- •1.“Сот шешендігі» оқу пәнінің ұғымы мен мәселелері туралы
- •2.Көпшілік алдындағы сөздің ерекшеліктері, шешендіктің негізгі типтері.
- •3. Ежелгі Шығыстың құқықтық мәдениетіндегі сот сөзінің негізгі көздері.
- •4.Ежелгі Египетте сот сөзінің пайда болуы, ежелгі египеттік көзқарастарда шешндік өнерінің құқықтық және эстетикалық көтерілуінің негіздері.
- •5. Ежелгі Индия және Қытайдағы шешендік трактаттардың сотта сөйлеу мен сот сөзінің жоспарын құруға негіз болуы.
- •6.Антиктік цивилизацияларда сот сөзінің гүлдену кезеңдері.
- •7.Ежелгі Грециядағы соттағы шешендік сөз өнері.
- •8.Афиныдағы шешендік өнері туралы ілім.
- •9.Логографтар мектебінің адвокатура институтының негізі болуы. Ежелгі Грециядағы сот шешендері Горгий, Исократ, Демосфен т.Б.
- •10. Ежелгі Римдегі соттағы шешендік өнері.
- •11. Ежелгі Римдегі сот процессінің процедурасы.
- •12. Цицеронның жұмыстарындағы оның шешендік өнеріне деген көзқарасы. Римнің сот шешендері - Цезарь, кіші Плиний, Цицерон және т. Б
- •13. Орта ғасырлардағы Европа мәдениетінің христиан ілімімен тығыз байланыстығымен ерекшеленуі.
- •14. Орта ғасырларда диалектика мен шешендіктің /риторика/ дамуы. Византияның атақты шешендері - Фома Аквинский, Иоанн Златоуст т.Б.
- •15. Орта ғасырлардағы соттар типтері, олардың ерекшеліктері -
- •16. Шығыс мәдениетінің типтері. Қәдіс - мұсылман шешендігінің негізі ретінде. Мұхаммед қағидаларындағы шешендік сөз жөніндегі ілімдер. Шығыс шешендері - Ғазали, Дәри т.Б.
- •17. Билер сотының ерекшеліктері. Билердің сөздері – халық сөзінің бір жанры ретінде. Қазақтың ұлы би-шешендері - Қазыбек-би, Төле-би, Айтеке-би, Сырым-би т.Б. Абай Құнанбаев
- •18. Франциядағы соттағы шешендік сөздің көздері. Француздық сот
- •19. Ғасырдың екінші жартысындағы Ресей заңгерлерінің соттағы жарыссөздерінің жалпы мінездемесі. Ф.Н.Плевако, н.П.Карабчев-
- •20. Аннтық сот шешендерінің риторикалық тәсілдері. А.Ф.Кони,
- •2 2. Идеологемдік басшылықтың негізіндегі а.Я.Вышинский мен н.В.Крыленконың сот жарыссөздеріндегі-“тоталитаризмң.
- •25. Адвокат-құқыққорғаушылар - р.А.Руденко, я.С.Киселев,
- •27. В.И.Царев, д.П.Ватман с.Л. Ария, и.М.Ксешинскийлердің соттагы жарыссөзі.
- •28. Қазақстаннның прокурорлары мен адвокаттардың соттағы сөздері п.И.Кудрявцев, и.В.Кацай, у.С.Сеиітов, е.Г.Пономаренко,
- •29. Сот ісін жүргізу қағидасының қазіргі сот жарыссөзі талабымен
- •30. Американың оқу жүйесіндегі шешендік /риторика/.
- •31. Американың сот шешендері- т.Джеферсон, п.Генри, р.Ингерсол.
- •32. Американың анттық соты мен соттағы жарыссөз. Сот жарыссөзінің тәртібі.
- •33. Соттағы жарыссөздің адам тәртібінің моделі ретінде теориясы.
- •34. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзі - ұғым мен түрлері, жалпы түсіні Сот жарыссөзінің мағынасы.
