- •1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
- •2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
- •4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
- •8)Трианон бейбіт келісімі
- •9)Севр бейбіт келісімі
- •10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
- •11)Фашистік қозғалыс идеологиясының негізгі бөліктері
- •11)Нәсілшілік теориясы
- •13.Геосаясат.Ницшеандық.Христиандық социализм.
- •14.Фашистік жүйелердің батыс елдеріндегі негізгі түрлеріне сипаттама.
- •15.Фашизмнің қалыптасуының алғышарттары,идеологиясы және практикасы. Фашизмді классификациялау.
- •16.Жаңа экеономикалық доктриналардың пайда болуы мен алғы шарттары.
- •18)Италиядағы фашизм
- •20) Ибериялық фашизм
- •22)Д.М.Кейнс және оның «Общая теория денег, процента и занятости» атты еңбегі
- •23) Кейнсиандық, дағдарысқа қарсы теория ретінде: негізгі ережелері, реттеу түрлері
- •24) 1929-1933Жж. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның ақш-ғы ерекшеліктері. Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты
- •25.Ф.Рузвельттің “жаңа бағытының” реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдық үлгісі
- •26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”
- •31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі
- •33) Төртінші Республика жылдарындағы Франция.
- •34) Екінш дүние жүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
- •36)Еуропа және Америка елдерінің хх ғ. Екінші жартысындағы дамуының негізгі бағыты
- •37)«Қырғи-қабақ» соғыс. Екі полюсті әлемнің қалыптасуы
- •39)Әлемдік интеграциялық үдерістер
- •40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
- •46) Ғтр әлеуметтік-саяси салдары мен сипаты.Ғтр және әлемдік дамудың қазіргі нұсқасының қалыптасуы
- •59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
Кіші-Дж.Буш әкімшілігі. 2000 жылғы сайлау АҚШ-тың қазіргі заманғы тарихындағы ең даулы болды. Демократиялық партиядан үміткер А.Гор алдыңғы әкімшіліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытын жалғастыратын бағдарлама ұсынды. 90 ж.аяғындағы барлық жетістіктер оның еншісінде болды, атап айтсақ жылына инфляция деңгейі 2-3%, жұмыссыздық 4%-ға жуық, кедейшілік деңгейі 12,7% төмендеді, ЖІӨ алғашқы рет 9 трлн доллардан асып кетті т.б. А.Гордың негізгі қарсыласы-АҚШ-тың 41-президентінің ұлы , Техас губернаторы кіші Дж.Буш болды. Ол Клинтон әкімшілігін сынға ала отырып, сайлау науқанын белсенді, батыл жүргізді. 2000 ж 27 қарашада президенттік жарыстың көшбасшысын анықтау қиынға соққанда АҚШ тарихында алғаш рет сайлаудың қорытындылары аймақтық сотта, кейін Флориданың Жоғарғы сотында және АҚШ-тың Жоғарғы сотында қайта қаралды. Екі үміткер де әділеттілікті тілеп, сот жүйесіне сенім білдірді. 13желтоқсанда АҚШ-тың Жоғарғы соты «Буш Горға қарсы» атты істі қарастырып, Флориданың Жоғарғы сотының даулы бюллетеньдерді қайта санау туралы шешімін қате және конституцияға қарсы деп жариялады. Алайда Жоғарғы сот бүкіл ел сияқты екіге бөлінді: Бушты президент қылып сайлау туралы шешім тек бір дауыс айырмашылығымен қабылданды(5-ке қарсы 4). Көп ұзамай А.Гор соттың шешімімен толық келіпейтінін, алайда онсыз да бөлініп кеткен қоғамдағы жағдайды шиеленістірмеу үшін сот шешімімен келісетінін жариялады. Бес апталық көптеген даулар мен сот үдерістерінен кейін кіші Дж.