
- •1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
- •2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
- •4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
- •8)Трианон бейбіт келісімі
- •9)Севр бейбіт келісімі
- •10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
- •11)Фашистік қозғалыс идеологиясының негізгі бөліктері
- •11)Нәсілшілік теориясы
- •13.Геосаясат.Ницшеандық.Христиандық социализм.
- •14.Фашистік жүйелердің батыс елдеріндегі негізгі түрлеріне сипаттама.
- •15.Фашизмнің қалыптасуының алғышарттары,идеологиясы және практикасы. Фашизмді классификациялау.
- •16.Жаңа экеономикалық доктриналардың пайда болуы мен алғы шарттары.
- •18)Италиядағы фашизм
- •20) Ибериялық фашизм
- •22)Д.М.Кейнс және оның «Общая теория денег, процента и занятости» атты еңбегі
- •23) Кейнсиандық, дағдарысқа қарсы теория ретінде: негізгі ережелері, реттеу түрлері
- •24) 1929-1933Жж. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның ақш-ғы ерекшеліктері. Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты
- •25.Ф.Рузвельттің “жаңа бағытының” реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдық үлгісі
- •26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”
- •31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі
- •33) Төртінші Республика жылдарындағы Франция.
- •34) Екінш дүние жүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
- •36)Еуропа және Америка елдерінің хх ғ. Екінші жартысындағы дамуының негізгі бағыты
- •37)«Қырғи-қабақ» соғыс. Екі полюсті әлемнің қалыптасуы
- •39)Әлемдік интеграциялық үдерістер
- •40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
- •46) Ғтр әлеуметтік-саяси салдары мен сипаты.Ғтр және әлемдік дамудың қазіргі нұсқасының қалыптасуы
- •59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
ақш соғыстан кейін экономикасы ең күшті мемлекет ретінде шықты. мұнда капиталистік әлемнің өнімінің жартысынан көбі шығарылып отрды. американ армиясы гермнияда, жапонияда, италияда және т.б. мемлекеттерде орналасты.
американ флоты әлемнің барлық теңіз-көлдерінде жүрді. ақш атом қаруына монополияны иемденді. ф.рузвельттың қайтыс болуынан кейін билікке г.трумэн келді (1945 ж 12 сәуір). ол енді ақш-тың әлемдегі биліктің тізгінін өз қолдарына алатынын айтты. бұл ақш нейтралитетінің, тіпті оның 30-жж оқшаулануының аяқталуын білдірі. осыан бастап ақш әлемдік саясаттың орталығына айнлады.
реконверсия деп аталған бейбітшілік пен бейбіт өмірге бағытталған саясат мемлекеттік саясат пен миллиондаған американдықтардың өмірінің күрт өзгеруіне әкелді.
соғыстан кейінгі реконверсияның ең маңызды мәселесі - соғыс уақытында салынған зауыттар болды. соғыстың 5 жылында ақш үкіметі зауыттар салуға 17 млрд ақш долларын салды. 2800 ден астам өнеркәсіп орны салынды. 1 жылдан кейін бұл зауыттардың барлығын жартыбағасына 250 корпорация сатып алды.
ірі кәсіпорындар ақштың өндіріс капиталының негізгі көзі болып қалды. алайда соғыстан кейінгі уақытта ұсақ және орта бизнес те дами бастады.
ішкі мәселелерде трумэнның саясаты қайшылықтарға толы болды. 1946 ж сайлаудың алдында және одан кейін де конгрессте республикашылдардың әсері күшейді. 1947 жж конгресс кәсіподақтың жұмысын шектейтін және ұйымдар мен көтерілістерге құқықтарды шектейтін Тафт-Хартли заңын қабылдады. бұл американың саяси өмірінде оң жаққа жылжуды білдірді. осының барлығына маккарти ұйымдастырған антикеңестік бағыттағы күрестерді қосуға болады.
148 ж президенттік сайлауда трумэн әділ саясат курсымен сөз сөйледі. сайлаудың алдында-ақ трумэн тафт-хартли заңына вето жариялап, оның күшін жоюға ант етті. алайда президенттің ветосына қарамастан заң қайта конгрессте мақұлданып, қаранәсілді америкалықтардың құқықтары, медициналық сақтандыру, оқу орындарына мемлекеттік көмек және т.б. мәселелер туралы заңдар қабылданбады.
басталған қырғи қабақ соғыс, ксро-мен конфронтация және еуропада капитализм қағидаларын қалпына келтіруді бақылау мемлкеттің ішкі саясатындағы реформаторлық қызметті тежеді. 1952 ж президент сайлауына қарай демократиялық партия мемлкетте рузвельттік саясат қалдырған барлық реформистік қорды жоғалтты. енді республикашылдарға билікке келуге мүмкіндік түсті. республикашылдардың атынан кандидат ретінде әлі ешқандай партияда тұрмаған генерал Д.Эйзенхауэр шықты. ол кореяға барып ондағы ешкімге керек емес соғысты тотатуға ант етті. бұл республикашылдарды сайлауда жеңуіне себеп болды. Эйзенхауэр 1956 ж қайта президенттікке сайланды. 1952-1960 жж республикашылдар мен демократтар оппозициялық қатынастарды болса да, саясатта еш қайшылықтарды сезбеді.
