
- •1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы
- •5.Әлемдік газ өндірісіндегі аймақтардың үлесі.
- •6.Әлемдегі ірі аймақтардың көмір өндірісіндегі үлесі
- •2005Ж Көмір өндірудегі аймақтар үлесі
- •Энергия көзі ретінде қолданылуы
- •Әлем бойынша уран өндіру
- •10.Темір кені өндірісінің негізгі әлемдік елдер мен аймақтар арасындағы таралуы
- •11.Әлемнің дәстүрлі емес энергия көздеріне жалпы сипаттама
- •12. Мемлекеттер арасындағы шойын мен болат құймалары үлесін анықтау
- •13. Түсті металл құймаларын өндірісі бойынша өндіріс орындарын орналастыру факторлары.
- •17. Химия және мұнай химиясы өнімдерінің негізгі түрлері
- •18. Әлемдегі орман, ағаш өңдеу және целлюлоза – қағаз өндірісінің негізгі салалары
- •19. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің технологиялық стадияларымен танысу.
- •20. Жеңіл өнеркәсібін орналастыру факторлары
- •21. Әлемнің текстиль, тігін және аяқ киім өнеркісібіне жалпы сипаттама
- •22. Әлемнің тамақ өндірісі және казіргі таңдағы азық – түлік мәселелері
- •23. Қазіргі таңдағы азық – түлік саласының даму перспективалары
- •24. Әлемнің ауыл шаруашылығына экономикалық-географиялық сипаттама
- •25. Әлемдегі қой шаруашылығна маманданған аймақтар мен ірі мемлекеттердің үлесі
- •26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
- •27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
- •28. Әлемнің транспорт географиясы
- •29. Дүниежүзілік жүк тасымалында теңіз көлігінің алатын орны
- •30. Дүниежүзілік жүк тасымалында темір жол көлігінің алатын орны
- •Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км.
- •33. Дүниежүзінің отын-энергетика шаруашылығының географиясы
- •34. Қара металлургияның басқа шаруашылық салаларымен байланысы
- •35. Қара металлургия саласының даму тарихы
- •36. Әлемдегі темір кені өндірісінің географиялық таралуы
- •37.Темір рудасын экспорттаушы және импорттаушы басты елдер
- •38. Темір рудасын өндіруші басты елдер
- •39. Әлемдегі электроэнергетикаға жалпы сипаттама
- •40. Дүниежүзіндегі электрэнергиясын өндірудегі лидер мемлекеттерге сипаттама
- •42. Дүниежүзіндегі атом электростанцияларының таралуы
- •44.Ағаш өңдеу өнеркәсібінің географиясы
- •45.Әлемнің целлюлоза-қағаз өндірісі
- •47.Орман ресурстарының Жер ғаламшарында таралу ерекшеліктері
- •50.Ормандардың жойылуының басты себептері:
- •51.Ормандардың жойылуының басты себептері
26. Әлемдегі ірі қара мал шаруашылығы және оның географиялық таралу ерекшеліктері
Мал шаруащылығы: бірнеше түрге бөлінеді, ірі-қара өсірү, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығ, құсшаруашылығы, балқ шаруашылығы болып бөлінеді. Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және орман, орманды-дала, дала аймақтарында жақсы дамыған. Дүние жүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд. жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығы дерлік, ал еттің 35 пайызын осы ірі қара малы береді. Интенсивті-сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылғы дамыған елдерге тән, оларда мал қолдада, жайылымда да өсіріледі. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап, жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым болып келеді. Ірі-қара АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина, Ресей көп өсіреді. Шошқа өсіруден-1 орында Қытай. Сонымен қатар АҚШ Бразилия Германия Ресей Польша елдеріндеде шошқа шаруашылығымен айналысады. Сүт өндіру бағыындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз орналасқан аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солт.Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия, Бат.Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанынан қарамастан, Африкада, әсіресе, оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі –
27. Әлемдегі дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды орналастырудың географиялық ерекшеліктері
Дүние жүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан-өсімдік және мал шаруашылығы болып бөлінеді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өзара тығыз байланысып қана қоймай оардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыстар агроөнеркәсіптік кешен(АӨК) арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар балық аулау,маңшылық, омарта шаруашылығда кіреді. Өсімдік шаруашылығы: 1.дәнді дақылдар-оған бидай, күріш, жүгері жатады, 2.Техникалық дақылдар-майлы дақылдар,қантты дақылдар, талшықты дақылдар, крахмалды дақылдар, сергітпе дақылдар, дәм-татымдық дақылдыар, 3.бақша және жеміс-жидек шаруашылығы болып бөлінеді. Дәнді-дақылдар: АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей, Франция елдері көп өсіреді. Жалпы дүние жүзіндегі өңделетін дәнді-дақылдар жер қорының ½ астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді-дақылдар өнімділігі 3 есеге артқан. Жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд. тоннадан асып отыр. Дәнді-дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15-20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35-40 ц/га. Дүние жүзі бойынша жылына дәнді-дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерінде, ¼ Солт.Америкада, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-ші орында АҚШ-ты басып озған Қытай, 3 орында Үндістан, 4 орында Ресей, 5 орынды Франция иеленеді. Дәнді-дақылдардың негізін басты 3 дақыл: бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді-дақылдар егістігінің 32 пайызын бидай, 20 пайызын күріш, 18 пайыызын жүгері егістігі алып жатыр. Бидай - Азия мен Жерорта теңізі аймағында көптеп өсіріледі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Күріш – негізгі отаны Қытай. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысады. 9/10 Азияға тиесілі. Жүгері – басты өндіруші елдер АҚШ, Қытай, Бразилия,Мексика, Батыс Еуропа.
Техникалық дақылдар. Майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, дәм татымдық дақылдар, крахмалды, сергітпе болып бөлінеді. Майлы дақылдардың маңызды түрлері – соя, жер жаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Соя өндіруден АҚШ, Бразилия,Аргентина. Талшықты дақылдар – ең маңыздысы мақта. Мақтадан Азия елдері, Америка, Африка иеленеді. Крахмалды дақылдар ең маңыздысы картоп. Картоптың отаны Оңт.Америка, Ресей, Польша, Қытай.