
- •1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы
- •5.Әлемдік газ өндірісіндегі аймақтардың үлесі.
- •6.Әлемдегі ірі аймақтардың көмір өндірісіндегі үлесі
- •2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
- •Энергия көзі ретінде қолданылуы
- •Әлем бойынша уран өндіру
- •10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы
- •11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама
- •12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
- •13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
- •17. Химия және мұнай химиясы өнімдерінің негізгі түрлері
- •18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары
- •19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.
- •20. Жеңіл өнеркәсібін орналастыру факторлары
- •21. Әлемнің текстиль, тігін және аяқ киім өнеркісібіне жалпы сипаттама
- •22. Әлемнің тамақ өндірісі және казіргі таңдағы азық – түлік мәселелері
- •23. Қазіргі таңдағы азық – түлік саласының даму перспективалары
- •24. Әлемнің ауыл шаруашылығына экономикалық-географиялық сипаттама
- •25. Әлемдегі қой шаруашылығна маманданған аймақтар мен ірі мемлекеттердің үлесі
- •26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
- •27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
- •28. Әлемнің транспорт географиясы
- •29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны
- •30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны
- •Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
- •33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
- •34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы
- •35. Қара металлургия саласының даму тарихы
- •36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы
- •37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер
- •38. Темір рудасын өндіруші басты елдер
- •39. Әлемдегі электроэнергетикаға жалпы сипаттама
- •40. Дүниежүзіндегі электрэнергиясын өндірудегі лидер мемлекеттерге сипаттама
- •42. Дүниежүзіндегі атом электростанцияларының таралуы
- •44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
- •45.Әлемнің целлюлоза-қағаз өндірісі
- •47.Орман ресурстарының Жер ғаламшарында таралу ерекшеліктері
- •50.Ормандардың жойылуының басты себептері:
- •51.Ормандардың жойылуының басты себептері
44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
Д.ж орман ж/е ағаш өңдеу өнерк.нің геогр-сы көбіне орман байлықтарының таралуына байланысты. Д.ж орман қорының мөлшері 4,1 млрд га деп саналады. Ондағы ағаш сүрегінің қоры 330 млрд м3. Сонғы 100 ж ішінде д.ж-де орман алқабы2 есеге азайды. Бұл жылына 20 млн га орман алқабы жойылуда деген сқз. Егер 1965 ж д.ж-де ағаш өнімдерін өндіру 2 млрд м3-ге жетсе,ал 2000ж ол 4,0 млрд м3-ді құрады. БҰҰ –ның Азық-түлік және Ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша жалпы дүниежүзіндегі орман алқабы 4 млрд.га жер, немесе құрылық бетінің 30% -ын алып жатыр.
Орман шаруашылығының құрамы ағашты механикалық өңдеу және химиялық қайта өңдеу салаларынан тұрады.
Механикалық өңдеу – ормандарда ағашты кесу, оны бұтақтарынан тазартып, ағаш өңдеу комбинаттарына жеткізу. Механикалық өңдеу барысында олардан фанера жасау, құрылыс бұйымдарын дайындау және жиһаз бөлшектерін, сіріңке және т.б. бұйымдарды дайындау болып табылады.
Орман химиясы ағашты химиялық әдіспен қайта өңдеу арқылы әртүрлі қағаздар, картон, целлюлоза өнімдерін алумен айналысады.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын технологиялардың
ерекшелігіне байланысты ағашты өңдеуге дайындау өнеркәсіптің бірінші стадиясы деп жеке бөлініп қарастырылады. Ағашты өңдеу, дайындау өнеркәсібінің басты функциясы ормандардан ағашты кесіп, оларды көліктермен тасымалдап өңдеу, өнеркәсібінің орталығына жеткізу. Дүниежүзі бойынша ормандардан ағашты кесіп өндіріске дайындау 1965 жылы 2 млрд текше метр, 1985 жыл - 3,1 млрд текше метр, 1990 жылы - 3,4 млрд текше метрге жеткен, 2000 жылы 3,8 млрд текше метр деңгейінде болды.
Ормандарда ағаш кесуден алғашқы 10 мемлекеттерді анықтайтын болсақ, бұдан 20-25 жыл бұрын ағашты өңдеуге дайындайтын мемлекеттердің қатарында АҚШ, Ресей, Канада, Финляндия, Швеция болатын болса, қазіргі кезде осы топқа Қытай, Үндістан, Бразилия, Индонезия, Нигерия қосылды. Олардың қатарындағы мемлекеттердің ішінде Малайзия, Эфиопия мемлекеттері де бар.
Ағашты механикалық өңдеу. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің екінші технологиялық стадиясы ағашты механикалық жолмен өңдеу. Бұл стадияда ағашты тілу, одан тақтай алу, сонымен қатар фанера жасау және т.б. құрылыс материалдарын дайындау. Дүниежүзі бойынша ағашты механикалық жолмен өңдеп, одан тілініп алынған ағаш материалдарының мөлшері 430 -440 млн текше метрді құраған. Осы тілініп алынған ағаш материалдарын шығаруды алдынғы қатардағы ел АҚШ. Жылына 110 млн текше ағаш тілінеді. Екінші орында Канада - 65 млн текше метр. Одан кейінгі орындарда Қытай, Жапония, Ресей, Бразилия, Үндістан. Ал ағаш ұнтақтарын желімдеп жасанды тақтай плита (ДСП) жасаудан Батыс Еуропа елдері алдынғы қатарда. Олар ФРГ, Франция, Швеция, Финляндия және Ресей. Сонғы жылдары олардың қатарына қосылғандар Бразилия, Нигерия, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері.
Ағашты химиялық, химиялық – механикалық өңдеу. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің үшінші технологиялық стадиясы химиялық – механикалық жолмен өңдеуді қамтиды. Бұл стадияда жасалатын бұйымдарға қағаз, картон жатады. Целлюлоза (майдаланған және химиялық өңделен ағаш жиыны, қағаз және жасанды талшық шикізаты) өндіріс өнеркәсіптерінің орындары негізінен солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар зонасында орналасқан мемлекеттерде дамыған. Сондықтан целлюлозадан өңделетін өнімнің жартысын АҚШ пен Канадада орналасқан өнеркәсіп орындары береді. Дегенмен алғашқы ондықтың ішіндегі мемлекеттердің қатарында Қытай мен Бразилияда бар.