
- •1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы
- •5.Әлемдік газ өндірісіндегі аймақтардың үлесі.
- •6.Әлемдегі ірі аймақтардың көмір өндірісіндегі үлесі
- •2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
- •Энергия көзі ретінде қолданылуы
- •Әлем бойынша уран өндіру
- •10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы
- •11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама
- •12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
- •13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
- •17. Химия және мұнай химиясы өнімдерінің негізгі түрлері
- •18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары
- •19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.
- •20. Жеңіл өнеркәсібін орналастыру факторлары
- •21. Әлемнің текстиль, тігін және аяқ киім өнеркісібіне жалпы сипаттама
- •22. Әлемнің тамақ өндірісі және казіргі таңдағы азық – түлік мәселелері
- •23. Қазіргі таңдағы азық – түлік саласының даму перспективалары
- •24. Әлемнің ауыл шаруашылығына экономикалық-географиялық сипаттама
- •25. Әлемдегі қой шаруашылығна маманданған аймақтар мен ірі мемлекеттердің үлесі
- •26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
- •27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
- •28. Әлемнің транспорт географиясы
- •29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны
- •30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны
- •Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
- •33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
- •34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы
- •35. Қара металлургия саласының даму тарихы
- •36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы
- •37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер
- •38. Темір рудасын өндіруші басты елдер
- •39. Әлемдегі электроэнергетикаға жалпы сипаттама
- •40. Дүниежүзіндегі электрэнергиясын өндірудегі лидер мемлекеттерге сипаттама
- •42. Дүниежүзіндегі атом электростанцияларының таралуы
- •44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
- •45.Әлемнің целлюлоза-қағаз өндірісі
- •47.Орман ресурстарының Жер ғаламшарында таралу ерекшеліктері
- •50.Ормандардың жойылуының басты себептері:
- •51.Ормандардың жойылуының басты себептері
Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
Елдер |
Темір жол |
Автомобиль жолдары |
АҚШ |
245 |
5640 |
Ресей |
86 |
620 |
Үндістан |
62 |
834 |
Қытай |
58 |
880 |
Франция |
35 |
745 |
Германия |
45 |
481 |
Жапония |
27 |
1131 |
33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.
Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты (38-сызбанұсқаға қараңдар)
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді (37-сызбанұсқаға қараңдар). Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына "астаналық" фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.