Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167.46 Кб
Скачать

26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”

Революция қарсаңындағы саяси куштердің қалыптасуы. Қараша революциясының қарсаңында Герман социал- демократиялық партиясы (СДПГ) және Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында «Спартак» одағы қалыптасты.

Партия мушелері К.Каутский, Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып, большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді.

1918 жылы қазан айында революциялық топтың конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу тасталды. Революцяның басталуына негізгі себеп балған оқиға Герман монархындағы соғыс-теңіз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңіз базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргізу арқылы жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақ та соғыс-теңіз флотының кеме басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде кызыл жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға шыкқан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуілді бастайды. Қала халқы тез арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып. өздерінің талаптарының орындалуын сұрайды. Революция Германияның солтүстік-батысында орналасқан Киль қаласында басталды.

революциялық көтерілістер Киль,Любек, Шверин, Ганноовер,

Баден тағы басқа қалаларын қамтиды.

Сонымен Қараша революциясының тарихы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең революцияның басталуынан /1918 жылдың 4-қараша Халық өкілдері Кеңесінің құрылуына 1918 жылғы қарашаның ортасы/ дейінгі оқиғаларды қамтиды.

Екінші кезең 1918 жылғы қарашаның ортасынан 1918 жылдың аяғына дейін созылады. Бұл кезең-революцияның бейбіт даму кезеңі, бұл кезде революция мен контрреволюция күштерінің арасалмағы тең болды.

Үшінші кезең 1918 жылдың қаңтары мен мамырының арасы,бұл кезеңде контрреволюциялық күштер шабуылға шығады да, революция әрі қарай тереңдемей, буржуазиялық-демократиялық революция шегінде тоқтап қалады. "Барлық өкімет Кеңестерге берілсін" деген спартакшылардың ұранына қарсы оңшыл социал-демократтар Ұлттық жиналыс шақыру ұранын қойды.

Ереуілдік қозғалыс бүкіл Орталық Германияны қамтады. Алайда бұл кезеңдегі жұмысшы қозғалысы ұйымдаспаған, стихиялы сипатта болды. Коммунистік партия жазалаудан әбден қансырап қалды.Революция жеңіліс тауып, қараша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезені 1919 жылғы 19 қаңтардағы ұлттык жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық куштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан - ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз колына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф.Эберт сайланды.

Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердің ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.

Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық -өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам қүқықтарын қорғауға, білім алуға Конституция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау қүқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті - Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат — жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан зандарды бекітуге құқылы.Рейхсрат - бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.

Конституция бойынша атқарушы билік президенттің қолында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.

1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық- әлеуметтік бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама бойынша жеке меншіктің барлық түріне кеңшілік жасалды. Өндірісті басқару және реттеу мемлекеттің кұзырында болды. Көмір өндірісін де жеке меншікті сақтай отырып мемлекеттік реттеуге берді. Көмір өндірісін басқару үшін «Империялық көмір кеңесі» деп аталған мемлекеттік мекеме құрылды. 1919 жылы сәуір айында ұлтгық жиналыс өндірісті басқаруда фабрика-завод комитеттерін құрды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндірістік кеңес ең жоғарғы басқару қүқына ие болды. Әлеуметтік бағдарлама мемлекетік реттеудің жаңа үлгісі - мемлекеттік-монополиялық капитализмнің негізгі механизмі болса, фабрика-завод комитеті өндірістегі еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесі болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргізе алды. Әлеуметтік реформа қараша революциясынан кейінгі еңбекші халықтың жеңісі бола алды.Германиядағы Қараша революциясының алдына монархияны құлату, республика орнату, ұмысшылардың талаптарын орындау, соғысты тоқтату сияқты міндеттер қойылды. Алайда революция барысында оның негізгі қозғаушы күші болған жұмысшылар революцияны онан әрі тереңдетіп жұмысшы үкіметін құру талабын қойды, бұл талап орындалмады.

Революция нәтижесінде монархия құлады, алайда кеңестік республика емес буржуазиялық түрдегі Веймар республикасы құрылды. Осы жағдайларға байланысты Германиядағы Қараша революциясы пролетарлық - әдістермен жүргізілген буржуазиялық демократиялық революция деп сипаттауға болады. Бұл революцияның Германия тағдыры үшін және жалпы халыққаралық көлемдегі маңызы ерекше.

Қараша ревлюциясының халықаралық маңызы революциясының нәтижелері мен анықтауға тиісті. Ең алдымен Германия тарихындағы маңызына тоқталайық:

Революцияның Германияның болашағы үшін жасаған маңызды қадамы ол - Германияның соғыстан шығуы, империалистік соғыстың аяқталуы мен бейбіт келісімге қол қойылу болды. Ел тарихындағы революцияның тарихи маңызы ең алдымен оның буржуазиялық демократиялық сипиттағы нәтижелерімен анықталмақ.

Саяси салада-жартылай абсолютік монархия жойылып, Германия буржуазиялық демократиялық республика болып жарияланды.

Республиканың барлық азаматтары /ерлер мен әйелдер/ сайлау құқына ие болды. Сөз, жиналыс, баспасөз, ұйымдар құру сияқты демократиялық бостандықтар заң жүзінде бекітілді.

Әлеуметтік салада - 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік төлемақы заңдандырылды. Ауыл шаруашылық жұмысшыларын помещиктердің шексіз билігіне беріп қойған жартылай феодалдық заңдар жойылды.

Қараша революциясының халықаралық маңызы сонда-ол Батыс Европаның еліндегі монархияға мықты соққы берген ең қуатты халық қозғалысы болды.

Қараша революциясы жеңілгенімен, өзінің тарихи міндеттерін орындай алмағанымен жұмысшы табы үшін құнды тәжірибе және бейбітшілікпен демократия үшін күресте маңызды сабақтар қалдырды.

