Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык - экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Кб
Скачать

14 Билет. Шетелдік валюта.

АҚШ доллары (USD) — Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Австралияның (Австрия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады. 1 доллар 100 центтен тұрады. Еуро €, евро — Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта. Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына еуро айналымға енуі тиіс. EUR - 17 мемлекетінің ұлттық валютасы: Аустрия, Алмания, Белгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Люксембург, Малта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финландия, Франция, Эстония. Рубль — КСРО-ның, Ресей Федерациясының ақша өлшемі. Бір рубль 100 копейкаға тең. “Рубль” сөзі 13 ғасырда солтүстік-батыс Ресей жерінде әуелгі “гривна” терминінің синонимі ретінде пайда болған. Бұл кезде рубль ұзындығы 20 см-ге дейін жететін және салмағы шамамен 200 г күміс жамбы болатын, ол күміс шыбықтан шауып алынды. КСРО-дағы саяси дағдарысқа байланысты рубль 90-жылдардың басынан барынша құнсызданды. Қазіргі кезде рубль еркін валюта айналымына енгізілген. Иена– Жапонияның ақша өлшемі 100 теңгеге тең.

15 Билет. Бала тәрбеисіне байланысты салт- дәстүрлер.

Бала –адамның бауыр еті. Қай ата ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Қазақ халықта бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер өте көп. Қырқыннан шығару-сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер кісі алған, ұрпағы өсіп өнген қария әже қырық қасық суда баланың үстіне құйып тұрып.Қария анаға көйлектің мата, шашын алған ер кісіге тақия т.б. сыйлықтар беріледі.Бесікке салу-нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл үйдің әйелдері шашуын, жол жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өлінен басқа тағы бір екі келіншекті көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдын кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді.Тұсау кесер-сәби қаз тұғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып,ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсау кесілген баланы қолыннан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері,жолдары,сенімдері де бар. Көбейіп көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды.