
- •1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
- •2)Версаль бейбіт конферециясына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ұстанымдары мен мақсаттары.
- •4)Хх ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастың дамуындағы Версаль-Вашингтон жүйесінің рөлі
- •8)Трианон бейбіт келісімі
- •9)Севр бейбіт келісімі
- •10)Фашистік қозғалыс идеологиясының қалыптасуы
- •11)Фашистік қозғалыс идеологиясының негізгі бөліктері
- •11)Нәсілшілік теориясы
- •13.Геосаясат.Ницшеандық.Христиандық социализм.
- •14.Фашистік жүйелердің батыс елдеріндегі негізгі түрлеріне сипаттама.
- •15.Фашизмнің қалыптасуының алғышарттары,идеологиясы және практикасы. Фашизмді классификациялау.
- •16.Жаңа экеономикалық доктриналардың пайда болуы мен алғы шарттары.
- •18)Италиядағы фашизм
- •20) Ибериялық фашизм
- •22)Д.М.Кейнс және оның «Общая теория денег, процента и занятости» атты еңбегі
- •23) Кейнсиандық, дағдарысқа қарсы теория ретінде: негізгі ережелері, реттеу түрлері
- •24) 1929-1933Жж. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның ақш-ғы ерекшеліктері. Г.Гувердің дағдарысқа қарсы саясаты
- •25.Ф.Рузвельттің “жаңа бағытының” реформалары-экономиканы мемлекеттік реттеудің либералдық үлгісі
- •26.Герман революциясы: себебі, сипаты, кезеңдері. Веймар республикасы. “Веймар коалициясы”
- •31 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германияның екіге бөлінуі
- •33) Төртінші Республика жылдарындағы Франция.
- •34) Екінш дүние жүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
- •36)Еуропа және Америка елдерінің хх ғ. Екінші жартысындағы дамуының негізгі бағыты
- •37)«Қырғи-қабақ» соғыс. Екі полюсті әлемнің қалыптасуы
- •39)Әлемдік интеграциялық үдерістер
- •40. 20 Ғ. 50-70 жж капиталистік елдер
- •46) Ғтр әлеуметтік-саяси салдары мен сипаты.Ғтр және әлемдік дамудың қазіргі нұсқасының қалыптасуы
- •59)АқШтағы Кіші Буш және б.Обама кезеңіндегі мемлекеттің ішкі саяси экономикалық дамуы
1)Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары
Бірінші дүниежүзілік соғыс европа өркениетінің терең дағдарысқа ұшырағандығының көрінісі болды. Ресей, Германия, Австро-Венгрия және Осман империясының күйреулері. Ревалюциялар барысында жаңа мемлекеттердің құрылуы, көптеген елдердегі әлеуметтік сілкіністер соғыстың тікелей салдары болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс адам баласының бүкіл тарихындағы ең қырғын, ең жойқын соғыс болды. Соғыс халқының саны 1,5 млрд. жететін 33 мемлекет қатысты. Шайқастарда 10 млн. адам қаза тауып, 20млн. адам жарақат алды. Соғыс шығындарын қиратулар сол кезеңдегң бағамен 300 млрд. долларға тең болды. Мыңдаған қалалар, селолар, кәсіпорындар, мекемелер қиратылып, көптеген ауылшаруашылық жерлер қаңырап бос қалды. Млиондаған адамдар баспанасынан, мал-мүлкінен айралып, азаматтықтарын және кәсіби мамандықтарын жоғалтып, жұмыссыз қалды. Соғыстың моральдік және әлеуметтік зардаптарын ешбір өлшеп, мөлшерлеу мөлде мүмкін емес. Париж бітім конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары конференциясы 1919 жылы 18-қаңтарда ашылды. Бұл датаны таңдап, алудың терең мағынасы болды: 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль сарайында Германия империясы жарияланған болатын. Конференцияны ашып, тұрып француз президенті А. Пуанкаре былай деді: «Әділетсіздіктен пайда болған Германия масқаралықта өмірсүруін тоқтатты». Бұл конферанцияға Антантаның одақтастары – 27-мемлекеттің өкілдері келді. Конференция жұмысына қатысуға Германия мен оның одақтастары және де Кеңестік Ресей шақырылмады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс өзімен бірге шексіз қайғы˗қасірет алып келді: адам өлімі 10 млн˗ға жетті, 20 млн˗нан астамы жаралғандар. Соғыс кезінде германия елдерінің блогынан 25 млн адам мобилизацияланды, ал Антанта елінде 48 млн адам. Әскери қажеттілік үшін соғысушы елдер барлық материялдық ресурстарды қолданды. Болып кормеген шығындар Франция және Ұлыбританияны қарыздарға айналдырды.
