Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.48 Кб
Скачать

1.Әлемдік өндірістің салалық құрылымы

Шаруашылық құрылымы экономика секторы арасындағы пропорцияларды көрсетеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығы экономиканың 1-секторы, өнеркәсіп экономиканың 2-ші секторы және қызмет көрсету экономиканың 3-ші секторы болып табылады. Әр елдің экономикалық құрылымы туралы сол елдің белсенді халқының қандай салада жұмыс істейтінімен тікелей байланысты.

18-20ғ аралығын өнеркәсіп революциясы кезеңі деп атауға болады. Оған дейінгі кезеңде Д.Ж.экономиканың аграрлы типі басым болған.

19ғ ортасынан 20 ғ ортасына дейін экономиканы индустриялды деп атауға болады. Осы кезеңде дамыған елдерде халықты өнеркәсіп салаларында халықты жұмыспен қамтамасыз еткен.

Кейбір дамушы елдерден(Еуропа мемлекетінің отарында болған) экономиканың индустриялды типіне 20ғ екінші бөлігінде ғана ауыстырылды(тәуелсіздік алған соң).

Аса дамыған елдерде пост индустрия кезеңіне көшу қарқынды жүріп жатты. Өнеркәсіп әлеуметтік-экономикалық дамуда халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін негізгі фактор болып табылды.

Қазіргі заманда әлемдік индустрияның дамуы барысында өндірісте ғылымның жетістіктерін пайдалану, инновациялық өнімдерді өндіру кеңінен таралған.

Қазіргі заманда өндірістің негізгі ресурсы энергия және капитал ғана емес – ақпарат және білім. Бұл Д.Ж. елдерінің дамуындағы пост индустриялды кезеңге келуді білдіреді.

Қызмет көрсету секторына жатады:

  1. Сауда-саттық

  2. Кредиттік финансты жүйе

  3. Көлік және байланыс

  4. Халыққа қызмет көрсету секторы

  5. Мәдениет

  6. Білім беру

  7. Денсаулық сақтау секторы және т.б.

Қазіргі кезде әлемдік ЖІӨ жүйесі арқылы қарастырсақ дүние жүзінде өндіріс 29%, ауыл шаруашылығы 4%,қызмет көрсету саласы 67%-ды құрайды.

Халықтың жұмыспен қамтылуын қарастырсақ өндіріс саласында 17%, ауыл шаруашылығында-44%, қызмет көрсету саласында 39%-ды құрайды. (кейбір дамуы төмен елдерде ауыл шаруашылығында халықтың 80%-ы жұмыс істейді.

Өндіру өнеркәсібіне: тау – кен өндірісі, орман шаруашылығы,теңіз шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, аң аулау шаруашылығы жатады.

Осының ішіндегі тау кен өндірісінде 3/5 –ін мұнай – газ өнеркәсібі құрайды. Ал қалған бөлігіне көмір және кен өндіру өнеркәсібі жатады.

Өңдеу өнеркәсібі – өте күрделі кезең, 300-ге жуық бөліктері бар, оларды 4 блокка бөледі:

  1. Химиялық өнімдер мен конструкциялық материалдарды өндіру;

  2. Көлік құрастыру және металл өңдеу;

  3. Жеңіл өнеркәсіп;

  4. Тамақ өнеркәсібі.

Дүние жүзілік өңдеу өнеркәсібінің өнімінің 40%-ы машина құрастыруға тиесілі. Химия өнеркәсібіне 15% тиесілі, тамақ өнеркәсібі 14%, жеңіл өнеркәсіп -9%, металлургия -7% және қалғандары -20%-ды құрайды.

Өндіріс көлемі бойынша алдыңғы қатарлы 20 мемлекет (2005ж)

Мемлекет

Өндіріс көлемі млрд.$

Ақш

жапония

қытай

германия

ұлыбритания

италия

франция

бразилия

индия

канада

тайвань

испания

ресей

корея(оңт)

нидерланды

белгия

индонезия

мексика

австралия

тайланд

2685

1235

1235

835

600

520

445

370

360

320

305

300

270

250

220

190

190

190

170

145

2. Әлемдегі мұнай өндіру және негізгі қоры

Мұнай өнеркәсібі – отын энергетика өнеркәсібінің жетекші саласы.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше.Мұнайды дүниежүзінің 90-нан астам елінде өндіреді. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, 20ғ-ң ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты. Дүниежүзіндегі басқа мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.

1-ші рет мұнайды жер астынан бұрғылау скважинасы арқылы өндіру АҚШ-тың Пенсильвания штатында 1859 жылы іске асқаны ресми түрде тіркелген. Сол кезден бастап мұнай өндіру тез қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру 20ғ басында 1900 жылдары бар жоғы 20мемлекетте жүзеге асырылса оның ішінде ірі табысқа жеткендері АҚШ, Венесуелла, Ресей. Ал 1940ж олардың саны 40-қа жеткен. Ішіндегі үлкен табысқа жеткен мемлекеттер АҚШ,КСРО,Венесуелла, Таяу Шығыста орналасқан.Негізігі мұнай өндіруші-Араб елдері.

