Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

Энергия көзі ретінде қолданылуы

Уран - бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын көздерiнен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмiрден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. Жалпы құны жағынан да тиiмдi. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмiрдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегi газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемi небәрi 0,4 евроцентпен бағаланады. «Ал осындай жеңiлдiктерге ие бола тұра, Қазақстан сонау жылдан берi көз қырын қайда қадап жүрген?» деген сұраққа жауап - Қазақстан әлi Чернобыль электр стансасындағы жарылысты ұмыта қойған жоқ. Уранның радиоактивтiлiгi оны өндiру мен өңдеуде, тасымалдау, өндiрiсте қолдану кезiнде үлкен кедергi келтiрумен бiрге төндiретiн қатерден қауіптенген елiмiз уран кенорындарын зерттеу жұмыстарын жасырын түрде жүргiзiп келдi.

Уранның әлемдiк қорының 80 пайызы 9 ел үлесiне тиедi. Олар: АустралияҚазақстанКанадаОАРНамибияНигерияРесейБразилия және АҚШ. Атап өтерлiгi, уран өндiрiсiнде алғы шептегi үш мемлекеттiң бiрi - Канада мен Австралиядан кейiн тұрған Қазақстан. Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенiн айқындап бердi. Уран қоры Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiнде шоғырланған. Бүгiнде уран кенiшiнiң төрт торабы бар. Солтүстiк торапта Уанас, Шығыс Мыңқұдық, Ыңғай, Ақдала, оңтүстiк Ыңғай, Батыс Мыңқұдық, орталық Мыңқұдық және Буденовское кенiштерi орналасса, шығысында оңтүстiк Мойынқұм, оңтүстiк Мойынқұм-1, Төртқұдық, Қанжуған, оңтүстiк Мойынқұм-2, батыс торапта солтүстiк Қарамұрын, оңтүстiк Қарамұрын, Қарасан-1, Иiркөл және оңтүстiк торапта iрi «Заречное» кенiштерi бар. Рас, бұлардың кейбiрi уран өндiрумен қазiрдiң өзiнде айналысып жатса, құрылысы бiтпеген келесiлерi алдағы екi-үш жыл iшiнде өз жұмыстарын бастайды деп жоспарланып отыр.

Әлем бойынша уран өндіру

Уран туралы қызыл кітабы бойынша:

2005—2006 жж елдер бойынша U өндіру (тоннамен).

Ел

2005 жыл

Канада

11410

Аустралия

9044

Қазақстан

4020

Ресей

3570

АҚШ

1249

Украина

920

Қытай

920

Компаниялар бойынша өндіріс, 2006 ж.

  • Cameco - 8.1 мың тонна Rio Tinto - 7 мың тонна

  • AREVA - 5 мың тонна Қазатомөнеркәсіп - 3.8 мың тонна

  • ОАО ТВЭЛ - 3,5 мың тонна PHB Billiton - 3 мың тонна

  • Навоийский ГМК - 2.1 мың тонна Uranium One - 1 мың тонна Heathgate - 0.8 мың тонна

  • Denison Mines - 0.5 мың тонна

10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы

Қара металлургияның басты саласы. Темір шикізаты салыстырмалы жоғары пайдалы компоненттің (темір) болуымен сипатталады: сидерикалық рудада-17%, магнитті темір рудасында 55%-ға дейін.

Түрлі кен орындарындағы руданың құрамындағы темір мөлшері әртүрлі. Темір мөлшері 50 % асатындар бай кенге, 25-50 % аралығындағылар қатардағы кендерге, 25 %-н кемдері кедей кендерге жатады.

Дүниежүзіндегі темір рудасының қоры 800 млрд тонна деп есептелінеді. Темір рудасының қоры көп мемлекеттер: Бразилия, Австралия, Канада, Қытай, Ресей.

Дүние жүзіндегі темір рудасының барланған қорлары геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үнемі өсуде. Осылайша, темір рудаларының барлық қоры 1922 ж. 35,5 млрд.т., ал болжамдық қор 98,2 млрд. т. құраған. 90-шы жылдардың басында түрлі бағалаулар бойынша жалпы геологиялық қорлар 400-800 млрд. т. шамасында болған, оның 150-185 млрд. тоннасы барланған. Сондықтан соңғы жылдардағы шамамен 1 млрд. т. жететін темір рудасы өндірісіне қарамастан, дүние жүзіндегі темір рудасының барланған қоры біршама өсті. Дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтары бойынша темір рудасы қорлары әртүрлі:

28 % астамы Шығыс Еуропа елдерінде әсіресе ТМД елдерінде (Ресей, Украина), 17 %-дейін – Азияда (ҚХР, Үндістан), Оңтүстік Америка (Бразилия) мен Африкада 16 %-ден, Сотүстік Америкада (АҚШ, Канада) – 13 % және Батыс Еуропа мен Австралияда 5-6 %-н шоғырланған.

Темір қорының таралуы

1980 жылдан бастап жылына 1 млрд темір рудасын өндіре бастады. Екінші дүниежүзілік соғыста қара металдарды қорытуда шикізатты өндіру Батыс Еуропада (1913 жылы 55%, 1938 жылы 40%), Солтүстік Америкада (1913 жылы 35%, 1938 жылы 20% ) болды. Соғыс жылдарынан кейін темір рудасының жетіспеушілігі және оған деген сұраныстың жоғары болуы шикізат көзіне жақын салуға себепші болды. Сол жылдары дамушы мемлекеттерде барлау жұмыстары мен кен орындарын игеру жұмыстары жүргізіле бастады. 1950 жылдары Солтүстік Америка елдерінде барлық темір рудасының 40%дан жоғары, ал Батыс Еуропада 30%дан астамы өндіріле бастады.

Дүниежүзілік саудада импортталушы темір рудасының бағасы барынша төмендей бастады, бұл дегеніміз экономикалық дамыған мемлекеттерде (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония) темір рудасы өнеркәсібінің құлдырай бастады. Сол уақытта темір рудасын өндіру Канада, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Либерия, Мавритания, Анголада өсе бастады.

Темір рудасын импорт және экспорттаушы басты елдер 2000ж

Экспорттаушы елдер

Экспорт, млн т

Импорттаушы елдер

Импорт, млн т

Австралия

165

Жапония

130

Бразилия

160

Қытай

65

Индия

33

Германия

45

Канада

26

Корея Республикасы

40

ОАР

22

Ұлыбритания

21

Украина

20

Франция

20

Швеция

17

АҚШ

16

Мавритания

11

Италия

16

Венесуэла

10

Бельгия,Люксембург

14

Ресей

8

Польша

9

Д.ж. темір рудасының көпірі

  • Австралия>Шығыс Азия

  • Австралия>Батыс Еуропа

  • Бразилия>Шығыс Азия

  • Бразилия>Батыс Еуропа

  • Бразилия>АҚШ

  • АҚШ>Батыс Еуропа

  • ОАР>Шығыс Азия

  • ОАР>Батыс Еуропа

  • Индия>Шығыс Азия

  • Индия>Батыс Еуропа

  • Венесуэла>АҚШ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]