Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

28. Әлемнің транспорт географиясы

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Көлік - экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. Көліктің 4 түрі бар: Құрлық, Су, Әуе, Құбыр.

29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны

Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш пен құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, теміржол көлігімен «тоғысатын» өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор.

Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп қажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да төмен. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы төмен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді.

Теңіз көлігі – теңіз су жолында қатынайтын көлік құралы. 1960 жылға дейін теңіз тасымалы Каспийдің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Бұл орайда Атырау айлағында мұнай жүктерін тасымалдау есебінен жүк айналымы жоғары деңгейде болды. Маңғыстау түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Баутино айлағы екінші орынды иеленді. 1964 ж. Мақат – Бейнеу – Маңғыстау темір жолының салынуына және онымен Маңғыстау мұнайының Атырауға тасымалдана бастауына байланысты теңіз жолымен Баку мен Орта Азия мұнайын Атырау айлағына әкелу едәуір азайды. Каспий теңізімен жүк тасымалдау соңғы жылдары Маңғыстау түбегінің байлығын игеруге байланысты қайта жанданды. Транзиттік тасымалдың көбеюіне орай Каспий теңізі халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады. Еуропа – Кавказ – Азия көлік (ТРАСЕКА) дәлізінің бірқатар қатынас бағыттары осы теңіздің айлақтары арқылы өтеді және Ресейдің Солтүстігіне апаратын Қара теңіз бен Каспий теңізін Волга-Дон арнасы арқылы жалғастыратын, Иранның оңтүстігі және солтүстігі айлақтары арқылы өтетін көлік дәліздерін байланыстырады. Сондықтан Еуропа жаңғыру және даму банкінің инвестициясын тарта отырып, халықаралық Ақтау теңіз сауда айлағын жаңғырту тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы шешімдерінің бірі болды.

Теңіз жүк тасымалы жетекші елдер қатарына Панама Либерия Грекия Кипр жатады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбританя Жапония Норвегия АҚШ Реесй Қытай елдерінде жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы – Атлант мұхиты. Ірі порттары – Роттердам (Нидерланды), Жаңа Орлеан (АҚШ), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР).

30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны

Дүние жүзіндегі темір жолдың жалпы ұзындығы 1 млн. 180 мың км жуық. Темір жолдың ұзындығы жөніне АҚШ 1-ші орында, бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары. Онда 100 км2 жерге 10 км темір жол тиесілі балады. Жүк айналымындағы темір жолдың үлесі 15 пайыз шамасында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]