1919 жылы қаңтарда Германиямен және басқада жеңілген мемлекеттермен бейбіт келісім жасау үшін Париж бейбіт конференциясы ашылды. Конференцияда 27 мемлекет қатысты, үлкен үштіктің ықпалы көп болды ˗ Францияның премьер˗министрі Ж.Клемансо, Ұлыбританияның премерь˗министрі Д.Ллой˗Джордж, США˗ның президенті В.Вильсон. Көрсетілгендей жеңілген мемлекеттер, сондай˗ақ Кеңестік Ресейде, конференцияға шақырылмады.
Париж конференциясында негізгі орынды Германиямен жасалған Версаль келісім шарты болды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайында өтті. Келісімнің 231 бабына сәйкес Германияға бірінші дүниежүзілік соғысты шешуіне барлық жауапкершілік жүктелді. Германия Рейн аймағына демилитаризация өткізу міндеттелді, ал Рейннің сол жақ жағалауын Антантаның оккупациялық әскері алды. Эльзас˗Лотарингия облысы француздың егемендігіне қайтарылды. Германия Францияға Саар көмір кен бассейнін берді, кейін 15 жылға Ұлттар Лигасының қарамағына берілді. Бельгияның бейтараптығын бекітті, оған Эйпен, Мальмеди және Морене өтті, Герман кедендік одағының құрамынан біржолата шыққан Люксембург толық тәуелсіздігін алды.
Германия тағыда 1919 жылғы Сен˗Жермен бейбіт келісімінде орнатылған Австрияның шекарасының тәуелсіздігін сыйлау міндеттелді.Германия Чехославакияның тәуелсіздігін мойындады, оның шекарасының сызығы бұрынғы Австро˗Венгриямен Германияның арасынан өтті. Польшанын тәуелсіздігін толық мойындап, Германия оған Жоғарғы Силезиинің бір бөлігі мен Помераниидан бас тартты, Польшаның кедендік шекарасына қосылған Данциг қаласының құқығынан бас тартты. Осылайша Шығыс Пруссия шекарасынан алшақтанған Германия 2 бөлікке бөлініп кетті. Германия Мемеля территориясының толық құқықтарынан бас тартты, кейін 1923 жылы Литваға өтеді. Ол 1918 ж Брест келісімін және басқа да Кеңес үкіметімен жасалған келісімдерін бұзу міндеттелді.
Германия барлық колонияларынан айырылды. Тағыда келісімде Германия армиясын 100 мың адамға қысқарту, жаңа соғысқа әзірленудің түрлерін мен шығаруына шек қойылды. Конференцияның жұмысынан кейін Германияның репарациондық төлемақының сомасы анықталды. Версаль келісімінің құрамы , сол сияқты басқа да Париж конференциясы дайындалған келісімдер Ұлттар Лигасының жарғысына енді. Бірақ Германия соғыстың себепкері ретінде бұл халықаралық ұйымшылдыққа кіргізілмеді.
Сен˗Жерман бейбіт келісімі, Антанта мен Австрия елдерінің арасында өтті, іс бойынша ол Австро˗Венгрияның монархиясының құлауын ресми заңдастырып, одан Австрия мемлекеті және жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болады. Олар Венгрия, Чехословакия және Серб,хорват, словянц корольдігі, кейін олар 1929 жылы Югославия болып бірігеді, ал портты қала Фиум, Италияның еркін қаласы болып жарияланады.
Нейис бейбіт келісімі 1919 жылы қарашада Антанта мен Болгария арасында жүргізілді, территориялық жерлері Румыняға және Серб, хорват, словян корольдігіне берілді. Келісім Болгария қаруланған күшін 20 мың адамға қысқарту және ауыр репарации міндеттелді. Ол Эгей теңізіне шығатын жолдан айырылды.
Трион келісімі жеңген елдердің қатарындағы Венгриямен жүргізілді.Келісімнің шарты бойынша ол территориясының жартысын көрші елдеріне бөліп беруге тиіс болды. Трансильвания Румынияға өтті, Темешвар Румыния мен Югославияның арасында бөлінді, Рутения Чехословакияға, ал Хорватия Югославияға өтті. Венгрияның территориясы 109 мың кв.мильден 36 мың кв мильге азайды
Севр бейбіт келісім жеңген елдермен және Турциямен жүргізілді, Осман империясының ыдырауы мен бөлінуін заңдастырды. Келісім бойынша стратегиялық маңызы бар жерлер Антанта әскерлерімен оккупацияланды. Олар Стамбул, Қара теңіз және Смирн. Турция келісім бойынша барлық колониялдық иеліктерінен айырылды: Сирия, Ливан, Палестина, Месопатамии, Египет. Бірақ кемал революциясының нәтижесінде Севр келісімінің толық орындалуына кедергі жасады. Антантаның Турцияның өзіне бақылау орнату мүмкін болмады.Турциямен қарым-қатынасты Лозан конференциясы орнатты.