50-жж соңында эйзенхауэрдың администрациясы маккартидың бастауымен ұйымдастырылған дмораттарды қуғындау мәселесіне шек қойды. оның тұсында соғыстың шегінде теңгеру саясатының негізін қалаған сенатор Даллес отставкаға кетті.
америка жаңа саясатты керек етті. жңа саясатты демократтар ұсынды. олар Кеннеди ұсынған "жаңа шекара" ұранымен жеңді. кеннеди кейнсиандық теориянң және мемлкеттің экономикалық пен әлеуметтік функциясын іске асыру саясатының жақтасы болды. оның бағдарламасы кейнсиандық ілімге негізделіп жасалды.
1963 ж 22 қарашадағы кеннедидің өлімі Ақ үйдің басшысының өзгеруіне әкелді. оның басшысы болып вице-президент Линдон Джонсон сайланды. ол өзінің алдындағы кеннедидің саясатын жалғастырды. осы кезеңде ақш-та маңызды әлеуметтік реформалар болып өтті.
"кедейлікпен күрес" бағдарламасының негізінде табысы төмен отбасыларға көмек заңы қаылданды, қарияларға медициналық сақтандыру енгізілді, ал табысы кедейлік шекарасынан төмен отбасыларға медициналық көмек тегін көрсетілді. нәсілшілдік мәселесіне байланысты нақты және маңызды заңдар қабылданды. олар қаранәсілділердің әлеуметтік қарсылық қозғалыстары мен дискриминацияға қарсы көтерілістеріне жауап болды. қаранәсілділерді М.Л.Кинг басқарды.
алайда әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қиындықтарға және қаржының жетіспеушілігіне тап болды. 60-жж соңында Вьетнамда соғыс басталды. және вьетнамдық интервенция демократтардың билікті жоғалтуына әсер етті.
1970 жж әлемдегі көптеген капиталистік елдер сияқты әлемдік дағдарысқа байланысты үлкен құрылымдық өзгерітерді бастан кешірді. ақш-та бұл кезеңде дағдрыстан басқа саяси жанжалдар мен вьетнамдық синдром болды.
1968 ж президент сайлауларында республикашылдар жеңіп, Ричард Никсон президенттікке келеді. 1972 ж ол қайта презиент болады. алайда 1974 ж Уотергейт ііне байланысты (демократтардың штаб-пәтерінде тың тыңдау құрылғыларын орналастырумен байланысты) мезгілсіз отставкаға кетуге тиіс болады. одан кейін президенттікке Джимми Картер келеді.
эконоикалық саясатта ақш кейнсиандықтан неоконсерватизмге қадам басады. Картер Үкіметінің қызметі мемлекеттік бюджеттің қысқаруы, инфляция жағдайында болды. Ел экономикалық дамуда дағдарыстан шыға бастады. Демократиялық партия дәстүрлі неолиберализм саясаты, әлеуметтік реформалар жүргізу арқылы еңбекшілердің сенімін қалыптастыруға күш салды.
1977— 1978 жылдарда Картер Үкіметі АҚШ Конгресі арқылы жалақыны жыл сайын өсіру туралы заңды бекітті. Төрт жыл бойына жалақы сағатына 2,30 доллардан 3,35 долларға дейін өсіп отырды. Өндірістің жаңа салаларының өсуі жұмысшылардың мамандықтарын жетілдіруді қажет етті. Сондықтан, бұл қайтадан білімін арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен 9,5 миллиард доллар қаржы бөлініп, 4 миллион жұмысшы қайтадан мамандандырылды. Әлеуметтік қамсыздандыру 35 миллион адамды қамтыды. 1977 жылы азық-түлік талонын алатын адамдар саны 25 миллионға жетті. Төменгі жалақы алатын, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек туралы бағдарлама жасалып, негр әйелдерінің 37 %-ы көмек алып отырды.
70-жылдарда неоконсерватизм идеясының кең етек алуы экономикалық жүйедегі дағдарысты, инфляцияның өсуін тездетті. 1978—1979 жылдарда инфляция 10 %-ға жетті, 80-жылдарда 11—13 %-ға өсті. Картер Үкіметі ішкі саясатта антиинфляциялық күресті қолға алды. Үкімет кәсіподақ ұйымдарымен жалақы мөлшерін арттыруға және жеке кәсіпкерлердің шығарған өнімдерінің бағаларын өсірмеуге келісті. 1979 жылы Үкімет өнеркөсіп өнімдерінің бағаларын өсіріп, мұнай және газ бағаларына белгіленген мемлекеттік шектеуді алып тастады. Мұнай өңдейтін корпорация иелеріне салық жеңілдіктерін берді. Бағаны либерализациялау неоконсерва- торлардың ықпалының күшейіп келе жатқанын байқатты. Прези¬дент пен Конгресс арасында сенімсіздік күшейді. Картер Үкіметінің ішкі саясатына неоконсерваторлардың қарсылығы күшейе түсті. Сайлау қарсаңында Картердің беделі 23 %-ға дейін азайды.
