Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167.46 Кб
Скачать

8)Трианон бейбіт келісімі

1920 жылы 4 маусым күні жеңілген Венгрия және жеңген елдер арасында Версальдың Трианон сарайында өтті. 1921 жылы 26 шілдеде күшіне енді. Венгрия көптеген жерлерінен айырылды: Трансильвания және шығыс Баната Румынияға қосылды; Хорватия, Бачка және батыс Баната Серб, Хорват, Словян корольдіктеріне берілді; Словакия мен Карпатмаңы Русь Чехословакияға берілді; Бургенланд Австрияға өтті; Венгрия әскер саны 35 мыңнан аспады және олар жалдамалы болуы керек еді; Венгрия жерінің 2/3 айырылды; Словакия мен Румынияда әділдіктің орнауы болса, ал Венгрияда ұлттық трагедия болды. Елде ұлттық траур жарияланды, барлық тулар 1938 жылға дейін түсірілді. Оқушылар күнде сабақтан бұрын Отанының қайта бірігуі үшін дұға қылды. 1938-1940 жылдары нацистік Германияның қатысуымен Трианон келісімі қайта қаралып, Вена арбитражы қабылданды. Ол бойынша Венгрия 1920 жылы жоғалтқан жерлерін қайтарды: Солтүстік Трансильвания, Оңтүстік Словакия, Карпат маңы Украина. Трион келісімі жеңген елдердің қатарындағы Венгриямен жүргізілді.Келісімнің шарты бойынша ол территориясының жартысын көрші елдеріне бөліп беруге тиіс болды. Трансильвания Румынияға өтті, Темешвар Румыния мен Югославияның арасында бөлінді, Рутения Чехословакияға, ал Хорватия Югославияға өтті. Венгрияның территориясы 109 мың кв.мильден 36 мың кв мильге азайды.

9)Севр бейбіт келісімі

Севр бейбіт келісім жеңген елдермен және Турциямен жүргізілді, Осман империясының ыдырауы мен бөлінуін заңдастырды. Келісім бойынша стратегиялық маңызы бар жерлер Антанта әскерлерімен оккупацияланды. Олар Стамбул, Қара теңіз және Смирн. Турция келісім бойынша барлық колониялдық иеліктерінен айырылды: Сирия, Ливан, Палестина, Месопатамия, Египет. Бірақ Кемал революциясының нәтижесінде Севр келісімінің толық орындалуына кедергі жасады. Антантаның Турцияның өзіне бақылау орнату мүмкін болмады.Турциямен қарым-қатынасты Лозан конференциясы орнатты. Турция Араб аралдарынан және Солтүстік Африкадан бас тартты; Сирия мен Ливан Францияға берілді; Додеканиес Италияға берілді; Турцияның Еуропа мен Эгей теңізіндегі иеліктері Грецияға берілді;

10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы

Ф.-мем. құрылыс. Мақсаты мемлекет пен халықтың бірлігін сақтау. Керек кезде күш қолдану арқылы халықты біріктіру.Ф. – мықты мемлекеттік аппарат. Ол бойынша ішкі және сыртқы дау болмауы керек және болдырмау үшін қатал әскери тәртіп орнатылады. Ф. саяси идеологиялық теория:

1. Қоғамды нәсіл бойынша бөлу. Негізгі ұлтты «ерекше» етіп көрсету, бұл жағынан большевиктер түсінігіндегі коммунизмге ұқсайды.

2. Негізгі міндеті халықты бір мақсатқа жұмылдыру. Сөздің аудармасы – бау, тізбек, мәні бір бау бидай – яғни, мақсатқа жету үшін халықтың бірігуі.

Мемлекеттік құрылыс ретіндегі ф. белгілері:

1. Диктатуралық басқару.

2. Экономикалық ұйымдастыру.

3. Басқару, заң құрылымы – кең көлемді, қатты орталықтандырылған бюрократия. Заң негізгі нәсілге тиесілі және кез – келген уақытта қайта қаралады. Басшы заң құрылымынан жоғары тұрады.

4. Басқа елдің жойылуын қалайтын басқыншылық саясат.

Ф. сипаттық белгілері:

- әскери антидемократизм;

- антимарксизм;

- нәсілшілдік;

- шовинизм;

- басқа нәсілдерді құлдыққа салу немесе жою;

Э. Нольте 20 жылдары фашизмнің пайда болуын былай түсіндірді: 20 жылдардағы Еуропадағы терең кризис (1 д.ж.с. кейін),мемлекеттер ыдырап, жаңадан құрылып жатты. 1917жылы Ресейде орын алған революциялар. Яғни, Ресейдегі жағдайлар фашизмнің туындауына себептердің бірі. Фашизм сөзін ең алғаш сөздікке енгізген италян филологы Д. Джентиле.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]