- •1.“Сот шешендігі» оқу пәнінің ұғымы мен мәселелері туралы
- •2.Көпшілік алдындағы сөздің ерекшеліктері, шешендіктің негізгі типтері.
- •3. Ежелгі Шығыстың құқықтық мәдениетіндегі сот сөзінің негізгі көздері.
- •4.Ежелгі Египетте сот сөзінің пайда болуы, ежелгі египеттік көзқарастарда шешндік өнерінің құқықтық және эстетикалық көтерілуінің негіздері.
- •5. Ежелгі Индия және Қытайдағы шешендік трактаттардың сотта сөйлеу мен сот сөзінің жоспарын құруға негіз болуы.
- •6.Антиктік цивилизацияларда сот сөзінің гүлдену кезеңдері.
- •7.Ежелгі Грециядағы соттағы шешендік сөз өнері.
- •8.Афиныдағы шешендік өнері туралы ілім.
- •9.Логографтар мектебінің адвокатура институтының негізі болуы. Ежелгі Грециядағы сот шешендері Горгий, Исократ, Демосфен т.Б.
- •10. Ежелгі Римдегі соттағы шешендік өнері.
- •11. Ежелгі Римдегі сот процессінің процедурасы.
- •12. Цицеронның жұмыстарындағы оның шешендік өнеріне деген көзқарасы. Римнің сот шешендері - Цезарь, кіші Плиний, Цицерон және т. Б
- •13. Орта ғасырлардағы Европа мәдениетінің христиан ілімімен тығыз байланыстығымен ерекшеленуі.
- •14. Орта ғасырларда диалектика мен шешендіктің /риторика/ дамуы. Византияның атақты шешендері - Фома Аквинский, Иоанн Златоуст т.Б.
- •15. Орта ғасырлардағы соттар типтері, олардың ерекшеліктері -
- •16. Шығыс мәдениетінің типтері. Қәдіс - мұсылман шешендігінің негізі ретінде. Мұхаммед қағидаларындағы шешендік сөз жөніндегі ілімдер. Шығыс шешендері - Ғазали, Дәри т.Б.
- •17. Билер сотының ерекшеліктері. Билердің сөздері – халық сөзінің бір жанры ретінде. Қазақтың ұлы би-шешендері - Қазыбек-би, Төле-би, Айтеке-би, Сырым-би т.Б. Абай Құнанбаев
- •18. Франциядағы соттағы шешендік сөздің көздері. Француздық сот
- •19. Ғасырдың екінші жартысындағы Ресей заңгерлерінің соттағы жарыссөздерінің жалпы мінездемесі. Ф.Н.Плевако, н.П.Карабчев-
- •20. Аннтық сот шешендерінің риторикалық тәсілдері. А.Ф.Кони,
- •2 2. Идеологемдік басшылықтың негізіндегі а.Я.Вышинский мен н.В.Крыленконың сот жарыссөздеріндегі-“тоталитаризмң.
- •25. Адвокат-құқыққорғаушылар - р.А.Руденко, я.С.Киселев,
- •27. В.И.Царев, д.П.Ватман с.Л. Ария, и.М.Ксешинскийлердің соттагы жарыссөзі.
- •28. Қазақстаннның прокурорлары мен адвокаттардың соттағы сөздері п.И.Кудрявцев, и.В.Кацай, у.С.Сеиітов, е.Г.Пономаренко,
- •29. Сот ісін жүргізу қағидасының қазіргі сот жарыссөзі талабымен
- •30. Американың оқу жүйесіндегі шешендік /риторика/.
- •31. Американың сот шешендері- т.Джеферсон, п.Генри, р.Ингерсол.
- •32. Американың анттық соты мен соттағы жарыссөз. Сот жарыссөзінің тәртібі.
- •33. Соттағы жарыссөздің адам тәртібінің моделі ретінде теориясы.
- •34. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзі - ұғым мен түрлері, жалпы түсіні Сот жарыссөзінің мағынасы.
- •35. Сот жарыссөзінің композиция-логикалық құрылымы.
- •36. Сот жарыссөзіндегі кіріспе, негізгі бөлімі мен аяқтамасы. Осы
- •37. Айыптау сөз - ерекшелігі мен құрылымы, оның мазмұны мен
- •38. Айыптаудың мәнісі, оның заңдылық тұжырымы мен құқықтық
- •39. Айыптау сөздің композициялық құрылымы.
- •40. Қорғау сөз - құқрылымының жалпы ерекшеліктері. Жалпы ұғым.
- •41. Қорғау сөздегі дәлелдеу шектері.
