Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

51.Ормандардың жойылуының басты себептері

БҰҰ –ның Азық-түлік және Ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша жалпы дүниежүзіндегі орман алқабы 4 млрд.га жер, немесе құрылық бетінің 30% -ын алып жатыр.

Орман ресурстары Жер ғаламшарында біркелкі таралмағандығымен ерекшеленеді. Әлемдегі ормандардың жартысынан астамы (51%) төрт мемлекет аумағында орналасқан: Ормандардың ең көлемді аудандары Азия және Оңтүстік Америкада сақталған, ал ең аз көлемі Австралияда.

Континенттердің аумағы бір келкі емес, сол себепті орман алқаптары туралы мәліметтерді салыстыру үшін ормандылық көрсеткішін ескеру керек (аумақтың жалпы ауданының сол аумақтағы орман ауданына қатынасы), және орман ауданының бір адам басына шаққандағы көрсеткіші ескеріледі.

Қазіргі кезде дүниежүзінде ағаш қорлары бойынша алдыңғы орындардағы мемлекеттер:

  • Ресей

  • Бразилия

  • Канада

  • АҚШ

Жалпы ормандардың басым бөлігі тропикалық табиғи зонасында және қоңыржай табиғи белдеулерінде орналасқан.

Ең аз орман алқаптары солтүстік және оңтүстік орман белдеулерінің ортасында орналасқан құрғақ климатты және шөл ландшафттарымен ерешеленетін мемлекеттерде. Мүлдем орманы жоқ мемлекеттер:

  • Бахрейн

  • Катар

  • Ливия

  • Чад

Мысыр

  • Біріккен Араб Әмірліктері

және т.б

Орман шаруашылығының және ормандарды артық мөлшерде кесудің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері

  • Ормандарды кесу

  • Көмірқышқыл газы үлесінің артуы

  • Шөлдену

  • Биологиялық алуан түрліліктің жойылуы

  • Эрозияның күшеюі

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері

Ылғалды тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]