Картердiң позициялары либералды-демократиялық болды. Ол жұмыссыздар санын 4,5% төмендетуге болатынын және инфляцияны 4% жыл сайын тағы да азайтуға болатынын айтқан болатын. "Адамзат алдындағы масқаралық" деп танылған федералды салық жүйесін қайта қарауға уәде берген болатын. Әлеуметтік қамтамасыз етудің бірегей федералды жүйесін жүргізетінін және медициналық стационарларда ем алу ақысын төмендететінін айтқан болатын. Картер сол сияқты федерлды шенеуніктер аппаратын толық қайта құруға және "ашық үкімет" орнататынын айтқан болатын. Президенттігіні алғашқы кезеңінен бастап кіші-гірім қалалық шет аймақтарға барып, халықпен кездесіп қайтты. "Президент Картерден сұраңыз" атты радиобағдарламада азамматтардың сұрауларына жауап беріп отырды.
Картердің президенттігі "мұнай бағасының өсуіне " алып келді. Осы жағдайда жұмыссыздар саны мен инфляция жоғарылай түсті, 1979 жылы АҚШ экономикалық дағдарыс алдында тұрды.
жалпы, 1960-1970 жж ақшта жақсы тұру мемлекеті кезеңі өтті. мұндау кезеңде капиталистік қатынастар әлеуметтік бағыт алады, әлеуметтік және экномикалық тұрақтылықтың кепілдігі ретінде мемлекет шығады.
1950-жж басына қаай еуропалық елдер соғысқа дейінгі өндіріс деңгейін алпына келтірді. келесі жылдары еуропалық мемлекеттердің экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде болды. осы кезеңде "италияндық ғажап", "батысгермандық ғажап" сияқты терминдер пайда болды. дамудың мұндай темптерін сол мемлекеттердегі биліктің ұстанатын саясатына қосуға болады.
экономикалық өрлеудің тағы бір себебі - жаңа техника мен технологиялардың енгізілуі. соғыс барысында және 30-жж кризис кезінен техника есіріп кетті және оны жаңарту өнеркәсіп үшін маңызды болды.
жанармай мен энергиясыз кез келген механизмнің жұмысы тоқтайтыны барлығына мәлім. соғыстан кейінгі экономикалық серпілісті не озғады? мұнай! мұнай осы кездері экономиканың басты қозғаушы күшіне айналды. 1950-73 жж мұнайдаң өндірісі 6 есе өсті. парсы шығанағының маңында, солт.африкада және азияда арзан мұнай көздері ашылды. соғыстан кейінгі жылдарда еуропада көмір өндірісі тоқтады. өзіің энергетикалық қажеттіліктерін еуропа мұнай арқылы қамтамасыз етіп отырды.
20 ғ. 1-жартысында болған оқиғалар дамыған капиталистік елдердің экономикасы мемлекеттік реттеусіз жұмыс атқара алмайтынын көрсетті.
ксро-да барлық жеке меншіктің, барлық экономикалық және әлеуметтік өмірдің мемлекеттің бақылауына өткізу демократияны жою мен коммунизмді құруға әкелді. бұл процесс шығыс еуропаның көптеген елдерінде, Қытайда және т.б. мемлекеттерде жүзеге аса бастады.
батыс елдерінде экономиканы қалпына клтірудің басқаша түрлері қолданылды. олар кейнстың еңбектері бойынша дағдарыс кезінде мемлекеттің шығындарын өсіріп, салықтарды және банктік пайыздарды төмендетті, ал керісінше экономиканың ысуы кезінде шығындарды қысқартып, салықтар мен банктік пайыздарды өсірді.
2д.с-тан кейін бұл механизм көптеген индустриалды елдермен қолданылды. бұл өз алдына оларды жұмыспен қамтаасыз етуге көектесті. ал мемлекеттің экономикаға араласуының әсері оның қандай күшпен ааласуына және мұнда қандай әдістерді қолданатынына байланысты. кейнсиандық осылайша мемлекетті макро қалпына келтіру әдісін ұсынды. бұл кезде демократия жойылмайтын, керісінше, кеңейетін, халықтың іскерлік қызығушылығы ынталандырылды және мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаныс, әлеуметтік сақтандыру және кедейлерге көмек көрсету заңдастырылды. мемлекеттік дамудың бұл түру тоталитарлық режиге балама болып, жақсы тұру мемлекеті атына ие болды.
50-60 жж еуропада ерекшеліктері жоғары деңгейлі өмірге жету мен әлеуметтік қорғаныс қамтамасыз етілген жаңа қоғам құрылды. жақсы тұру мемлекетінің тағы бір факторлары мемлекеттік және әлеуметтік көмек жүйесінің кеңеі, білімнің, медицинаның дамуы, кедейлерге, жұмыссыздарға, көпбалалы отбасыларға көптеген жәрдемақылар, зейнетақылар мен шәкірақылардың берілуі.
50-60-жж аяғында капитализм дамыған елдерде индустриализация үдерісі аяқталды.