Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финучет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
166.71 Кб
Скачать

19.Қаржылық есептіліктің мақсаты.

Қаржылық еептілік – компанияда жүзеге асырылған қаржылық жағдайды және операцияларды қсынуды құрылымдарға жіктеу болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты – экономикалық шешім қабылдаған кезде кең шеңбердегі тұтынушыларға пайдалы ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтиесі және ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттар ұсыну болып табылады. Сонымен қатар, қаржылық есептілік шаруашылық жүргізуші ұйымның басшыларының сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижесін көрсетеді. Бұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржылық есептілік ұйымның мынадай көрсеткіштері туралы ақпараттарын қамтамасыз етеді:

‑ Активтері

Міндеттемелері

Капиталы

Пайда және зиянмен қоса кірістері және шығыстары

Ақша-қаражаттарыныі қозғалысы

Бұл ақпараттар қаржылық есептілікте түсініктеме басқа да ақпараттармен бірге тұтынушыларға болашақта ақша-қаражаттарының қозғалысын болжамдауға көмектеседі.

20.Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік ұйымдардың есептілігінен басқа қаржылық есептілікке енетін есеп беру нысандары:1. бухгалтерлік баланс 2. пайда және зиян туралы есеп; 3. ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп; 4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп; 5. түсініктеме хат. Қаржылық есептіліктің нысандары, яғни құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты. Өйткені олар сол болған бір оқиғаның ж/е операц/ң әр түрлі аспектілерін көрсетеді. Әрбір есептілік нысаны басқасынан өзгешеленген ақпараттар қсынғанымен олардың ешқайсысында бір оқиғамен шектелмейді ж/е тұтынушыларға нақты қажетті бүкіл ақпаратты бере алмайды. Мысалы, кірістер мен шығыстар туралы есеп бухгалтерлік баланссыз ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есебінсіз ж/е меншіктік капиталдың өзгерісі туралы есебінсіз ұйымның толық көрінісін бере алмайды.

ҚР «бух есеп ж/е қарж/қ есептілік тур» заңына сәйкес ұйымның қарж/қ есептілігін мынандай ұйымдарға тапсырады:-Құрылтайшы құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;-Қазақстан Республикасының статистикалық органына;-Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органына. Ұйымның есеп беру кезеңі болып күтізбелік жыл (1 қаңтар – 31желтоқсан) б.т. Жаңадан құрылған ұйым үшін 1 есепті кезең – оның мемл/к тіркеуден өткен күннен бастап, сол күннің 31 желтоқсанына дейін. Ұйымның тіркеуге н/е оның заңды тұға мәртебесін алғанға дейінгі орын алған операциялары 1 есеп беру кезеңінің қаржылық есептілігіне енгізіледі. Ұйым жылдық қаржылық есеп беруді есеп беруден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылады. Меншік иелері аралық қарж/қ есеп беруді анықтауға ж/е қарж/қ ес/ті ұсынудың басқадай жиілігін, бірақ жылына бір реттен жиі емес, есеп беру жылынан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей белгілеуге құқыңы бар. Жұртшылыққа жариялауға мүдделі ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдың қарж/қ есептілігін ҚР-ның қаржы министрлігі бекіткен нысандардың тізіміне сәйкес басылымдарға жариялауға міндетті. ҚР Үкіметінің шешімі б/ша депозитарлар құрылуы ж/е өкілеттік берілген орган белгіленген тәртіпте оған қаржылық есептілігін тапсыруға міндетті ұйымдардың тізімдері анықталуы мүмкін. Жариялауға мүдделі ұйымдар өздерінің қаржылық есептіліктерін депозитарға тапсыруға міндетті болады. Депозитар құрылған кезде ұйым өзінің қаржылық есептілігін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өткізуге міндетті. Қаржылық есептілік нысандарында ешқандай да тазарту, өшіру болмауы керек. Қаржылық есептілікті құрастырған кезде қаржылық есептілікке қолдарын қойған тұлғалардың жіберілген қателері анықталған кезде түзетуші жазу жүргізіп түзету жүргізген күні көрсетіліп расталады.Қаржылық есептілік нысандарын тапсырған кезде көрсетіледі:

Құрылтайшы құжаттарда тіркеліп анықталған тәртіпке сәйкес қаржылық есептілігін ұсынушы ұйымның атауы;

Орналасқан жері (мекен-жайын);

Мемлекеттік мүлікті басқару органы (кімге тапсырды);

Ұйымның меншіктік құқықтық нысаны.

21. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы ж/е мазмұны. Бух. баланс – кең шеңбердегі тұтынушылар үшін негізгі ақпарат көзінің қызметін атқарады. Өйткені ол меншік иелерін, менеджерлерді ж/е басқа да басқаруға ұйымның қызметіне араласуға құқық берілген тұлғаларды ұйымның жағдайымен салыстырады. Бух. баланстың мәнінің жоғарылығы соншалық басқа есеп беру нысандары олардың жиынтығы, оған қосымша болып табылғандықтан оны дербес есеп беру бірлігінде жиі жекелеп көрсетіледі. Баланс баптары бух. баланстың негізгі элементтері б.т. Баланс баптары эк/қ ресурстардың ж/е олардың құрылу көздерінің жеке түрлерін сипаттайтын көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бух. баланс ұйымның нақты активтерін, міндеттемелер мен капиталын көрсетеді. Олар баланстың активінде ұзақ ж/е қысқа мерзімді активтер тарауына, пассивінде қысқа ж/е ұзақ мерзімді міндеттемелер мен капитал тарауларына жіктеліп көрсетіледі. №1 ХҚЕС-да мыналарды жекелеп көрсетуді қажет етеді: Активтерді, міндеттемелерді айналымдағы (қысқа мерзімді) ж/е айналымнан тыс (ұзақ мерзімді); Айналым активтерін ж/е қысқа мерзімді міндеттемелерді анықтау; Баланста ұсынылатын ақпараттарға қойылатын талаптар; Баланста н/е ескертуде ұсынылатын ақпараттарға қойылатын талаптар. Бух. баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы б.т. Ол кәсіпорынның есепті жылдық басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс Бас кітапта н/е машинограммаларда («Бас кітап») көрсетілген есепшоттар б/ша қалдықтар негізінде құрылады. Баланс «Актив», ж/е пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірлген. Баланс құрылымы. Бұған қоса баланстан сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игілектердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің 3 элементін көрсетеді: актив; жеке меншік капитал ж/е міндеттемелер; қалған 2 элемен–табыс пен шығын қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]