Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

12. Цицеронның жұмыстарындағы оның шешендік өнеріне деген көзқарасы. Римнің сот шешендері - Цезарь, кіші Плиний, Цицерон және т. Б

Марк Туллий Цицерон (б. з. д. 106– 46 жж.). Римнiң әйгiлi сот шешенi, ға­­л­ым, заңгер, саяси қайраткер. Ол соңына шешендiк өнердiң теориялық мә­се­­ле­лерi хақында үш ғылыми трактат жазып қалдырған. Цицерон: «ше­шендiк та­ғ­дыры — мемлекет тағдырымен төркiндес. Адамзат бала­сының даналық мәй­­ектерiн толық меңгерген әрi сөздiң ғажайып қуатын өткiр сезiнiп, даңқ тұ­­­ғырына көтерiледi, көптiң құрметiне бөленедi және мемлекетке бақыт әп­ередi, жақсылыққа кенелтедi» деп жазады және шешенде «диалектиктiң тап­қырлығы, философтың ойы, ақынның тiлi, заңгердiң еске сақтау қаб­i­ле­тi,­ трагиктiң дау­сы…» болуға тиiстi. «Шынайы шешен, тума талант халық өм­i­рi мен әдет-ғұ­рып, салт-сана дәстүрлерiне мейлiн-ше жетiк болуы керек» деп­ түйiндейдi.

Риториканың негiзi — философия, стилистика, ойшылдық. Фи­лосо­фия­ның­ өзi мынадай қабаттардан түзiледi жаратылыс құпиясы, ойлаудың нәзiк қыр­­лары, тұрмыс-тiршiлiк пен мiнез-құлық сырлары. Мiне, шешендiк өнер­дiң­ қамтитын аясы осылар. Цицеронның алдындағы өнерпаздар әртүрлi саз-ға ие­ се­гiз түрлi сөйлеу ерекшелiктерiн байқаған: 1) маңызды, 2) кекесiндi, 3) ха­барлы, 4) оралымды, 5) түсiндiрмелi, 6) үзiлмелi, 7) екпiндi, 8) әншейiн. Он­ың­ пiкi­рiн­ше, шешен сөздiң мазмұнын айқындау үшiн қажеттi шарт: 1)  зе­рек­тiк,­ 2) ғы­лым, 3) ынта.

Ғылым сенiң керегiңдi қайдан iздеп, қайдан табатыныңды көрсетiп бере­дi.­ Басқасы талпыныс, ойлау, жiтiлiк, табандылық, зейiн арқылы табылады. Ха­­лықтың асыл қасиеттерi, мемлекеттiк шаралардың аса мәндiлiгi, жиналған топ­­тың құлшыныс-зауқы шешеннiң сөзiне ерекше екпiн, әрлiлiк үстейдi деп жа­­з­ады.

Цицерон адамның еске сақтау қабiлетi табиғаттың сыйы деп қорытады. Сон­­дай-ақ адамның есту қабiлетiне, сөйлеудiң тайға таңба басқандай ан­ық­тық­ сипатына көңiл бөледi.

Цицеронның шешендiк өнерi — көне антик заманындағы өнердiң асқақ би­i­гi. Ол — Еуропа мәдениетiнiң өркендеуiне ықпал еттi.

13. Орта ғасырлардағы Европа мәдениетінің христиан ілімімен тығыз байланыстығымен ерекшеленуі.

Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.

Бастапқы орта ғасырлар кезеңі — Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың («варда» — сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқьшшылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 жылы құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті баста л ып, коне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде қалыптасқан пұтқа табынушылықты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бұл процесс Рим империясы құлағаннан кейін де толастамады. Бұл жағдай — Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бетбейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]