға қарай ауысты. Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. Экономикалық дағдарыстар, революциялық толқулар Италия буржуазиясының террорлық саясатқа көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің халық арасында беделі өсті. Фашизм Италияда ірі әлеуметтік күшке айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш деп жарияланды. Либералдық үкімет революциялық толқулардан соң террорлық қимылға көшті. Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік топтар күштерін біріктіріп, 1919 жылы “әскери одақ” (fasudi combatmento) құрды. “Әскери одақ” фашистік ұйым ретінде құрылып, оның жетекшісі Муссолини болды. Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық, үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің дәрменсіздігін сынға алды. “Ұлттық мүдде”, “ұлы ұлт” идеясын таратты. Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды. Олар өз меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі буржуазияны қатты сыңға алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады. Фашизмнің шабуылы күшейген кезде халық арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия Социалистік партиясы оқшауланып, тек қана социалистік идеяны уағыздау меншіктеліп қалды. Жұмысшы тобы реакциялық буржуазия жағына шықты.1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық Италияда фашистер ашық террорға шығып, коммунистер ықпалындағы жергілікті ұйымдарды талқандап, большевиктерден елді құтқаруға шақырды. Жұмысшы тобын әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды. Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді саяси жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И.Бономи әскерлерді фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп, фашизмнің қарулануына жол берді. Италия премьер-министрі либерал Дж. Джолити парламенттегі 35 фашистік депутаттармен бір блокқа кіріп, ИСП мен ИКП депутаттық тобына қарсы күресіп отырды. Италияның ірі буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік саяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік күштер өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын қалпына келтіретін бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді. Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына жол ашылды.1922 жылдан бастап фашистер парламентті таратып, диктатуралық билікті орнатуға шақырды.
19) Француз фашизмінің ерекшелігі. ХХ ғасырдың 30-жылдарының алғашқы кезіндегі экономикалық дағдарыс, оңшыл блок партияларының елді басқарудағы дағдарысы, Францияда 20- жылдарда пайда бола бастаған фашизм саяси ұйым ретінде демократиялық еркіндікке қарсы күресті күшейте бастады. Экономикалық және саяси дағдарыстың барысында фашистер жеке адам билігін орнатуды талап ете бастады. Трі буржуазия солшыл блок үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы күрес жүргізу үшін фашизмді қолдай бастады. Фашизмді елдегі ірі электротехникалық трест басшысы Мерсье, парфюмер фабрикасының директоры Коти, металлургия өндірісі және басқалар қолдап, қаржылай көмек көрсетіп отырды. Тардье үкіметі фашистерге жасырын қор арқылы субсидия беріп отыр- ды. Ал реакциялық офицерлер қару-жарақ беру арқылы көмектесіп отырды. Француз фашизмі бағдарламасының Италия, Германия және Испания фашистерінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ еді. Олардың талабы «коммунизмге», парламенттік билікке қарсы күресіп, фашистік диктатура орнату арқылы өкімет басына келу болатын. Француз фашизмнің идеологиясы нәсілшілдік, антисемитизм, күш көрсету және әлеуметтік топтарға жалған уәде бе- руге негізделді. Еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, ұсақ және орта буржуазияны қолдау, күйзеліске түскен шаруаларға көмек көрсету олардың ұстанған саясаттарының басты бағыттары еді. Фашизмнің әлеуметтік негізі қоғамдағы дағдарысқа ұшыраған осы топтар болды. Франция фашизмінің өзіндік ерекшіліктері де болды. Бірін- шіден, Франция қоғамындағы демократиялық және социалистік дәстүрдің сақталуы. Франция фашизмінің халық алдында ашық үгіт-насихат жүргізуге батылдары бармады. Сондықтан француз фашизмі ұяң немесе «ұялшақ» деп аталды. Фашизм өздерінің ұлттық артықшылықтарын насихаттап, француздарды ұлттық санаға тәрбиелеуге шақырды. Ашық демократияға қарсы күреске шақыра алмады. Кейбір саяси билікті шектеуге, жеке билікті күшейту үшін күресті. Соғыста жеңіп шыққан Франция қоғамында Италия мен Германиядағыдай күйзеліс, саяси дағдарыс терең болған жоқ. Себебі, француздар өздерінің жеңістерін мақтаныш тұтты. Француз фашизмі Германия мен Италиядағыдай ірі саяси партия құра алмады. Бар болғаны жеке фашистік ұйымдар ғана жұмыс істеді. Елде 10-ға жуық әр түрлі фашистік лигалар болды. Франциядағы негізгі фашистік ұйымдар: “Аксьон франсез” (Французское действие) клерикалық-монархиялық бағытты ұстады. Басшысы Шарль Моррас болды. Бұл ұйымды қолдаған әскери топтар мен генералдар Петэн, д'Эспере және Лиоте болды. Бұл ұйым құрамы жағынан қаруланған жастардан тұрды. Ұйымның 60 мың мүшесі болды. Ең ірі ұйымы “Боевые кресты” 1927 жылы құрылды. Мүшелерінің көбі соғыста “Боевые кресты” орденімен марапатталған соғыс ардагерлері еді. Ұрандары қатаң тәртіп пен әскери ынтымақ болды. “Еңбек, семья, отан” ұйымында 350 мың адам болды. Бұл екі ұйымнан басқа “Патриотическая молодежь” ұйым да өз саясатын жүргізіп жатты. Мүшесінің саны 90 мың адам болды. Барлық фашистік ұйымдардың әскери құрамдары елде демократиялық күштерге қарсы күресе отырып, өкімет билігін күшпен тартып алуға ұмтылды. Италия мен Германия фашистерін қолдап, оларға еліктеп әр түрлі спорттық ойындар, жастар кешін ұйымдастырып, халықты өз жағына шығаруға үгіт-насихат жұмыс- тарын белсенді түрде жүргізді.