1970ж мұнай өндіруші елдердің сандары 60-қа жетсе, 1990ж 80 мемлекетке, 2000ж 95 мемлекетке дейін жеткен. 1950жылы мұнай өндіретін мемлекеттердің қатарына Қытай, Үндістан, Алжир кірген. 1960ж БАӘ, Нигерия, Ливия, Египет, Австралия кірген. Жалпы дүниежүзілік мұнай қорының 85% -ы дамушы елдерде дамыған. Соның ішінде мұнайды экспорттайтын елдерде (ОПЕК) 77%-ҒА жуығы шоғырланған. Ал Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттерінің үлесі 26%-ды құрайды. Ерекше көңіл аударатын мемлекеттер 10 млрд тоннадан астам Мұнай қоры бар мемлекеттердің қатарына Сауд Арабиясы -46млрд т, Кувейтте-14млрд т, Иранда-13млрд т, Иракта-13млрд т, бұрынғы КСРО мем-і мұнай қоры 10 млрд т. деп бағаланып жүрген.

Мұнай өндіру бойынша алдыңғы орындағы елдер (2000ж)

мемлекеттер

Өндірілген мұнай млн т.

Сауд арабиясы

Ақш

Ресей

Иран

Мексика

Венесуелла

Қытай

Норвегия

Ирак

Ұлыбритания

Канада

Баә

Нигерия

Кувеит

440

355

325

185

170

165

160

155

130

125

125

115

105

105

Өндірілетін мұнайдың 40%-дан астамын ОПЕК елдері құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-сі және өндірілетін мұнайдың 1/3-і тиесілі. Дүние жүзінде мұнайды өндіруден жетекші елдер: Сауд Арабиясы , БАӘ, Иран, Ирак,Ресей, жатады.

Дүние жүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960ж мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ОПЕК ұйымын құрды. Ұйымның негізгі бағыты – осы ұйымға үше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. 20ғ соңына қарай д.ж. өндірілген 3,5 млрд т мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі.

3. Мұнай өңдеу зауыттарының географиясы

Дүние жүзінде экономикасы дамыған елдерде және әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттерде орналасқан 700-ден астам мұнай өңдеу заводтары бар. Олардың жалпы қуаты 3,6 млрд т . Оның ішінде АҚШ-та орналасқан заводтардың қуаты 780млн т. өнім шығарады жылына. Батыс Еуропадағы мұнай өңдеу заводының қуаты 720млн т асады. Жапонияда 200 млн т , Латын Америкасында 350 млн т Таяу және Орта шығыс Азия елдерінде 250 млн т, Африкада 150 млн т астам.

Дамушы мемлекеттердегі мұнай өңдеу заводының қуаты 20 ғасырдың 60жылдарындағы көрсеткішімен салыстырғанда 2000жылға қарай 3 есе өскенін көрсетеді. Мысалы Сингапур мемлекеті, Сауд Арабиясы, Венесуелла, Багам аралдары, Кариб теңізіндегі Вергинья аралында ең ірі мұнай өңдеу заводтары орналасқан.

4. Дүниежүзілік мұхитта мұнайды және табиғи газды өндіру Әлемдік отын мен энергияны тұтыну құрамында мұнай, көмір және табиғи газ отын-энергетикасының негізгікөзі болып табылады.Осының ішінде табиғи газ экологиялық жағынан ең таза отын-энергия көзі болып саналады. Негізінен газ өндірісі 20ғ ортасынан бастап өркендеп келе жатыр. Содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес химиялық шикізат ретінде азот тыңайтқыштарымен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орнындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей мен Орта Азияда шоғырланған. Казіргі кезде коптеген елдер (Буруней, Малайзия, Норвегия мен Ұлыбритания) табиғи газы теңіздегі газ кәсіпшілігінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500м астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдерде отын энергетика құрылымында газ үлесі көмір мен бірдей мөлшерде. 2006ж дүние жүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді. Оның 36-ға жуығы Ресей мен АҚШ-қа тиесілі. Қазақстанда 2008ж 32,9 млрд м3 табиғи газ өндіріледі. Яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді.

Мұнай әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетініне қарамастан мұнай және одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.

Дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ және Батыс Еуропаның аса ірі ұлт аралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960ж мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым құрды.

Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады.ҚР-да 2008ж 70,7млн т мұнай өндірілді, жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36т болды.

Мұнай – аса маңызды экспорттық тауар. Д.Ж. өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы, Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі поттар және жүк сиымдылығы аса жоғары танкер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатта жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған сонымен қатар Венесуелла және Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарынан Еуропа елдерімен байланыстырылады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық(шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500м тереңдікте орналастырылған.Мұнай өңдеу кәсіпорындары әдетте шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалада орналасады. Қазіргі кезде д.ж. ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15млн т-дан асып түседі.

Таяуда ғана Парламентте бекітілген 2012-2014ж-ға арналған мемлекеттік бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 70$ болуы мүмкін деген меже басшылыққа алынды. Жыл басынан бері бұл бағаның орташа көрсеткіші шамамен 112$-ды құрап тұр. Қазір ол 112-116$мөлшерінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]