- •35. Сот жарыссөзінің композиция-логикалық құрылымы.
- •36. Сот жарыссөзіндегі кіріспе, негізгі бөлімі мен аяқтамасы. Осы
- •37. Айыптау сөз - ерекшелігі мен құрылымы, оның мазмұны мен
- •38. Айыптаудың мәнісі, оның заңдылық тұжырымы мен құқықтық
- •39. Айыптау сөздің композициялық құрылымы.
- •40. Қорғау сөз - құқрылымының жалпы ерекшеліктері. Жалпы ұғым.
- •41. Қорғау сөздегі дәлелдеу шектері.
- •42. Қорғау сөздің негізгі процессуалдық мазмұны мен оның жалпы
- •43. Жарыссөздің риторикалық мүсіндері, олардың түрлерін бөлу, сөздер мен тұжырымдар түрлері. Оларды заңгердің тәжірибесінде дұрыс пайдалану.
- •44. Жарыссөздің тілдік түрлерін даярлау. Құжаттарды дайындау.
- •45.Қосымша дәлелдемелер
- •47.Сот жарыссөзіндегі тіл құралдары, онда тіл байлықтың стилистикасын пайдалану.
- •48. Сот жарыссөзінде тілді дұрыс және заңды пайдалану.
- •49. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзінің лингво-герменетивтік мазмұны.
- •50. Сот жарыссөзі тілдің тарихи және мәдени кереметі ретінде.
- •51. Философиялық және құқықтық герменивитиканың қарым-қатынасы,
14. Орта ғасырларда диалектика мен шешендіктің /риторика/ дамуы. Византияның атақты шешендері - Фома Аквинский, Иоанн Златоуст т.Б.
Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды.
Аквинский Фома — ойшыл, орта ғасырлардағы христиандық саяси тұжырымдаманың негізін салушы. Ол мемлекеттің жағымды рөлін мойындады, оған Құдайдың еркін жүзеге асырушы деп бағалады. Рухани және зайырлы биліктердің арақатынасын жан мен тәннің арақатынасы ретінде қарастырды. Бірақ, рухани билік (шіркеу) мемлекеттік биліктен жоғары тұрғанда ғана шіркеу мен мемлекет қатар өмір сүріп, өзара әрекеттесе алады деген пікірінен танбады. Әйтсе де, оның көптеген пікірлері Аристотельдің саяси ойларымен үндесіп жатыр. Мысалы: Аквинский атамыз мемлекеттік биліктің дербес, табиғи жолмен қалыптасуын жақтады, оған діндарлардың араласуына қарсы шықты. Әсіресе, Аквинский атамыз әрқилы басқару пішімдерінің — монархияның, аристократия мен демократияның лайықты “таза” пішімдерін бойына жинақтаған мемлекетті ұлықтады. Абсолюттік монархия мен саяси монархияның ара-жігін аша түсіндіріп, монарх билігі заң шеңберінде айқындалатын соңғысын, яки, монархияның саяси түрін дәріптеді.
15. Орта ғасырлардағы соттар типтері, олардың ерекшеліктері -
істерінің құпиялылығы мен жариялылықтың жоқтығы және т.б.
Сотта сөйлеудiң маңызы мұнымен ғана шектелмесi анық. Қылмыстық iстi қарау барысында айыпталушы мен қорғаушы оның сипаты мен орындалу амал-тәсiлiне, мақсаты мен ниетiне терең талдау жасап, жасалған қылмыстың сурет-сүлбесiн, яғни болған жағдайды, оқиғаны толық қайта қалпына келтiредi. Олардың жасалған жеке бөлiктерiне тиiстi баға берiп, көпшiлiк алдына сарапқа салуы сотқа қатысушы тұлғалардың талқыланып отырған iстiң мазмұнын терең түсiнуге, көңiл зердесiнен өткiзуге түрткі болып, шығарылған үкiмнiң қаншалықты әдiлдiгiне көз жеткiзуiне мүмкiндiк алады.