Буш АҚШ тарихындағы әкесі президент болған (Адамстан кейін) екінші президент болып сайланды. Президент болып сайланғаннан кейін кіші Дж.Буш Техаста құрылған «Жаңа жұлдыз» атты пресветериандық ұйым үлгісіндегі халықтың кедей бөлігіне уақытылы және маңызды әлеуметтік көмек көрсете алатын қайырымдылық және діни ұйымдардың қызметі жайлы ұлттық бағдарлама қабылданды. Сонымен қатар, ірі капиталға салық көлемі азайтылды және жеке кәсіпкерлікті қолдаушаралары жасалды. Р.Рейганның үлшісі бойынша кіші Дж.Буш жұмысшыларының жалақысын көтеруді талап еткен кәсіподақтарға қарсы күрес жүргізді. 2001 жылы 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекет нәтижесінде 3,5 мың адам қаза тауып, әкімшілік ғимараттардың 34 млн шаршы фут алаңы бұзылды, 100 мың адам жұмыссыз қалды, жалпы зардап 50 млрд долларға тең болды. Америка үлкен зардап шекті. кіші Дж.Буш президенттігінің алғашқы күнінен басталған экономикалық тұралау аяқ асты ірі экономикалық дауды шиеленістірді. Алғашында Буштың сайлау алдындағы науқанын қаржыландырған «Энрон» компаниясының қаржылық қиянатын білгенде америкалықтар қатты күйзелген болатын. Ізінше «Уорлдком», «Ксерокс» корпорацияларында қаржылық айла-шарғысына қатысты да жанжалдар туындады. Қаржылық бұзушылықтың өріс алуынан қорыққан президент барлық жауапкершілікті өзінің алдындағы Б.Клинтонға жапты, яғни 90 ж ортасынан бастап осындай жағдай тіркеле бастаған деп ақталуға тырысты. Сонымен қатар, ол елдегі барлық ірі фирмаларды мұқият бухгалтерлік тексеруден өткізу туралы шешім қабылдады. алайда бұл шаралар америкалық кәсіпорындарға деген сенімнің жоғалуын тоқтата алмады. Қор биржаларында акция урсының төмендеуі, кәсіпорындардың өндіріс көлемін қысқартуы, үлкен әскери шығындар экономиканың тұрақтандыру үмітін ақтамады. 2002 жылы жазда кіші Дж.Буш Техас штатында ұлттық экономикалық форум өткізді. Буш әкімшілігі америкалық экономикаға деген сенімді қайтару және доллардың түсуін тоқтату үшін «Әділ бизнес туралы билль» қабылдады. конгресс қаржы-экономикалық қылмыс үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде бірқатар заңдар қабылдады. буш әкімшілігінің ішкі саясатының тағы бір маңызды мәселесі ұлттық қауіпсіздікті нығайту болды. 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен кейін АҚШ үкіметі ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы түбегейлі өзгертуді бастады. 2002 жылдың қазан айынан бастап АҚШ-тың қарулы күштерінің мемлекет ішіндегі және сыртқы мақсаттары мен жауапкершілігін анықтайтын «Біріккен басқару жоспары» қабылданып, күшіне енді. Конгресстің екі палатасы да лаңкестік пен ұйымдастырылған қылмысқа қарсы барлық күш ведомстволары мен федералды қызмет органдарын басқаратын басты орталығы болатын ішкі қауіпсіздік Департаментінің құрылуын мақұлдады. Мемлекет ішінде тәртіпті нығайту үшін күрес және лаңкестік қауіптің өсуін төмендететін бақылау қызметі мен қауіпсіздік органдарын күшейту шаралары басталды. Буш саясатындағы ұлттық қауіпсіздікті нығайту мен халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бағдарламалары американ сайлаушыларына үлкен әсер қалдырды. 2002 жылдың қарашасындағы аралық сайлауда республикалықтар Конгрестің екі палатасында да көп орынға ие болды және Бушқа әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси реформаларды жүргізуде парламенттің қолдауына ие болуға көмектесті.
