Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы

Қара металлургияның басты саласы. Темір шикізаты салыстырмалы жоғары пайдалы компоненттің (темір) болуымен сипатталады: сидерикалық рудада-17%, магнитті темір рудасында 55%-ға дейін.

Түрлі кен орындарындағы руданың құрамындағы темір мөлшері әртүрлі. Темір мөлшері 50 % асатындар бай кенге, 25-50 % аралығындағылар қатардағы кендерге, 25 %-н кемдері кедей кендерге жатады.

Дүниежүзіндегі темір рудасының қоры 800 млрд тонна деп есептелінеді. Темір рудасының қоры көп мемлекеттер: Бразилия, Австралия, Канада, Қытай, Ресей.

Дүние жүзіндегі темір рудасының барланған қорлары геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үнемі өсуде. Осылайша, темір рудаларының барлық қоры 1922 ж. 35,5 млрд.т., ал болжамдық қор 98,2 млрд. т. құраған. 90-шы жылдардың басында түрлі бағалаулар бойынша жалпы геологиялық қорлар 400-800 млрд. т. шамасында болған, оның 150-185 млрд. тоннасы барланған. Сондықтан соңғы жылдардағы шамамен 1 млрд. т. жететін темір рудасы өндірісіне қарамастан, дүние жүзіндегі темір рудасының барланған қоры біршама өсті. Дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтары бойынша темір рудасы қорлары әртүрлі:

28 % астамы Шығыс Еуропа елдерінде әсіресе ТМД елдерінде (Ресей, Украина), 17 %-дейін – Азияда (ҚХР, Үндістан), Оңтүстік Америка (Бразилия) мен Африкада 16 %-ден, Сотүстік Америкада (АҚШ, Канада) – 13 % және Батыс Еуропа мен Австралияда 5-6 %-н шоғырланған.

37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер

Дүниежүзілік саудада импортталушы темір рудасының бағасы барынша төмендей бастады, бұл дегеніміз экономикалық дамыған мемлекеттерде (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония) темір рудасы өнеркәсібінің құлдырай бастады. Сол уақытта темір рудасын өндіру Канада, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Либерия, Мавритания, Анголада өсе бастады.

Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер, 2000 ж

Экспорттаушы елдер

Экспорт, млн т

Импорттаушы елдер

Импорт, млн т

Австралия

165

Жапония

130

Бразилия

160

Қытай

65

Индия

33

Германия

45

Канада

26

Корея Республикасы

40

ОАР

22

Ұлыбритания

21

Украина

20

Франция

20

Швеция

17

АҚШ

16

Мавритания

11

Италия

16

Венесуэла

10

Бельгия,Люксембу

14

Ресей

8

Польша

9

Дүниежүзіндегі «Темір рудасының көпірі»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]