Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык - экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Кб
Скачать

9 Билет. Ұлттық киімдері. (Әйелдер киімдері.)

Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді.

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін қымбат бағалы бас киім. Сәукеленің пішіні конус тәрізді биік болады. Қымбат маталармен қапталады. Оған алтын, күміс, маржан, бет мойыншақ, асыл тастар. Қымбат жіптерден әшекейлеп тігеді. Сәукеленің артқы жағына ұзын ақ желек тағады.

Ішік – сәнді, әрі жылы киім. Ішекті берік матадан, аңның. Малдың терісінен тігеді. Ішік ұзын және кең болады. Ішіктің күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, суыр ішік деген түрлері болады. Ішекті әйелдер де, ерлер де киген. Әйелдер, жастар киетін ішікке әшекейлер, түрлі ою-өрнектер салады.

Тақия – ерлердің, әйелдердің жеңіл бас киімі. Тақия биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болады. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ болмайды. Өрнектермен кестеленеді. Тақияны асыл матадан, түрлі жіптермен әшекейлеп тігеді.

Қамзол – әйелдердің асыл маталардан әшекейленіп тігілетін сырт киім. Алтын, күміс зерегрлік бұйымдары тағылады. Жағасында, етегіне қымбат жіптен өрнектер салады. Қамзол жағалы, жеңді және жеңсіз болады.

Жаулық – әйелдердің бас киімі. Олардың ажары, беделі, көркі. Жаулық шашты, мойынды, иықты арқаға дейін жауып тұрады. Егде әйелдер кимешек киген, от түрлі-түсті ою-өрнектері болады.

Қазақша көйлек – әйелдер киімі, түсі ашық қымбат маталрдан тігіледі. Тік жағалы, жеңді, етегі ұзын болған. Мұндай көйлекті қос етек көйлек дейді. Көйлектің сыртынан ою-өрнек салынған, асыл тастармен безендірілген бешпет киеді.

10 Билет. Ұлттық мерекелер.

Қазақ халқы да – думаншыл,сауықшыл ел.Ұлттық дәстүрдің бірі той болып табылады.Той-ізгіліктер мен жақсылықтарды,озық дәстүрлерді жаңғырып отыратын тәлімі мол мереке.Мерекенің екі түрі бар:бірі-үкіметіміздің ресми түрде бекіткен тойлар,екіншісі-ресми емес,ұлттық мерейтойлар. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма екісінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде тойланатын Халықаралық Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар. Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланғанжылы; 1998 жыл – мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар. Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл – елімізідің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.