Барак Обама - 2008 жылы өткен Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынга жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті (2009 жылдың 20 қаңтарынан), Иллинойс штатынан сайланған сенатор. 2012 жылы 6 қарашада өткен президенттік сайлауда республикалық партияның кандидаты Мит Ромниден басым түсті. Сайлау қортындысы бойынша сайлаушылардың 332 Обамаға, ал 206 Ромниге дауыс берген. Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-америка нәсілді адам. Барак Хуссейн Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Обама «Әкемнен қалған армандар» атты алғашқы кітабын жазады. Оған атақ әкелген – осы кітабы еді. 1996 жылы Иллинойч штатының Сенатына қабылданып, осы жерден саяси карьерасына аяқ басады. 2008 жылы Time журналының нұсқасымен "Жыл адамы" болып танылады. жас саясаткер ел назарын алғаш төрт жыл бұрын ғана Демократиялық партияның жиынында Ирактағы соғысты қатты сынға алған кезде аударған. Обаманың шешендігі көпшілікті тамсандырып, саясаткердің тасы бірден өрге домалайды. Ол бір-ақ сәтте ұлттық деңгейдегі тұлғаға айналып, рейтингісі күрт көтеріледі. Ал бар-жоғы төрт айдан кейін ол өзінің республикашыл қарсыласы Алан Кейсті бұрын-соңды болмаған жетістікпен, яғни 70 пайыз басымдылықпен жеңіп, Америка тарихында Конгрестегі 5-ші қара нәсілді сенатор атанады. Дегенмен алға жылдам жүйткіген Обама мұнымен де тынбайды. Тағы 39 ай өткенде ол өз партиясы атынан президент додасына қатысу үшін тіс- қаққан саясаткер Хиллари Клинтонмен бәсекеге түседі. Кінәмшілдер сол кезде жас, тәжірибесіз Обаманың мүмкіндігіне күмәнмен қараған. Алайда азғана уақытта Голливуд жұлдыздарынан бастап журналистердің де сүйіктісіне айналып үлгерген Обама бұрынғы бірінші ханымды маусым айында шаң қаптырады. 2008 жылы қарашаның 4-інде өткен президенттік сайлауында жеңіп, президент болып сайланды. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды. Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу, медициналық көмек алу және балаларына білім беру. Ол тіпті 1995 жылы «Әкемнен қалған армандар» деген кітабын да жариялаған. Айта кету керек, ол билікке келген жағдайда Ирактан америкалық АҚШ әскерін 2009 жылдың наурыз айына дейін шығарып, АҚШ-қа әлемнің көшбасшысы мәртебесін қайтаруды мақсат тұтқан. Алайда оның бұл мәселедегі кейбір пікірлері саясаткердің қызуқандылығынан хабар берген. Мысалы, ол Дж.Бушты сынай отырып, Ирактағы америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Осыдан кейін оның бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте кешірім сұрауына тура келген... Обама кейбір посткеңестік елдермен АҚШ-тың болашақ саясатына қатысты да пікірін білдірген. Айталық, ол «Ресей АҚШ-тың жауы да, жақын одақтасы да емес» дей отырып, «Америка Ресейден көбірек демократия пен ашықтықты талап етуден де бас тартпауы тиіс» дегенді алға тартқан. Қалай болғанда, Батыс басылымдары Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам жинаудан алдына жан салмайтынын баяндайды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде Обама интернеттен шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы тартудан рекордтық көрсеткішке жеткен.
60)Жас голлистер және “өнеркәсіптік императив” идеясы. Ф.Миттеран. П.Моруа. “Өзін-өзі басқару” тұжырымдамасы. Реформалар. “Қатаң үнемдеу” саясатына көшу.Жискар д’Эстеннің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байл.1981 жылдың мамыр айында Францияда президенттік сайлау өтті. 10 мамырда коммунистердің қолдауымен Миттеран 52 иеленіп, Франция президенті болып сайланды. Бесінші респ.жылдарында алғаш рет президенттік лауазымды социалист иеленді. Франсуа Миттеран парламентті таратты және жаңа сайлауды белгіледі. 1981 жылы маусым айында сайлау өтіп, елеулі жеңіске Социалистік партия жетті. Ол сайлаушылардың 37,5 ие болды. Сайлаудан кейін Миттеран солшыл күштер үкіметін құрды. Премьер-мин.