- •1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы
- •5.Әлемдік газ өндірісіндегі аймақтардың үлесі.
- •6.Әлемдегі ірі аймақтардың көмір өндірісіндегі үлесі
- •2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
- •Энергия көзі ретінде қолданылуы
- •Әлем бойынша уран өндіру
- •10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы
- •11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама
- •12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
- •13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
- •17. Химия және мұнай химиясы өнімдерінің негізгі түрлері
- •18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары
- •19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.
- •20. Жеңіл өнеркәсібін орналастыру факторлары
- •21. Әлемнің текстиль, тігін және аяқ киім өнеркісібіне жалпы сипаттама
- •22. Әлемнің тамақ өндірісі және казіргі таңдағы азық – түлік мәселелері
- •23. Қазіргі таңдағы азық – түлік саласының даму перспективалары
- •24. Әлемнің ауыл шаруашылығына экономикалық-географиялық сипаттама
- •25. Әлемдегі қой шаруашылығна маманданған аймақтар мен ірі мемлекеттердің үлесі
- •26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
- •27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
- •28. Әлемнің транспорт географиясы
- •29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны
- •30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны
- •Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
- •33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
- •34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы
- •35. Қара металлургия саласының даму тарихы
- •36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы
- •37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер
- •38. Темір рудасын өндіруші басты елдер
- •39. Әлемдегі электроэнергетикаға жалпы сипаттама
- •40. Дүниежүзіндегі электрэнергиясын өндірудегі лидер мемлекеттерге сипаттама
- •42. Дүниежүзіндегі атом электростанцияларының таралуы
- •44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
- •45.Әлемнің целлюлоза-қағаз өндірісі
- •47.Орман ресурстарының Жер ғаламшарында таралу ерекшеліктері
- •50.Ормандардың жойылуының басты себептері:
- •51.Ормандардың жойылуының басты себептері
12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді .
Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала.
Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).
XX ғасырдың басында қара металлургия саласы белгілі бір мемлекеттерде ғана дамыды. Дүниежүзінде қара металлды қорыту дың (шойын мен болат) 80%-ы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Люксембург, Ресейде топтастырылды. Алайда, транспорттың барлық түрінің дамуына байланысты металлургиялық зауыттардың шикізат пен отын кен ошағына жақын орналасуының маңызы жоғала бастады. Бұл дегеніміз өзінен кейін басқа факторлардың әсер етуіне себепші болды. Мысалы, тұтынушылық фактор (машина жасау саласы), транспорттық-географиялық орнының ыңғайлылығы, сәйкес келетін инфраструктураның болуы, жұмыс күшінің болуы. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша жылына 0,85—1 млрд т темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда оның қоры мол Бразилия мен Аустралия, Қытай мен Үндістан айрықша көзге түседі. Дүниежүзінде жылына шамамен 800 млн т болат балқытылады, оның 80%-ы дамыған елдер үлесіне тиесілі. Темір кені мен кокстелетін көмірді сырттан сатып алатын Жапония болат өндіруден дүниежүзінде жетекші орын алады. Тайвань мен Корея Республикасының металлургия өнеркәсібі де импорттық шикізатқа негізделген. Бұл елдердегі металлургия орталықтары жағалауда шоғырланған. Жалпы алғанда, Азия елдерінің үлесіне дүниежүзінде өндірілетін болаттың 2/5 бөлігі тиесілі. Шойын балқытудан шикізат қоры жеткілікті Қытай 1-орынға, болат өндірісінен 2-орынға шықты. Қытайдағы металлургия комбинаттары аса қуаттылығымен көзге түседі, мұнда жылдық қуаты 5 млн т-дан асатын бірнеше кәсіпорын бар. Жергілікті темір қоры таусылған және таусылуға жақын Батыс Еуропа елдерінде қара металллургияның теңізге ығысуы байқалады; аймақ әлі де болса болаттың 20%-ын береді. Шығыс Еуропадағы Польша мен Чехияның қара металлургиясы әлемдік нарықта өзіндік орынға ие
Елдер |
Болат (млн т) |
Қытай |
182 |
Жапония |
108 |
АҚШ |
92 |
Ресей |
59 |
Солт.Корея |
45 |
13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
Тусті Металлургия Өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен.
Жеңіл- Алюминий, магний, бариллий, литий
Ауыр- Мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш
Баяу балқитын - Вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий
Асыл - Алтын, күміс, платина және т.б.
Шашыранды - Галлий, индий, таллий
Сирек- Скандий, иттрий, лантан, лантаноидтар
Орналасуына әсер етуші факторлар: Шикізат көзіне таяу; Тасымалдауға ыңғайлы; Энергетика Тұтынушы;
Машина жасау саласында, соның ішінде авиақұрылыста, электротехникада, сонымен қатар құрылыс саласында, транспорт саласында қолданылады. Мыс Электроэнергетикада, машина жасау саласында, және басқа өндіріс саласында қолданылады. Қорғасын Аккумулятор,кабель жасауда және атом өнеркәсібінде пайдаланады. Магний Радиотехникада, авиа, химия, полиграфия Өндіріс саласында пайдаланады.
Әртүрлі мемлекеттерде түсті металдар өндірісінің ерекшеліктері. 1.Түсті металлургия дамыған елдерде шикізат көзінің аздығымен, екінші реттік металл алу өндірісінде шикізат көзі үлесінің жоғары және көптігімен, сирек және шашыранды металдарды өндірумен ерекшеленеді. Бұл өндіріс саласын орналастыруда шикізат көзіне таяу, сонымен қатар транспорттық-энергетикалық, тұтынушы тәрізді факторлар әсер етеді.
2. Дамушы елдер тобына дамыған елдермен салыстырғанда шикізат көзінің көптігімен, түсті металдарды өндіруде әсіресе соңғы сатының басымдығымен (өндіру, қара металдарды байыту), жәнеде түсті металдарды орналастыруда энерго-шикізаттық бағыт болумен ерекшеленеді. Мысалы, Гвинея,Бразилия,Ямайка-боксит,Малайзия,Индонезия,Боливия,Тайланд-қалайы,Чили,Перу,Замбия-мыс өндіреді.
Мемлекеттер |
Түсті металдар |
Азия елдері |
|
Қытай |
Алюминий,қалайы,мырыш,ванадий,вольфрам (1 орын),қорғасын (2 орын), мыс қорытуда (4 орын) |
Индия |
Барлық түрі |
Корея Халық Республикасы |
Вольфрам,қалайы, сүрме,мыс,мырыш, қорғасын |
Ресей және ТМД елдері |
|
Ресей |
Қорғасын,алтын,күміс,мыс рудасы,боксит |
Қазақстан |
Сынап, марганец |
Украина |
|
Грузия |
|
Шығыс Еуропа |
|
Польша |
Мыс,мырыш,қорғасын |
Венгрия |
алюминий |
Югославия |
Боксит пен мыс |
16. Әлемнің машина өндірісіне маманданған аймақтары мен ірі мемлекеттерінің машина құрастыруда алатын үлесі.Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді. Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және FTP жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған. Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде. Жалпы, автомобиль өндірісінің 3/4-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі (43-сызбанұсқаны қараңдар). Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары — Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады. Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9—10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік "автомобиль астанасы" бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ), Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісінде Сиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) "Боинг" зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) "Конкорд" зауыты көзге түседі. Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.
