Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
финучет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
166.71 Кб
Скачать

12. Кірістердің (табыстың) түсінігі.

Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептеліп төленетін еңбекақы негізгі жәнеқосымша деп 2 топқа жікетеледі:Негізгі – нақты жұмыста болған уақытына атқарған жұмысына қызметіне есептеліп төленетін еңбекақы. Қосымша – еңбек заңында, және жеке шартта қаралып белгіленген жұмыста болмаған қызмет атқармаған өнім өндірген уақытына есептеліп төленетін еңбекақы.Негізгі және қосымша еңбекақы 2 нысанға жіктеледі:1.мерзімді – өнім өндірген өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына есептеледі.Мерзімді еңбекақының өзі мынадай жүйелерге бөлінеді:жай мерзімді жүйе бойынша жұмыс істеген уақытына сәйкес тарифтік н/е штатта көрсетілген мөлшері бойынша еңбекақы есептеледі.Сыйақылы;

2.Кесімді – өндірістік өнім атқарылатын жұмыс үшін тариф б/ша кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында норма б/ша өнімдерге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді.Кесімді еңбекақы жүйелері:-Тікелей;-Үдемелі;

-Аккорддық;-Жанама;-Сыйақылы;

Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады. Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар б/ша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар б/ша есептейді;Жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады; Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырмасының н/е жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы ж/е алдын-ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценкасы) б/ша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары н/е бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда ж/е жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға (расценок) бойынша белгілейді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін. Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтардың жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімділік-ұжымдылық және мерзімділік-сыйақылық жүйелеріне алмастыруы мүмкін.

13. Өнім (тауар,қызмет), сатудан кіріс (табыс)

Орташа еңбекақыны есептеу үшін көптеген шар/қ суб/де әрбір жұмысшылар мен қызм/ге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шотта жұмысшы-қызм/ң аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары ж/е олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері б/ша көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы мен қызметкерге есеп айырысу қағаздары да толтырылуы мүмкін. Кейбір шар/қ суб/де жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырысу-төлеу ведомосі мен дербес шоттың орнына есе айырысу ведомосі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі ж/е қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген негізгі ж/е қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы ж/е олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, бала/ң және қарауындағы адамдардың саны, ұсталатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, т.б) көрсетіледі. Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады.Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есептік кезең б.т. (бір жылдан кем уақыт жұмыс жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді). Орт жал/ы анықтау үшін:күндік орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда).орт. сағаттық жалақы пайдаланылады. Күндік орт жалақы, еңбекке ақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс күн/ң сомасына бөлу жолымен анықталады. Нақты жұмысшының орташа жалақысының мөлшері күндік орташа жалақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолыме анықталады.Күндік орташа жалақы есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа жалақысының мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейту жолымен анықталады. Егер:-қызметкердің орташа жалақысы төленсе н/е сақталса (ҚР заңдарына сәйкес); -қызметкер мемл/к әлеу/к сақтандыру б/ша жәрдемақы алса (жүктілігі мен босануы б/ша еңбекке уақытша жарамсыздық) ж/е басқадай болса орташа жалақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай-ақ төленген сомалар алынып тасталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]