Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама

Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікі­рінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылы­нып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикі­заттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энерге­тикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз.

Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы 10 жылдың ішінде энергетиканың 20 пайызын жаңартыла алатын энергия көздерінен алуды жоспарлауда

  • Күн электр станциясы, гелиоэлектрлік станция – электр энергиясын өндіру үшін Күн радияциясын пайдаланатын электр станциясы. Күн электр станциясының негізгі екі түрі (термодинамикалық және фотоэлектрлік) бар. Термодинамикалық күн электр станциясында күн энергиясы алдымен жылу энергиясына, одан кейін жылу энергиясына айналады (мыс. бу қазаны – турбина – генератор циклінде).

  • Фотоэлектрлік күн электр станциясында күн энергиясы фотоэлектрлік генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді.

  • Термодинамикалық күн электр станциясының электрлік қуаты 30 МВт-қа, фотоэлектрлік станцияның қуаты 5 МВт-қа дейін жетеді. Қолданыстағы КЭС-ның ПӘК 15%

Фотоэлектрлік күн электр станциясында күн энергиясы фотоэлектрлік генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді. Термодинамикалық күн электр станциясының электрлік қуаты 30 МВт-қа, фотоэлектрлік станцияның қуаты 5 МВт-қа дейін жетеді. Қолданыстағы КЭС-ның ПӘК 15%-дан аспайды, ал меншікті қуаты жылу электр станциясының қуатынан бірнеше есе жоғары болады.

  • Жел электр станциясы – желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін энергетикадық қондырғы. Жел электр станциясы жел двигателінен, электр генераторынан, автоматты басқару құрылғылардан және осылар орналасатын құрылыстардан тұрады. Жел электр станциясы ылғи жел болып тұратын аудандарда (желдің орташа жылдамдығы 5 м/сек-тен асатын) және электр желілерінен қашық елді мекендерде (Арктикада, Каспий мен Охота теңізінің жағалауларында, шөл және шөлейт аудандарда) шағын қуатты электр энергиясының көзі ретінде пайдаланылады. Жел электр станциясын жылу двигателімен немесе басқадай қосалқы станциялармен біріктіріп пайдалану тиімді. Бұл станцияның ауыл шаруашылығында пайдалану маңызды болмақ.

  • Дүние жүзіндегі ең алғашқы жел электр станциясы (қуаты 8 кВт) кеңес ғалымы В.М. Ветчинкин мен өнертапқыш А.Г.Уфимцевтің жобасы бойынша 1929-1930 ж.ж. жасалды. Біздің елде 20 ғасырдың 50 жылдарында резервінде жылу электр станциясы бар, қуаты 30 кВт болатын бірнеше жел электр станциясы, ал Қазақстанда қуаты 400 кВт көп қондырғылы жел электр станциясы салынды. Қуаты (1,25 МВт) жел электр станциясы АҚШ-та жасалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]