Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары

БҰҰ –ның Азық-түлік және Ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша жалпы дүниежүзіндегі орман алқабы 4 млрд.га жер, немесе құрылық бетінің 30% -ын алып жатыр.Орман ресурстары Жер ғаламшарында біркелкі таралмағандығымен ерекшеленеді. Әлемдегі ормандардың жартысынан астамы (51%) төрт мемлекет аумағында орналасқан:

Жер ғаламшарындағы орман ресурстары мынадай белдеулерге бөлінеді:

  • солтүстік шарты шарда қылқанжапырақты ормандар белдеуі немесе оны бореалды ормандар деп атайды;

  • оның оңтүстігіндегі қоңыржай белдеуде аралас ормандар белдеуі;

  • жалпақ жапырақты және аралас ормандар белдеулері бар.

Ал оңтүстік жарты шардағы ормандар келесідей белдеулерді құрайды:

  • оңтүстік ылғалды экваторлық ормандар;

  • тропиктік қылқан жапырақты ормандар белдеуі. Ормандардың ең көлемді аудандары Азия және Оңтүстік Америкада сақталған, ал ең аз көлемі Австралияда.

  • Континенттердің аумағы бір келкі емес, сол себепті орман алқаптары туралы мәліметтерді салыстыру үшін ормандылық көрсеткішін ескеру керек (аумақтың жалпы ауданының сол аумақтағы орман ауданына қатынасы), және орман ауданының бір адам басына шаққандағы көрсеткіші ескеріледі.

  • Қазіргі кезде дүниежүзінде ағаш қорлары бойынша алдыңғы орындардағы мемлекеттер:

  • Ресей

  • Бразилия

  • Канада

  • АҚШ

Жалпы ормандардың басым бөлігі тропикалық табиғи зонасында және қоңыржай табиғи белдеулерінде орналасқан.

Ең аз орман алқаптары солтүстік және оңтүстік орман белдеулерінің ортасында орналасқан құрғақ климатты және шөл ландшафттарымен ерешеленетін мемлекеттерде. Мүлдем орманы жоқ мемлекеттер:

  • Бахрейн

  • Катар

  • Ливия

  • Чад

Мысыр

Орман шаруашылығының құрамы ағашты механикалық өңдеу және химиялық қайта өңдеу салаларынан тұрады.

Механикалық өңдеу – ормандарда ағашты кесу, оны бұтақтарынан тазартып, ағаш өңдеу комбинаттарына жеткізу. Механикалық өңдеу барысында олардан фанера жасау, құрылыс бұйымдарын дайындау және жиһаз бөлшектерін, сіріңке және т.б. бұйымдарды дайындау болып табылады.

Орман химиясы ағашты химиялық әдіспен қайта өңдеу арқылы әртүрлі қағаздар, картон, целлюлоза өнімдерін алумен айналысады.

Дүниежүзіндегі ағаш өнімдерін, кесілген ағаш дайын-дамаларын, қағаз, кардон және фанера өнімдерінің ең ірі экспортеры АҚШ және Канада мемлекеттері.

Батыс Европа елдерінде ірі экспортер мемлекеттер:

  • Финляндия

  • Норвегия

  • Швеция

Бұл мемлекеттердің өнімінің 80%-ы Еуропалық Одақ мемлекеттеріне экспортталады.

Дүниежүзінде қағазды пайдаланудың 75 %-ы дамыған мемлекеттерге тиесілі. Мысалы: дамыған мемлекеттерде қағазды қолдану адам басына шаққанда жылына 160 кг. болса (АҚШ, Канадада – 360 кг., Финляндияда – 400 кг. астам) Ал дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш орташа есеппен – 4,2 кг. Құрайды

19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын технологиялардың

ерекшелігіне байланысты ағашты өңдеуге дайындау өнеркәсіптің бірінші стадиясы деп жеке бөлініп қарастырылады. Ағашты өңдеу, дайындау өнеркәсібінің басты функциясы ормандардан ағашты кесіп, оларды көліктермен тасымалдап өңдеу, өнеркәсібінің орталығына жеткізу. Дүниежүзі бойынша ормандардан ағашты кесіп өндіріске дайындау 1965 жылы 2 млрд текше метр, 1985 жыл - 3,1 млрд текше метр, 1990 жылы - 3,4 млрд текше метрге жеткен, 2000 жылы 3,8 млрд текше метр деңгейінде болды. Ормандарда ағаш кесуден алғашқы 10 мемлекеттерді анықтайтын болсақ, бұдан 20-25 жыл бұрын ағашты өңдеуге дайындайтын мемлекеттердің қатарында АҚШ, Ресей, Канада, Финляндия, Швеция болатын болса, қазіргі кезде осы топқа Қытай, Үндістан, Бразилия, Индонезия, Нигерия қосылды. Олардың қатарындағы мемлекеттердің ішінде Малайзия, Эфиопия мемлекеттері де бар.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің екінші технологиялық стадиясы ағашты механикалық жолмен өңдеу. Бұл стадияда ағашты тілу, одан тақтай алу, сонымен қатар фанера жасау және т.б. құрылыс материалдарын дайындау. Дүниежүзі бойынша ағашты механикалық жолмен өңдеп, одан тілініп алынған ағаш материалдарының мөлшері 430 -440 млн текше метрді құраған. Осы тілініп алынған ағаш материалдарын шығаруды алдынғы қатардағы ел АҚШ. Жылына  110 млн текше ағаш тілінеді. Екінші орында Канада - 65 млн текше метр. Одан кейінгі орындарда Қытай, Жапония, Ресей, Бразилия, Үндістан. Ал ағаш ұнтақтарын желімдеп жасанды тақтай плита (ДСП) жасаудан Батыс Еуропа елдері алдынғы қатарда. Олар ФРГ, Франция, Швеция, Финляндия және Ресей. Сонғы жылдары олардың қатарына қосылғандар Бразилия, Нигерия, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің үшінші технологиялық стадиясы химиялық – механикалық жолмен өңдеуді қамтиды. Бұл стадияда жасалатын бұйымдарға қағаз, картон жатады. Целлюлоза (майдаланған және химиялық өңделен ағаш жиыны, қағаз және жасанды талшық шикізаты) өндіріс өнеркәсіптерінің орындары негізінен солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар зонасында орналасқан мемлекеттерде дамыған. Сондықтан целлюлозадан өңделетін өнімнің жартысын АҚШ пен Канадада орналасқан өнеркәсіп орындары береді. Дегенмен алғашқы ондықтың ішіндегі мемлекеттердің қатарында Қытай мен Бразилияда бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]