Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167.46 Кб
Скачать

31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі

Германия мәселесі Тегеран конференциясында қаралды.Конференция 1943 жылы 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Тегеран қаласында өткен конференцияда У.Черчилль соғыстан кейінгі Германияны бөлшектеу керек екенін айтты. И.В.Сталин Германияны бөлшектеу, ұлтшылдар мен өш алушылар көбейе түседі, сондықтан нацистерді жойып, біртұтас мемлекет ретінде қарауымыз қажет деп айтты. 1944 жылы 15 қаңтарда У.Черчилль мен Рузвельт кездесіп, Германияны оккупациялық аймаққа бөлуді ұсынды.

1945 жылы 17 шілде мен 2 тамыз аралығындаа Потсдам халықаралық конференциясында Германия мәселесі туралы нақты толық шешім қабылданды. Германия жері мен Берлин қаласы 4 аймақтарға бөлінді. Кеңестік аймаққа жердің 40 пайызы, халықтың 30 пайызы және өндірістің 33 пайызы Шығыс Германия үлесіне қарады. Шығыс Пруссия Кеңес Одағына берілді. Одерге дейінгі Батыс Нейсе Польшаға қайтарылды. Судет облысы Чехословакияға берілді. Батыс Германияда болашақ мемлекет құру үшін жаңа конституцияны дайындауға кірісті. Ландтаг уәкілдерінің қатысуымен Парламенттік кеңес құрылды. Жаңа конститция жобас дасала бастады. АҚШ және оккупациялық аймақтарының әкімшілігі конституция жобасын батыстық үлгіде дайындауға көмектесті. 1949 жылы 8 мамырда Парламенттік кеңес «Герман Федеративтік Республикасының» негізгі заңын бекітті. 14 тамызда жаңа конституция бойынша парламент сайлауы өтті. ГФР парламенті Будерстаг д/а. Жоғарғы палата-Будерстаг жергілікті ландтаг депутаттарынан құралды. 1949 жылы 7 қыркүйекте ГФР құрылды. ГФР тұңғыш президенті – Еркін демократиялық партиясынан шыққан тарихшы Т.Хейс болды. ГФР парламенттік басқару жүйесі енгізіліп, президенттік билік шешілді. 23 мамыр Герман Федеративтік Республикасының құрылған күні болды. Осы уақытта Шығыс Германия мемлекетінің мәселесі де шешілді. 1947 жылы кеңес зонасында Неміс ұлттық конгресі құрылды. 1947 жылы желтоқсандағы конгрестің бірінші отырысында біріккен Германия үшін халық көтерілісі талқыланды. 1948 жылы наурызда екінші отырыста неміс жерлерінде біріккен Германия тіралы референдум өткізу туралы болды. Үшінші конгресс 1949 жылы 29-30 мамыр аралығында Герман Демократиялық Республикасының конституциясы бекітілді. 1949 жылы 7 қазанында уақытша халық партиясы құрылғанда ГДР-дың құрылған күні болып табылады.

32) Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі АҚШ. Трумэн доктринасы. Маршалл жоспары. Екінші д/ж соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ саяси-экономикалық дамуы жағынан капталистік елдер арасындағы алдыңғы елге айналды. 1948 жылы капиталистік елдерде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 54,6 пайызын өндірсе, 53,3 пайызыАҚШ қолында болды. 1949 жылға дейін д/ж атом бомбасы бар жалғыз ел болды. Сөйтіп АҚШ д/ж қамқоршысына айналды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ аса зор зардапқа тап болған жоқ, дегенмен 300 мыңға жуық адамы қаза болды. Сонымен қатар соғыс америкалық экономиканың дамуына ықпал етті. Соғыс жылдарында АҚШ-тың өндірістік қуаттылығы 2 есе күшейді, ал экспорты 5 есеге өскен болатын. Екінші д/ж соғыстан АҚШ мемлекеті өзінің экономикасы жағынан күшейіп шыға отырып, капиталистік әлемнің басты елдерінің біріне айналды. Капиталистік әлем экономикасындағы АҚШ өнеркәсібінің үлес салмағы 1938 жылы 40 пайызды құраса, ал 1948 жылы, яғни 10 жылдан кейін 55 пайызға жетті. Капиталистік әлем бойынша саны жағынан көп әрі мықты әскер осы АҚШ елінде болды. 1949 жылға дейін ол атомдық қаруға ие бірден-бір мемлекет еді. Елдің осындай экономикалық күшеюі, АҚШ мемлекетінің әлемдегі саяси ұстемдігін нығайтуға ықпал етті. Жалпы АҚШ-тың осы мақсаттағы іс-шараларын жүзеге асыруына, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің әлемдік позициясын күшейте алған Кеңестер Одағы тарапынан қарсылыққа ұшырады. Сондықтан да АҚШ өзінің сыртқы саясатының ең басты міндеттерінің бірі ретінде КСРО-ға қатысты бағытты қойды. Соғыстан кейінгі кезеңде президент Рузвельт бастаған «жаңа бағыт» бағдарламасының экономикалық және әлеуметтік салалаларындағы реформалары жалғасын тапты. 1944-46 жылдарында демобилизациялаға ұшыраған әскери қызметкерлердің жағдайын жеңілдету үшін бірнеше заңдар қабылданды: мәселен «әскери билль» - соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер жасалды, жұмысбастылық заңы, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру туралы актілер. Рузвельт 1945 жылы сәуірде қайтыс болған соң, оның орнына Г.Трумэн президент болып сайланды. Ол жүргізген саясатын «әділ бағыт» саясаты деп атады. 1947 жылы АҚШ мемлекеттік департамент қвзметшісі Джордж Кеннан «тежеу» доктринасын ұсынды. Оның басты мазмұны: «АҚШ-тың Кеңестер Одағына қатысты саясатының басты мәні орыстың басқыншылық тендецияларын ұзақ та, шыдамды да, берік және қырағы түрде тежеуде». Осы саяси бағыттың айқын көрінісі 1947 жылы 12 наурызындағы мәлімделінген Трумэн доктринасы болып табылады. Негізгі мәні: коммунистік қауіпке қарсы АҚШ Грекия мен Түркияға 400 млн доллар қаржы бөлу жөнінде Конгрестің келісімін алды. Бұл осы елдерде өзінің ықпалын күшейту. Осы жолдағы келесі қадам: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл 1947 жылдың 5 маусымында еуропалық демократияны нығайту үшін қаржылай және экономикалық көмек көрсету қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасауы. 1948 жылы 6 сәуірде 15 мемлекет Маршалл жоспарына қол қояды. 1948-1952 жылдар аралығына , 17 млрд доллар бөлінуге тиіс болады. Маршалл жоспары - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]