Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык - экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.46 Кб
Скачать

4 Билет. Ұлттық тағамдар.

Әр халықтың өзінің ұлттық тағамдары болады. Ұлттық тағамдар тарихи көне процесс. «Ас адамның арқауы» деп айтқан қазақ халқы. Қазақ халқының тағамдары үш түрге бөлінеді: ақ(сүт тағамдары), қызыл( ет тағамдары), көк (жеміс).Сүт тағамдары:ірімшік, құрт, май,сүзбе,уыз. Сусындар: қымыз, сүт,айран,шұбат.Ет тағамдары: жал, жая, қарта, қазы, бесбармақ, сорпа.Ұннан жасалатын тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба, нан, жент.Қымыз- халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кұрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол бие сүтінен ашытылады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.Шұбат –бағалы сусын.Ол түйе сүтінен ашытылады. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы әрі қоюлау болады.Бауырсақ- дастарқанның басты асы. Бауырсақ жоғары, сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, құйрық майға құырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей.Қуырдақ- майға қуырған ұсақ ет. Қуырдақты көбінесе ірі қараның сан етінен, қойдың мойын етінен қуырады.Құрт-қой, сиыр сүтінен жасалады. Құртты тамақ есебінде әрі шөл басуға қолданалы.

5 Билет. Ұлттық тағамдар (Арабстан).

Арабстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет. Араб Әмірліктері – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Араб елінің дәстүрлері жеңіл тамағы – шауырма – қаланың әр бұрышында сатылады. Жергілекті десерттер өте дәмді – умм али, эш ассая, мехалабия. Кофе дайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Сан жетпес Арабстан кафелерінен оның дәмін татуға болады. БАӘ – мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдектері мейрамханалар мен сыраханаларда, қонақ-үйлерде ғана сатылады. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде жағажайда алкогольді - мүлдем тыйым салынған.

6 Билет. Ұлттық ойындар.

Халқымыздың күштілікті, ептілікті қажет ететін ұлттық ойындар аз емес. Ұлттық ойындарымыз негізінен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық ерекшелегіне, табиғи орналасу жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан да ұлттық ойындарымызда еңбекке баулу, аңшылық көріністері байқалады, шынықтыру ақылға салу секілді мәнге ие. Қазақ халқында ел арасына кеңінен тараған 200-ден астам ойындар бар көрінеді. Олардың қатарына қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар, қыз қуу, аламан бәйге, теңге алу, аударыспақ, асық ойыны, алтыбақан секілді ойындарды жатқызуға болады.

Аудыраспақ – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде екеуі бірін – бірі аттың үстінеп аударып тусіруі керек.

Бәйге – қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Ойынды жүргізу үшін ара қашықтық белгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі.

Тоғызқұмалақ. Спорттын түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі – табандалыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады. Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған, Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған.