
- •1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы
- •5.Әлемдік газ өндірісіндегі аймақтардың үлесі.
- •6.Әлемдегі ірі аймақтардың көмір өндірісіндегі үлесі
- •2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
- •Энергия көзі ретінде қолданылуы
- •Әлем бойынша уран өндіру
- •10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы
- •11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама
- •12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
- •13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
- •17. Химия және мұнай химиясы өнімдерінің негізгі түрлері
- •18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары
- •19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.
- •20. Жеңіл өнеркәсібін орналастыру факторлары
- •21. Әлемнің текстиль, тігін және аяқ киім өнеркісібіне жалпы сипаттама
- •22. Әлемнің тамақ өндірісі және казіргі таңдағы азық – түлік мәселелері
- •23. Қазіргі таңдағы азық – түлік саласының даму перспективалары
- •24. Әлемнің ауыл шаруашылығына экономикалық-географиялық сипаттама
- •25. Әлемдегі қой шаруашылығна маманданған аймақтар мен ірі мемлекеттердің үлесі
- •26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
- •27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
- •28. Әлемнің транспорт географиясы
- •29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны
- •30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны
- •Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
- •33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
- •34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы
- •35. Қара металлургия саласының даму тарихы
- •36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы
- •37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер
- •38. Темір рудасын өндіруші басты елдер
- •39. Әлемдегі электроэнергетикаға жалпы сипаттама
- •40. Дүниежүзіндегі электрэнергиясын өндірудегі лидер мемлекеттерге сипаттама
- •42. Дүниежүзіндегі атом электростанцияларының таралуы
- •44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
- •45.Әлемнің целлюлоза-қағаз өндірісі
- •47.Орман ресурстарының Жер ғаламшарында таралу ерекшеліктері
- •50.Ормандардың жойылуының басты себептері:
- •51.Ормандардың жойылуының басты себептері
2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
Азия-48,6%--
Солт.Америка-18,9%
Еуропа12,4%
ТМД-8
Аустралия-6.5%
Африка-4.3%
Орталық және оңт Америка-1.3%
лайда 1970-1980ж-ры болған иұнай дағдарысы яғни мұнайдың бағасының өсуі қайтадан көмір өндірісі мен көмірді пайдаланудың үлесін жоғарылатты.Әлемдік энергетикалық кеңестің деректері бойынша әлемдегі көмірдің қоры-5трлн т құрады. Техникалық-экономикалық тұрғысынан дәлелденген көмір қоры 1 трлн т.
Көмірдің барлық түрінің қоры Солт. Америкада 30%, ТМД елдерінде -25%, Азияда -25%-ы шоғырланған.
Көмірдің барлық түрінің қоры жоғары мемлекеттер қатарына АҚШ-27%, Ресей17%, Қытай-13%,Индия-10%, Аустралия-8% жатады.
Д.Ж. ірі көмір алаптары қоры бойынша: Тунгус, Лена ,Каначинский(қоңыр көмір өндіреді), Кузнец, Печора(Ресей), Рур, АПпалач, Донец.
Көмір кен орнын өңдеуде барынша тиімді әдіс – ашық әдіс.
Канада, Мозамбик, Венесуэллда бұл тәсілмен барлық көмір қорының 4/5 бөлігіне дейін өндіре алса, ал Индияда 2/3, Аустралияда 1/3 бөлігіне жуық. Бұндай кен орындар казіргі таңда барынша қарқынды пайдаланылуда. Тас көмірдің қоры бойынша Д.Ж. елдер-АҚШ,Индия, Қытай, Ресей, ОАР. Сонымен қатар Қазақстан, Украина, Польша, Колумбия, Канада, Чехия жатады. Қазіргі таңда көмір өндіру өнеркәсібі бойынша лидерлік позицияны қолға алған Азия болып отыр.
Ал көмір өндіруде алға шыққан елдер 2006ж
ел |
Млн т |
елдер |
Млн т |
Қытай АҚШ Үндістан Аустралия Қазақстан |
2230 1050 450 375 95 |
Оар ресей Германия индонезия Польша |
255 210 195 195 155 |
Сыртқы саудада көмірді теңіз транспортымен тасымалдайды.
Тас көмірді экспорттайтын ірі елдер: Австралия, Индонезия, Қытай, Оңт Африка, Ресей, Канада,ақш.
Ал ең ірі импортерлер: Жапония, Корея, Тайвань, ЕО мемлекеттері(Германия, ұлыбритания, Франция.
Тұрақты көмір тасу жолдары:
Аустралия-Жапония ,Корея,Тайвань, Батыс Еуропа елдеріне
АҚШ-Батыс Еуропа, жапония
ОАР-Батыс Еуропа,Жапония
Колумбия-Батыс Еуропа
7.Әлемдегі мұнай өндірісіндегі аймақтардың үлесі, экспорт және импорт көрсеткіштеріне анализ жасау
Мұнай – аса маңызды экспорттық тауар. Д.Ж. өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы, Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі поттар және жүк сиымдылығы аса жоғары танкер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатта жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған сонымен қатар Венесуелла және Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарынан Еуропа елдерімен байланыстырылады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық(шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады.
Өндірілетін мұнайдың 40%-дан астамын ОПЕК елдері құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-сі және өндірілетін мұнайдың 1/3-і тиесілі. Дүние жүзінде мұнайды өндіруден жетекші елдер: Сауд Арабиясы , БАӘ, Иран, Ирак,Ресей, жатады.
Дүние жүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960ж мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ОПЕК ұйымын құрды. Ұйымның негізгі бағыты – осы ұйымға үше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. 20ғ соңына қарай д.ж. өндірілген 3,5 млрд т мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі.
Ғаламдық деңгейде басты мұнай импорттайтын елдерге-экономикасы дамыған Батыс елдері жатады.
Басты мұнай экспорттайтын елдерге дамушы елдер-Азия, Африка, Латын Америкасы жатады.
Д.ж. басты мұнай өнімдерін импорттайтын және экспорттайтын елдер 2005ж
Экспорттайтын елдер |
Экспорт млн т |
Импорттайтын елдер |
Импорт млн т. |
Сауд арабия Россия Иран Норвегия БАӘ Нигерия Венесуэла Мексика Ұлыбритания канада |
380 225 150 135 115 110 105 100 75 70 |
АҚШ Жапония Қытай Германия Корея Франция Италия Испания Нидерланды индия |
550 270 130 125 110 85 852 65 55 45 |
Ресей мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау арқылы өзінің басты валютасын реттейді. Мұнай қорының азаюына қарамастан экспорт көлемі жылдан –жылға өсуде.1995-100млн т құраса, 2006ж-248млн т құрады.
Зерттеуге қарағанда АҚШ әлем бойынша мұнай өндіруші елдердің алдыңғы қатарында уақытша ғана тұра алады. АҚШ-тың мұнай өндірісі 2020ж күн сайын 11,1,баррельге азаймақ. 2035ж қарай тәулігіне 9,28млн баррельге дейін кемиді.
Болашақта Сауд Арабиясы күніне 12,3млн баррель, Ресей күніне 9млн баррель мұнай алуды жоспарлауда.
8.Электроэнергетиканың негізгі түрлері:ЖЭС,АЭС,ГЭС.