- •42. Қорғау сөздің негізгі процессуалдық мазмұны мен оның жалпы
- •43. Жарыссөздің риторикалық мүсіндері, олардың түрлерін бөлу, сөздер мен тұжырымдар түрлері. Оларды заңгердің тәжірибесінде дұрыс пайдалану.
- •44. Жарыссөздің тілдік түрлерін даярлау. Құжаттарды дайындау.
- •45.Қосымша дәлелдемелер
- •47.Сот жарыссөзіндегі тіл құралдары, онда тіл байлықтың стилистикасын пайдалану.
- •48. Сот жарыссөзінде тілді дұрыс және заңды пайдалану.
- •49. Қәзіргі замандағы сот жарыссөзінің лингво-герменетивтік мазмұны.
- •50. Сот жарыссөзі тілдің тарихи және мәдени кереметі ретінде.
- •51. Философиялық және құқықтық герменивитиканың қарым-қатынасы,
7.Ежелгі Грециядағы соттағы шешендік сөз өнері.
Грекияда негiзiнен мәдениеттiң аристократиялық түрi дамыды. Басты мақсатқа апарар жол бiлiм жолы болды. Жастар тыңдаушылар ретiнде мемлекеттiк iстер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын. Мұндай бiлiм беру жүйесi белгiлi бiр талаптар мен ережелердi үйренумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмiрге де дайындайды. Демек, грек қоғамының белсендi мүшесi болу, қоғамдық өмiрдiң сан-саласына араласу белгiленген ережелер, талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар — нома (заңдар)» деп атады. Демек, мәдениеттiң мақсаты — адам бойында ойлау, пiкiр айтып пайымдау қабiлетi мен эстетикалық сезiмдi дамыту болды»1. Осындай мәдениет бастауларынан нәр жинаған көңiлi зерек Анақарыс: «Ойын-сауық өмiрдегi басты мақсат емес» деген тоқтамға келедi. Әйгiлi Аристотель өзiнiң бiр сөзiнде оның осы көзқарасын жақтап жазған.
Шындығы сол, Ежелгi Грек жерiнде шешендiк сөйлеу мәнерi, әдiс-тәсiлдерiне арналған көптеген теориялық трактаттардың жазылуы арқасында саясат пен сот дауындағы сөйлеу мәдениетi, төрелiк сөз (судебная речь) мейлiнше биiк сатыға көтерiлдi. Бұл еңбектер әлi күнге дейiн өз маңызын жойған жоқ десек асырып айтқан болмаймыз. Мәселен, шешендiк сөйлеу өнерiне қатысты сөз қонымдылығы мен нанымдылығы, ондағы ой мен мақсаттың айқындылығы, сөйленер сөздiң жүйелiлiгi, құрылымы т. б. салаларының алуан-алуан мәселелерi алғаш рет сол тұстағы айтулы шешендердiң төлтума еңбектерiнде көтерiлдi. Олар өз трактаттарында шешендiк сөз тыңдармандарға ұнап, белгiлi бiр мақсат көздеуге икемделуi қажет дей отырып, сөздi ықпалды-әсерлi ету күшiн арттыратын әдiс-тәсiлдердi iздестiре, қарастырды. Мысалы, Демосфен сөздiң түйдектiлiк, екпiндiлiк ажарын айқындап, айтылу шеберлiгiн сахналық қимылға дейiн жеткiздi. Нақтылай кетсек, сондай тәсiлдердiң бiрi — сол кезде актерлер трагедиялық қойылымдарда ғана қолданылатын қол қимылы едi. Ол сол тұстағы Периклдiң: «Шешен сөйлегенде асқақ қалпын өзгертпей, аракiдiк қана қол қимылын жасау керек» деген сөзiн жетiлдiрдi. Шешендiктi иландыру, шындыққа көз жеткiзу құралы ретiнде қараған, маңызды мәселе туралы тым әртiстене сөйлеудi талғам төмендiгi деп ұнатпаған Аристотельдiң өзiмен айтысқа шықты. Олар көпiрме қызыл сөздiлер мен даурықпаларды, лепiрме, өзiн ұстай бiлмей, орынсыз аласаттанып, ойнақшығандарды жұрт қашанда келеке етедi деп сынады. Сол сияқты шешендер өз сөзiнiң ықпалдылығын арттыруда қас-қабақ, қол, бүтiндей дене қозғалысының мүмкiндiктерiн орайлы пайдалануды игерген. Бiрақ асыра әсiрелiкке ұрынбаған, өлшемiн бiлген. Осындай жағдайда өмiр мен қоғам талап еткендiктен шешендiкке баулып, үйрететiн белгiлi шешендер — Горгий мен Исакраттар өздерiнiң тiлмарлықты ұштауға арналған әйгiлi шешендiк мектептерiн ашты.