1917-1920 жылдардағы революциялық өрлеу Европаның саяси картасына түбірлі өзгірістер енгізді. Үш ірі монархия-Романов, Гогенцаллери, Габсбург әулеттерінің билігі құлады.

29)Екінші дүние жүзілік соғыс

Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың ой-пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте Жапония І-ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді. Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль-Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар ортаасында Италия, Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптары ашық білдіре бастады. Италияның фашисттік дектаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына «Берлин және Рим» белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталды.

 Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу

 Бүкіл ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жағдайын үш кезеңге бөлуге болады:

1)      1939 жылдың кыркүйегінен бастап 1942 жылдың аралығын қамтиды. Осы кезеңде соғыс жер шарының ең көп аумағын қамтыды. Осы кезеңде басқыншылар елеулі табыстарға жетті. Герман армиясы Мәскеуге дейін келді.

2)      1942 жылдың маусымынан 1944 жылдың қаңтар айлары. Бұл кезеңде одақтас державалардың антифашисттік коалициясы қалыптасты. Халық жүрегінде фашизм мен медитаризмды жеңу, талқандау сенімі ұялады.

3)      1944 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың аралығында. Бұл кезең Герман фашизмімен Жапон империализмінің жеңілуімен аяқталды. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұрыс қимылдарын шартты түрде былай сипаттауға болады: Францияны, Польшаны және бірқатар Европа елдерін жаулап алу (блиц крик немесе қауырт соғыс) қағидасы бойынша жүзеге асырылды. Кеңестер одағына шабуыл кезінде осы қағида нақты жұмыс жасады. Бірақ нәтижесінде Германия ұзаққа созылған соғыстан қалжырап қалды.

 1939 жылдың І-ші қыркүйегінде Герман әскерлері Польшаға кірді. Польша елінің соғысқа дайын еместігі бірден байқалды. 1939 жылдың 3 қыркүйегінде Франция мен Англия үкіметтері Германияға қарсы соғыс жариялады. Немістердің 556 дивизиясы Польша жеріне 3 бағыттан басып кірді. Қала халқымен поляк әскерлері Варшаваны ерлікпен қорғады. 28 қыркүйек күні Варшаваны немістер иеленді. Польша үкіметі Румыния арқылы өтіп Лондонда паналанды. 1940 жылы 10 мамырда неміс әскерлері Бельгия мен Голландия арқылы Францияға басып кіруді жоспарлады. Франция орасан зор жеңіліске ұшырады. 14 маусым күні жауға ұрыссыз беріліп қалды. Францияны тез жеңгеннен кейін, Англияның кезегі келді. 1940 жылы 16 шілдеде Гитлер Англияға қарсы «теңіз арыстаны» жобасын құрды. Англияны әуеден шабуылдай бастады. Англияның әуе күштері жауға күшті қарсылық көрсетті. 1940 жылы жазда Гитлер Англияны келісімшартқа шақырды. Англия үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Англия АҚШ-тан тегін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек ала бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия, Жапония «құрыштық пактіге» қол қойды. Батыс Европадағы үш мемлекет Швеция, Швейцария және Исландия бейтараптық саясатты ұстанды. 1941 жылдың жазына қарай Германия Европаның 12 мемлекетін басып алды. Азия кеңістігінде – Қытайда, Үнді Қытайда, Тайланд Бирмада, Индонезия аралдарында Жапонияның қожалығы орнады. 1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солт. Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды.Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО қүрамындағы халықтар атқарды.

30)Ұлттар Лигасының құрылуы, оның құрылымы және өкілеттіктері Ұлттар лигасы "халықтар арасында әріптестікті дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі" болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1919-1920 жылдары Париж бейбіт конференциясында құрылған 'Ұлттар Лигасының Жарғысы' бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен және соғыста бейтараптық ұстанған 13 мемлекетпен бекітілді. Ұлттар Лигасының негізгі органдары Ұлттар Лигасының Ассамблея және Кеңесі болды. Ұлттар Лигасының негізгі органдары Женевада (Швейцария) орналасты. Мұндай ауқымдағы халықаралық ұйымның құрылуының негізгі алғышарттары Бүкіләлемдік пошта одағы (1874 жылы негізі қаланған), Қызыл Крест, Гаага конференциялары және Тұрақты арбитражды сияқты ұйымдар болды. Егер бастапқыда Ұлттар Лигасының мүшелері I дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер сондай-ақ бейтарап елдердің көпшілігі болса, кейінірек басқа мемлекеттер де кірді: Болгария (1920), Австрия (1920), Венгрия (1922), Германия (1926), Мексика (1931), Түркия (1932). 1930-шы Германия, Италия және Жапония. 1934 жылы 18 қыркүйекте КСРО Ұлттар Лигасына мүше болып,  Қызметінің бастапқы жылдарында Ұлттар Лигасы бірқатар халықаралық дауларды шешті. Ұлттар Лигасы босқындарға көмек көрсетіп, құлдар сатуды, опиум сатуды ауыздықтап, алғаш рет қоғамдық денсаулық сақтау жағдайына зерттеу жүргізді, мұқтаж елдерге қаржылай көмек көрсетті, еңбек және жұмыспен қамту саласында халықаралық әріптестікті дамытты.1940 жылы Ұлттар Лигасы іс жүзінде өз қызметін тоқтатты. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҮ) Ресми түрде Ұлттар Лигасы 1946 жылы сәуірде арнайы шақырылған Ассамблеяның шешіміне сәйкес өз жұмысын тоқтатты. Ресми тілдері Ағылшын тілі, Француз тілі, Испан тілі Негізгі шешетін мәселелері: ол экономика саласы, қарусыздандыру және коллективті қауіпсіздік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]