Электр энергиясының 99% мынадай әртүрлі электрстанцияларында өндіріледі:
Жылу электр станциясы (ЖЭС)
Гидравликалық электр станциясы (ГЭС)
Атом электр станциясы (АЭС)
Әртүрлі электрлік станцияларда электрэнергиясын өндіру 2005 ж
Д.ж мемлекеттер |
Электр энергиясын өндіру(млрд кВт\сағ |
ЖЭС % |
ГЭС % |
АЭС % |
Басқа көздер % |
АҚШ |
4239 |
71.4 |
5.6 |
20.7 |
2.3 |
Қытай |
2513 |
80.2 |
18.5 |
1.2 |
0.1 |
Жапония |
1134 |
60.0 |
8.4 |
29.8 |
1.8 |
Ресей |
952 |
64.3 |
20.5 |
14.8 |
0.4 |
Индия |
679 |
81.7 |
14.6 |
3.4 |
0.3 |
ГФР |
619 |
61.8 |
4.2 |
29.9 |
4.1 |
Франция |
575 |
8.0 |
13.4 |
78.5 |
0.1 |
Канада |
594 |
28.0 |
57.9 |
12.8 |
1.3 |
Ұлыбритания |
399 |
69.0 |
1.7 |
29.2 |
0.1 |
Бразилия |
405 |
8.3 |
82.7 |
4.4 |
4.6 |
Жэс-Жылу электр станциясы көбінесе көмір, мазут, табиғи газ деп аталатын шикізат көзімен жұмыс істейді. Бұндай топ қатарына АҚШ, Шетелдік Еуропаның көптеген елдері, Жапония, Қытай, Индия, Австралия жатады. Бұл мемлекеттердің басқа бүкіл энергияны көмірден алатын (Польша, ОАР), немесе мұнай мен газдан (Сауд Аравиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман, Ирак, Ливия, Алжир, Тринидад, Тобаго, Туркменстан) алатын елдерді айта кеткен жөн болар.
СЭС. Су электр станцияларын өзендер бар жерлерде салады. Алайда гидроэнергиялық ресурстарды пайдалану дәрежесі дүниежүзінің әр аймағында әртүрлі. Жалпы алғанда дүниежүзі бойынша СЭС-тің алатын үлесі 14%.
Қазіргі таңда қуаты 1 млн кВт болатын СЭСтер өнеркәсіптік дамыған елдерде кездеседі. Халықаралық Энергетикалық агенстваның мәліметі бойынша дүниежүзіндегі гидроэлектр энергиясын өндіруші елдер қатарына Канада, Қытай, Бразилия, АҚШ, Ресей, Норвегия жатады.
Ірі СЭС
Атауы |
Орналасқан жері |
Қуаты, млн кВт |
Іске қосылған жылы |
Итайпу |
Бразилия-Парагвай |
12,6 |
1983 |
Гранд-Кули |
США |
10,8 |
1942 |
Гури |
Венесуэла |
10,3 |
1968 |
Тукуруи |
Бразилия |
8,0 |
1984 |
Саяно-Шушенская |
Ресей |
6,4 |
1980 |
Корпус-Посадос |
Аргентина-Парагвай |
6,0 |
1990 |
Красноярская |
Ресей |
6,0 |
1968 |
Ла-Гранд-2 |
Канада |
5,3 |
1979 |
Черчилл-Фолз |
Канада |
5,2 |
1971 |
Электрэнергиясының жалпы көлемі жылына шамамен 350 млрд кВт\сағ. құрайды немесе 2,3%. Электрэнергиясын экспорттаушы елдер қатарына Франция, Канада, Парагвай, Германия жатса, ал импорттаушы елдерге АҚШ, Германия, Италия, Бразилия, Швейцария жатады.
АЭС. Атом энергетикасын әлемдік энергетиканың маңызды саласы деп қарастыру керек. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында электрэнергиясы өндірісінде өз үлесін барынша қоса бастады. Әсіресе ол алғашқы энергетикалық ресурсы жоқ мемлекеттерге қатысы бар. АЭС электрэнергиясын өндіру көлемі жөнінен басқа электр станцияларынан кем түспейді. АЭСтің басты ерекшелігі олар атмосфераға парниктік газдар мен аэрозольдар шығармайды. 1 кг уран = 3 мың т таскөмір.
АЭСтен алатын энергияның қуаты бойынша АҚШ, Франция, Германия және Ресей мемлекеттері алда тұр. Қазіргі таңда атом станцияларында 440 энергоблоктар жұмыс істейді. Электрэнергиясын өндіруде АЭСтің үлесі жоғары елдер Литва (80%), Франция (77%), Словакия және Бельгия (50%). Сонымен қатар Украина, Швеция, Корея Республикасыда кем түспейді.