Жүрiп жатар сот процесi — шешендiк өнер тағлиматында, бұлттар соғылып, найзағайлар шарпысқан пiкiр-талас, сөз жарыстыру кеңiстiгiн құрайды. Сотқа қатысар екi жақтың мақсаттары мен мiндеттерi, айыптаушы, қорғаушы сөз тезистерi, төрелiк сөздiң атқарар қызметi, түрi мен мазмұны — аталған кеңiстiктiң негiзгi бөлiктерi болып табылады.
Соттық пiкiр-талас, сөз жарыстыру кеңiстiгiнде сотқа қатысушы екi жақтың iскерлiк-дағдысын жетiлдiруге керектi нәрселерге: ақиқатқа жетердегi бiрден бiр айқын жол — диалектикалық бәсеке түрiнде өтетiнiн ұғыну; қарсыластардың қисынды дәлелдерiнiң бiртiндеп қомақты дәлелдемеге айналатынын, олардың ерекшелiктерi мен өзгешелiктерiн жете сезiну; сот шешендiк кеңiстiгiн дау-дамайлы алаңға айналдырмай, қарсы жақтың ақылға сыйымсыз даукестiк мiнез-құлқы белгiлерiн көре бiлу, оған қарсы қоданар иiндi тәсiлдер ойлап табу талаптары жатады.
16. Шығыс мәдениетінің типтері. Қәдіс - мұсылман шешендігінің негізі ретінде. Мұхаммед қағидаларындағы шешендік сөз жөніндегі ілімдер. Шығыс шешендері - Ғазали, Дәри т.Б.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Орта Азиядағы мәдени құбылыстардан қағас қалмай, шығыстың ор¬та¬ға-сыр¬лық мәдениетiнiң жан-жақты дамып, жетiле түсуiне қарахан мемлекетi де ти¬iстi үле¬сiн қосты. Бұған түркi халықтарының талантты перзенттерi Жүсiп Ба¬ла¬са¬ғұн, Махмуд Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ахмед Йүгiнеки шы¬ғар-ма¬шы¬лы¬ғы айғақ бола бастады. Олар сол өлкенiң мәдени өмiрiне сыналай ен-iп,¬ бұ¬рын¬нан қалыптасқан мәдени-әдеби бағытқа белсене араласты. Мұндай май¬талман сөз зергерлерi күнi бүгiнге дейiн еш өзгерiссiз сол күйiнде қол¬да-ны¬лып жүрген та¬лай-талай сөз маржандарын тудырды.
Әбу Мұхаммад әл-Ғазали бірқатар шығармаларында әлемнің мәңгілігі проблемалары, себептілік теориясы т.б. бойынша мұсылман философтарымен, Шығыс аристотелшілері өкілдерімен (Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина т.б.) пікірталасты өрістетті. Философтар көзқарастарына түсініктер жазып, олардың іс жүзінде мұсылман әлеміне таралуына себепкер болды. Ол өзінің басты еңбегі “Ихйа улум әд-динде” (“Діндегі ғылым сәулесі”) діни-филос., этика қағидаларын саралап, онда суннит дәстүршілдігі қағидаларын сопылық түсініктермен үйлестірді (мысалы, шариғатта көрсетілген ғұрыптарды сопылық дәстүрлермен толықтырды). Адам еркі мен жазмыш туралы мәселеде Әбу Мұхаммад әл-Ғазали “таңдап алу” ұғымын (касбаны) дамытады, оған сәйкес адам Алланың ұсынған жақсы-жаман әрекеттерінен өзіне қажетін таңдап алуына ерікті екендігін, бірақ соған орай жауап та беретіндігін айтады. Әбу Мұхаммад әл-Ғазали мұсылмандық ақыл-ойдың дамуына, сондай-ақ орта ғасырлық еуропалық философияға зор ықпал жасады.
