Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы

Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді .

Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала.

Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).

Қара металлургия халық шаруашылығының көптеген салаларына тәуелді. Оның шикізат базасы - тау-кен өнеркәсібінің (темір кені, әктас, отқа төзімді саздар), отын өнеркәсібінің (кокстелетін көмір, т. газ) және электроэнергетикасының өнімі. Халық шаруашылығы - металлургиялық қайта өңдеуде екінші реттік қолданыс үшін металл сынықтарын (лом) алу көзі болып табылады. Технологиялық тұрғыда қара металлургия химия өнеркәсібінің кейбір салаларымен тығыз байланысты (көмірді кокстеу, металл балқытуда оттегі мен түрлі инертті газдарды қолдану, т.б.).

  • Тау кен өнеркәсібі

  • Химия өнеркәсібі

  • Электоэнергетикасы

  • Отын өнеркәсібі

Қара металлургияны орналастыруға әсер етуші кәсіпорындар

  • 1. Кокстелетін көмір алаптарына жақын орналасады

  • 2. Темір рудасының кен орындарына жақын орналасады

  • 3. Теңіз порттарына жақын орналасады

35. Қара металлургия саласының даму тарихы

XX ғасырдың басында қара металлургия саласы белгілі бір мемлекеттерде ғана дамыды. Дүниежүзінде қара металлды қорыту дың (шойын мен болат) 80%-ы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Люксембург, Ресейде топтастырылды. Алайда, транспорттың барлық түрінің дамуына байланысты металлургиялық зауыттардың шикізат пен отын кен ошағына жақын орналасуының маңызы жоғала бастады. Бұл дегеніміз өзінен кейін басқа факторлардың әсер етуіне себепші болды. Мысалы, тұтынушылық фактор (машина жасау саласы), транспорттық-географиялық орнының ыңғайлылығы, сәйкес келетін инфраструктураның болуы, жұмыс күшінің болуы.

Өнім түрі

1950

1960

1970

1980

1990

2005

Темір рудасы

251

499

773

879

976

1128

Кокс

171

279

367

373

350

370

Шойын, ферроқорытпа

132

255

436

520

550

650

Қорғасын

189

348

594

716

770

1130

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша жылына 0,85—1 млрд т темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда оның қоры мол Бразилия мен Аустралия, Қытай мен Үндістан айрықша көзге түседі. Дүниежүзінде жылына шамамен 800 млн т болат балқытылады, оның 80%-ы дамыған елдер үлесіне тиесілі. Темір кені мен кокстелетін көмірді сырттан сатып алатын Жапония болат өндіруден дүниежүзінде жетекші орын алады. Тайвань мен Корея Республикасының металлургия өнеркәсібі де импорттық шикізатқа негізделген. Бұл елдердегі металлургия орталықтары жағалауда шоғырланған. Жалпы алғанда, Азия елдерінің үлесіне дүниежүзінде өндірілетін болаттың 2/5 бөлігі тиесілі. Шойын балқытудан шикізат қоры жеткілікті Қытай 1-орынға, болат өндірісінен 2-орынға шықты. Қытайдағы металлургия комбинаттары аса қуаттылығымен көзге түседі, мұнда жылдық қуаты 5 млн т-дан асатын бірнеше кәсіпорын бар. Жергілікті темір қоры таусылған және таусылуға жақын Батыс Еуропа елдерінде қара металллургияның теңізге ығысуы байқалады; аймақ әлі де болса болаттың 20%-ын береді. Шығыс Еуропадағы Польша мен Чехияның қара металлургиясы әлемдік нарықта өзіндік орынға ие

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]