Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финучет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
166.71 Кб
Скачать

14. Еңбек ақы және оның түрі, нысаны, жүйесі.

Еңбекақы –қызметкерлердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем. Жұмысқа алушы тұлға еңбекақы жүйесі мен нысанын «Еңбек туралы» ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, Қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты бойынша өздері белгілейді. Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе ұжымның жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша бекіьілген төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

Тәжірибе жүйесінде еңбекақына ұйымдастырудың негізгі екі нысаны - мерзімдік және кесімді қолданылады.

Мерзімдік еңбекақы нысанында еңбекақы төлеу жмыспен өтелген уақыттағы трафиктік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді. Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің трафиктік ставкасымен немес қызметақымен анықталады. Бюджеттік сала қызметкерлеріне трафиктік ставка немесе тиісті қызметақы тағайындалғанда, төменгі еңбекақы мөлшері мен біріңғай трафиктік сетка қолданылады. Біріңғай трафиктік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделіп, әр разряд бойынша өзіндік трафиктік коэффициент белгіленген.

Кесімді еңбекақы жағдайында, қызметкерге еңбекақы әрбір орындалған немесе өндірілген өнім үшін алдын ала белгіленген мөлшерде есептелінеді. Кесімді еңбекақы келесідей жалақы жүйелеріне бөлінеді:

  1. Тікелей кесімді жүйе 2) Кесімді сыйақылық жүйе

3)Ілгерішіл кесімді жүйе 4) Жанама кесімді жүйе 5) Аккордтық жүйе

Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған өнімнің саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

Кесімді сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.

Ілгерішіл кесімді төлемде өндірілген өнімді белгілер нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал, нормалардан тыс бұйымдарда шығару көтермеленген бағалаулар бойынша төленеді.

Жанама кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады.

Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.

15. Қаржыландырудан кіріс (табыс) Табыстар – бұл ұйымның қызметінің нәтижесінде міндеттеменің төмендеуі немесе активтердің өсуімен экономикалық ресурстардың артуы. Тану – ұйымның қаржылық қорларды есеп баптарына ендіру үрдісі. Тану белгілері:-Анықтау; -Бағалау, өлшеу;-Уақыттағы, дер кезділігі;-Сенімділігі. Табысты тану үшін жоғарыда аталған крийтерийлерге қосымша мынадай белгілер тіркелуі керек. Тауарды сатудан негізгі крийтерийлердің бірі – бұл сатылған тауарға меншікті құқықтың сыйақы мен маңызды тәуекелдіктің сатып алушыға берілуі. Табыс алынған н/е алынуға тиісті өткізу құны б/ша өлшенеді. Бірдей мәмілелер ж/е ұйым қызметіндегі бірдей оқиғалар нәтижесінде туындайтын табыстар мен шығыстар бір мезгілде танылады. Табыс мынандай шарт қанағаттанған жағдайда танылады:-Табыс сомасы әділ, дұрыс бағаланғанда;-Ұйымның мәмілемен байланысты экономикалық пайдаларды алу ықтималдылығы болғанда. Ұқсас емес тауарлар мен қызм/ді айырбастаудан алынатын табыс сату құны б/ша танылады. Егер дұрыс бағаланбаған жағдайда алынған табыс өткізілген тауардың өткізу құны б/ша танылады. Тауар өткізуден алынған табыс жоғарыда аталған шарттармен қатар атап өткеніміздей сатылған өнімнің меншікті құқығы тиімділік, тәуекелдік толығымен сатып алушыға өткенде танылады. Қызмет көрсетуден алынған табыс жоғарыда аталған өнім сатумен байл. қаралған шарттармен қатар мынадай шарттарды орындаған жағдайда танылады:-Есеп беру мерзіміне қарай мәміленің аяқталу мерзімі барынша дұрыс анықталғанда; -Мәміле жасау кезінде жұмсалған шығындар мен мәмілені аяқтау үшін қажетті шығындар дұрыс бағаланғанда.-Ұйым мәмілеге қатысушы басқа тараптармен мынандай мәселе/р жөнінде келісімге қол жеткізгеннен кейін табысты барынша бағалай алады; -Талап ету және тараптардың қызмет көрсету және оны қабылдауына байланысты әрбір тараптың құқықтары сақталғанда; -Алынуға тиісті өтемақы толық сақталғанда; -Ақы төлеу тәсілдері мен шарттары толық сақталғанда.

Табыстар аралық төлемдерден ж/е сатып алушылардан алынған аванстық соманың негізінде танылмайды. Қызмет көрсету жөніндегі мәміленің нәтижесі б/ша дұрыс бағалау мүмкін болмаған жағдайда табыс өтелетін жұмсалған шығындар көлемінде ғана танылады. Дұрыс бағалау мүмкін болмаған ж/е жұмсалған шығындардың өтелмеуі ықтимал болған кезде табыс танылмайды. Ал шеккен зиян шығын ретінде танылмайды. Қызмет көрсету б/ша табыстың танылуы да саудадан табысты тану сияқты күрделі үрдіс. Қызмет көрсету б/ша табысты танудың 4 әдісі қарастырылған:-Нақты орындау; -Пропорционалды орындау; -Аяқталған орындау; -Инкассалау

Нақты орындау әдісі – бір әрекетті орындаған кезде көрсетілген қызмет үшін қолданылады. Пропорционалды орындау әдісі – бұл әдіске сәйкес кезеңдік орындалған қызметке пропорционалды негізде табысты тану. Аяқталған орындау әдісі – табысты тану тек қана соңғы қызметтің кезеңі орындалғанда ғана мүмкін болады. Инкассалау әдісі – табысты нақты ақшасын алған кезде таниды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]