Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

47.Сот жарыссөзіндегі тіл құралдары, онда тіл байлықтың стилистикасын пайдалану.

Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сӛз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сӛйлеуші адам ойын дұрыс жаеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді кӛздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат кӛзделуі қажет: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, кӛркемдік нормаларын сақтап білдіру.

Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сӛз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сӛз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сӛйлеу тілінде қарапайым сӛздер, диалектизмдер, жаргондар, бӛтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, кӛркемдік құралдары кӛркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль 8

түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, ӛткен шақ есімшенің –тін, -тын және -тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен кӛркем әдебиет пен поэзия үшін норма. Жоғарыда айтылған ауызекі сӛйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дӛрекі сӛздер) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ кӛркем әдебиет тілінде, кӛбінесе кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың ӛз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы стилистикалық нормалар ретінде танылады. Демек стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің ӛте дұрыс атап кӛрсеткеніндей, тіл мәдениетінің ӛзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, ӛзіндік категорияларға ие Ал зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа мен елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі. Қысқасы, ӛзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ӛсетін ғылым ғылым саласы болса керек. Тілдік құралдары орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу – тіл мәдениетін арттыратыны сӛзсіз.

48. Сот жарыссөзінде тілді дұрыс және заңды пайдалану.

ҚР Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мем-лекеттік тіл – қазақ тілі. Мемле­кеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарында «Сот ісі мем­лекеттік тілде жүргізіледі, ал, қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мем­лекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады» деген бар. Әрі қарай, осы бапта сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген талап арыз тіліне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді деп айтылады. Яғни, бұл сот жүйесінде мемлекеттік тілдің пайдалану аясының шектеулі екендігін көрсетеді. Себебі, сот ісін жүргізу тілі сот өндірісіне кел­іп түскен талап арыздың қай тілде жазылуына тікелей байланысты болады. Ал, талап арыздың көп бөлігі орыс тіл­інде түсетінін тәжіри­бе көрсетіп отыр. Кейде ол қазақ­шасы нашар қорғаушылар­дың немесе заңгерлердің жазып берген талап арызына да байланысты болып жатады. Сондықтан да сот отырыс­тарын­да орыс тілінде талап арыз берген азаматтар өз пікірін қазақ тілінде айтуға өтініш білдіріп жататын жайттар да аз кездеспейді. Бұл – тілдің қасіреті. Еліміздің әр азаматы өз тілін құр­меттеп, сот өндірісінде қолданыл­уына жеткілікті түрде ықпал етсе, заң сала­сында да мемлекеттік тіліміздің мәр­тебесі өсе берері анық.Сот ісін жүргізу тілі - Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]