болып П.Моруа тағайындалды. Коммунистер 4 орын алды: көлік, денсаулық, кәсіптік білім, әкімшілік реформа жүргізу министрліктері. Моруа үкіметінің экон.бағдарламасы «солшыл тәжірибе» деп аталды. Ұлттық экономиканы национализациялау және өзін-өзі басқару жүйесі арқылы децентрализациялау жергілікті басқару мекемелеріне орталықтандырудың билігін азайтты. Орталықтаың әкімшілік басқаруын азайта отырып, жергілікті басқаруды өзіне берді. Жергілікті басқару мекемелеріне сайлау пропорционалдық (тепе-теңдік) модель арқылы жүргізілді. Теледидар мен радиоға бақылау алынып тасталды және 8 мамыр күні ұлттық мейрам қайта қалпына келтірілді. «солшыл тәжірибе» бағдарламасы арқылы 1981-1982 ж.ж. өнеркәсіптің көптеген салалары национализацияланды. Национализацияланған өнеркәсіп иелеріне үкімет нарықтық құнның бағасы арқылы төледі. Жеке меншіктегі көптеген банктер де национализацияланды. Барлығы 3000 өнеркәсіп орындары мемлекеттік меншікке өтті. Информатика, энергетика, биоиндустрия салаларының көбі мемлекеттендірілді. Несие және қаржының 95 мемлекет қолына шоғырланды. Солшыл үкімет әлеуметтік реформалар жүргізді. Ең төменгі жалақының мөлшері, зейнетақы мен жұмысссыздарға төленетін көмек мөлшері 40-45 өсті. Зейнеткерлік жасы 63 тен 60 жасқа қысқарды. Өлім жазасына тыйым салынып, амнистия жарияланды. Алайда әлеуметтік реформа айтарлықтай нәтиже бере қоймады. Елде экономикалық тоқырау кең етек ала бастады. Өнеркәсіп өнімінің бағасы 35 қымбаттады. Ауыл шаруашылық өнімдерін шығару 1-1,5 ғана өсті. Ақшаның құны төмендеді. 1982 жылы Миттеран үкіметі «солшыл тәжірибе» бағдарламасын тоқтатты. Жас Делор мен Мишель Рокар консерваторлық идеяларын ұсынды. Экономика саясатында әлеуметтік реформалардан бас тартып, қатал экономика саясатын жүргізуді ұсынды. Денационализациялауды, экономика саласында технологияларды модернизациялауды, аралас экономикалық модель саясатын жүргізуді ұсынды. 1983 жылы «Делор жоспарын» үкімет қолдап, экономикалық стратегия ретінде бекітті. Бұл жоспар бойынша салықтар өсіріліп, әлеуметтік көмек уақытша тоқтатылды. Ауруханада емделу үшін, көлік және пәтер үшін төленетеін төлем мөлшері өсірілді. Кеме жасау, металлургия, көмір өнеркәсіп орындарын қайта құрып, денационализациялады. Алайда «Делор жоспарының» жүзеге асырылуы ойдағыдай жүрмеді. Солшыл үкіметтің саясатын қолдамаған коммунистер үкімет құрамынан шықты. 1986 жылы наурыз айында парламент сайлауы өтті. Сайлада оңшыл партиялар ірі жеңіске жетті. Сайлаудан кейін Миттеран парламентте көп дауыс алған оңшыл блок партиясынан Жан Ширакты премьер-министр етіп тағайындады. Францияның бесінші республикасының тарихында президент солшыл партиядан, ал үкімет оңшыл партидан тағайындалды. Солшылдар мен оңшылдардың «бейбіт қатар өмір сүру» кезеңі басталды. Жаңа заң бойынша елдің президенті сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелерімен айналысуға міндетті болды. Ішкі саясат мәселелері премьер-мин.міндетіне жүктелді. 1988 жылы Миттеранның өкілеттілік мерзімінің бітуіне байланысты президенттік сайлау өтті. Сайлаудың бірінші кезеңінде Миттеран мен Ширак едәуір дауыс жинай отырып, екінші кезеңге өтті. Миттеран 53,8 дауысқаие бола отырып, қайтадан президент болды. Солшылдардың жетістігін нығайту мақсатында президент парламентті таратып, жаңа сайлау өткізді. 1988 жылдың жазында өткен парламенттік сайлауда социалистік партия алға шықты. Сөйтіп, Миттеран социалистік үкімет құрды. 14 жыл көлемінде президент болған Ф.Миттеран басқару ұзақтығы жөнінен Бесінші республиканың жоғары көрсеткішін орнатты. Өзінің жасына, ауыр дертіне, ішкі саясаттағы көптеген сәтсіздіктеріне қарамастан,Ф.Миттеран өзіне берілген конституциялық құзыретін соңына дейін орындауға даяр екенін жиі қайталап отырды. Дегенмен ол 1996 жылы дүниеден өтті.
